
Агенттік Министрлікпен бірлесіп мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында 2022 жылы өтетін онлайн сауалнама айдары әзірленді (https://m.egov.kz/survey/).
Аталған онлайн сауалнама қызмет алушыға ыңғайлы болу үшін ЭЦҚ,
«QR код» және биометриялық деректер тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
Айта кету қажет, сауалнамада әр қызмет алушының осы күнге дейін алған қызметтері бойынша жеке дара бағалау мүмкіндіктері қарастырылған.
Құрметті қызмет алушылар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі 2022 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасымен қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында «Ашық диалог» алаңында онлайн нысанда сауалнама жүргізіп жатыр.
Сауалнамаға белсенді түрде қатысуларыңызды сұраймыз.