Жаңабазар ауыл округінде елді мекен құру туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

          «Қазақстан Республикасының әкімшілік – аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-ХII заңының 14 бабының 1),4) тармақшаларына және Қазақстан Республиксы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқынын пікірін ескеру қағидалары» №138 қаулысына сәйкес, Жаңабазар ауылы округі Жаңабазар елді мекенін бөлу жолымен, жаңадан құрылған елді мекенге жалпы аумақ халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдай келе бірауыздан «Бейнеткеш» атауын  беру ұсынылды. Ал Жаңабазар ауылы округі Жаңаталап елді мекеніндегі Суықбұлақ көшесіне «Қазақ ССР халқы ағарту ісінің озық қызметкері» төс белгісінің және «Н.К.Крупская» атындағы сыйлықтың иегері, Жаңаталап елді мекенінің тумасы Абдуллаев Айдар Оспанұлының есімін беруді жиналысқа қатысушылардың дауыс беру қорытындылары бойынша бірауыздан мақұлданып хаттамасы түзіліп аудандық маслихат сессиясында қаралуға ұсынылды.

«Жаңабазар ауылы округі әкімі аппараты» ММ

 

Дата публикации
26 мая 2022