«БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

Хабарландыру

 

                 «БЖЗҚ» АҚ Ашық есік күніне шақырады

 

Тақырып: «Зейнетақы активтерін басқару: Зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланады?»

 

БЖЗҚ 2022 жылғы 28 маусымда Ашық есік күнін өткізеді

 

БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы активтері үздіксіз инвестицияланады және салымшыға жұмыс істейді. Өткен жылдың өзінде ғана 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі таза инвестициялық табыс есебінен зейнетақы жинақтарының өсімі 1,4 трлн теңгеге жетті. Қазақстан Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік – 8,4% инфляция кезінде 11,13%.

Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіретінін еске саламыз.  

Салымшылардың зейнетақы жинақтарының сомасы апта сайын зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижесіне сәйкес қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыс құрамына бағалы қағаздар (салымдар мен басқа операциялар) бойынша сыйақы түріндегі табыс, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау түріндегі табыс, валюталық қайта бағалау түріндегі табыс, сыртқы басқарудағы активтер бойынша табыс және т.б. кіреді.

Ұлттық банкпен қатар 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алатынын айта кетейік. Қазір БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алған соң ИПБ да оларды рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайтынын еске саламыз.

Зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің қалай жұмыс істейтінін білгіңіз келе ме? 28 маусымда өтетін іс-шарамызға қосылыңыз.

 Іс-шараға қатысу үшін ZOOM Cloud Meetings көшірмесін жүктеп алып, тіркелу қажет және төменде көрсетілген өзіне қолайлы уақытты таңдап, 2 әдістің бірін қолдану арқылы қатыса алады.

 

 

 

 

 

 

 

Виртуалды кеңістікте өтетін іс-шараның уақыттары:

 

  • Ұялы телефон арқылы камераны QR кодқа бағыттап, нәтижесінде көрсетілген сілтемеге өту арқылы

 

28 маусым 11:00                                                   28 маусым 16:00

                                                        

 

  • Компьютер немесе ноутбук арқылы ZOOM Cloud Meetings көшірмесіне өтіп, іс-шараның идентификаторын және рұқсат кодын енгізу арқылы

 

Уақыты  11:00

Іс-шараның идентификаторы: 824 6569 9273

                                              Рұқсат коды: 1234

Уақыты  16:00

                Іс-шараның идентификаторы: 816 6742 5744

                                             Рұқсат коды: 1234

 

 

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және Ашық есік күніне қатысқысы келетіндердің барлығын күтеді! 

 

Дата публикации
20 июня 2022