Қазығұрт ауданы әкімі Т.Телғараевтың Қазығұрт ауданының
әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндамасының жобасы
Қайырлы күн, құрметті жиналысқа қатысушылар!
Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеудің негізі» атты жолдауында аталған - әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру, жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту, жоғары білім алудың қолжетімдігі мен сапасын арттыру, шағын жеңілдетілген несие беруді көбейту, жергілікті инфрақұрылым жүйелерін дамыту, медицина саласын жетілдіру, биліктің халыққа жақын болу бағыттарында ауданда биылғы жылы бір қатар жұмыстар атқарылды. Кезең-кезеңімен ауданымыздағы шешімін күтіп тұрған мәселелер сіз бен біз болып жұмыс істеуіміздің арқасында өз шешімін тауып келеді.
Енді сіздердің назарларыңызды 2019 жылы атқарған жұмыстар мен алдағы кезде іске асырылатын жұмыстарға аударғым келеді.
Соңғы жылдары ауданымыздың әлеуметтік экономикалық және түрлі салалардағы жетістігі бойынша облыс көлемінде рейтингтік көрсеткіште жоғарғы орындардан көрінуде.
2019 жыл ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін табысты жыл болды деп айта аламын. Атап айтар болсақ:
(1-слайд) Ауданымыздың жалпы өңірлік өнім көлемі 2019 жылы 130 782,1 млн. теңгеге орындалып, 2018 жылмен салыстырғанда 121,6 пайызды құрады (23 261,3 млн. теңгеге артық).
2019 жылы тартылған инвестиция көлемі 19 851,1 млн. теңгеге орындалып, 2018 жылмен салыстырғанда 105,7 пайызды құрады (1072,2 млн. теңгеге артық).
(2-слайд) 2019 жылға аудан бюджетінің жалпы көлемі 22 709,1 млн. теңгеге бекітіліп, бюджетті нақтылау барысында 5 680,1 млн. теңгеге артып, жылдық жоспар 28 389,2 млн. теңгені құрады.
(2-1-слайд) 2019 жылы ішкі кірістер 1 746,7 млн. теңгеге орындалып, 2018 жылмен салыстырғанда 108,0 пайызға (129,4 млн. теңге артық) артты. 2020 жылы ішкі кірістер көлемін 2 028,7 млн. теңгеге арттыру жоспарлануда.
Кәсіпкерлік саласы
(3-слайд) Өңіріміздегі өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын артуына ауданымызда ашылған индустриалдық аймақтың үлесі мол.
Ауданымызда бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 19 өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Осы кәсіпорындармен 2019 жылы 7 840,3 млн. теңгенің өнімі өндіріліп нақты көлем индексі 105,2% құрап отыр. 2020 жылы өндірілген өнім көлемін 7 866,0 млн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
(3-1-слайд) Бүгінгі таңда, «Қазығұрт» индустриялдық аймақта жалпы 10,86 гектар жер телімінде 7,3 млрд. теңгелік 193 жұмыс орнын құрайтын 5 жоба орналастырылған.
(3-2-слайд) Индустриялдық аймақта орналасқан «CG Foods Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі қайта жаңғыртылып, 2019 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Асқар Маминнің қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Жалпы инвестиция көлемі 5,7 млрд. теңге, 2019 жылы 1,1 млрд. теңге инвестиция салынып өндірісті жаңғырту арқылы тез әзірленетін тағамдар шығаратын зауыт 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап тез әзірленетін 10 түрлі «Қазан» және «Wai-Wai» маркалы кеспе өнімін шығаруда. Бүгінгі таңда 80 адам жұмыспен қамтылып отыр. Кәсіпорынның даму жоспарына сәйкес алдағы жылдары жұмысшылар саны 300 жететін болады. Кәсіпорын жылына 1100,0 тонна өнім шығарып, өнімнің 20% Қазақстан Республикасы аумағында, ал 80% Орта Азия елдеріне экспортталатын болады.
(3-3-слайд) «Қазығұрт» индустриялдық аймағында 2 гектар жер телімінде орналасқан «Асыл бастау.кz» ЖШС-ның құны 602,7 млн.теңгелік, 20 тұрақты жұмыс орнын құрайтын «Майсыздандырылған құрғақ сүт және сары май шығару» жобасы 2020 жылдың наурыз айында іске қосылуы жоспарлануда. Өндіріс орнынына Ресейлік және Украйналық құрал-жабдықтар толық орнатылды. Кәсіпорынның жылдық қуаттылығына сәйкес 2000 тонна сүт өнімін өңдейді. Сүт өнімін аудандағы агроқұрылымдардан және халықтан келісілген бағада жинақтап өңдеу арқылы арнайы ыдыстарда құйылған құрғақ сүт, сары май, айран, қаймақ және ірімшік шығару көзделуде. Кәсіпорынға қажетті жұмысшылар тек аудан тұрғындары болады. Сондықтан аудан ақроқұрылымдарын және тұрғындарын аталған кәсіпорынға сүт өнімін өткізуге шақырамын.
Шағын және орта бизнес.
(4-слайд) Мемлекеттік бағдарламалардың қолдау құралдары арқылы ауданымызда шағын және орта бизнес саласы қарқынды дамуда. Атап айтқанда 2019 жылы жалпы құны 1223,9 млн. теңгелік 32 шағын жобалар іске қосылып, 195 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. (Сауда орталықтары, азық түлік дүкендері, балабақшалар, медицина орталығы, жиһаз дүкені, техникалық жөндеу орталығы, монша және т.б.).
2019 жылы жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері саны 10151 бірлікке жетіп, одан жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 9816 бірлікті құрап, жұмыс істеп тұрған субъектілерінің үлесі 96,7% құрады. (2019ж. жоспар 92,0%). Осы бағытта ауданымызда 11795 адам жұмыспен қамтылып, өндірілген өнім көлемі 69 801,5 млн. теңге болып, 2018 жылмен салыстырғанда 137,8% артты (19 078,2 млн. теңгеге артық).
(4-1-слайд) Шағын және орта бизнестің дамуына әрине жеңілдетілген несие қажет. Осы мақсатта мемлекеттік бағдарламалардың қолдауымен қаржы ұйымдары арқылы 2019 жылы 4881 тұлғаға 3508,1 млн. теңге несие берілді. Оның ішінде: «KazMicroFinance» ЖШС тарапынан 4518 тұлғаға 2371,5 млн. теңге, АИО «Оңтүстік» ЖШС және МҚҰ «Ырыс» ЖШС тарапынан 43 тұлғаға 204,3 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ тарапынан 184 тұлғаға 620,6 млн. теңге, «Азиялық неие қоры» ЖШС тарапынан 110 тұлғаға 34,7 млн. теңге, «Оңтүстік несие» ЖШС тарапынан 26 тұлғаға 277,0 млн. теңге несие берілді. Негізгі басым бағыты – ауыл шаруашылық саласын құрауда.
(5-слайд) Өнеркәсіп өнімі көлемінің жыл сайын артуына «ҚР индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасының үлесі мол. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге дейін жалпы 49 жоба қолдау алған болса, одан: 2019 жылы 4 жоба қолдау алып отыр.
(Атап айтқанда: Шарапхана ауыл округінен «Қазығұрт нұры» ЖШС-гі жылыжай шаруашылығын дамытуға алған несиесі субсидиялануда.
Жаңбазар ауыл округінен «АРТ Құрылыс» ЖШС-гі құрылыс саласына алған алған несиесі субсидиялануда.
Қазығұрт ауыл округінен ЖК «Zhakyp IB» Тастанов Нұрсұлтан Жақыпұлы «Сулы дисперсионды бояулар шығару» жобасы конкурсқа ұсынылып ӨҮК-нің шешімімен 3,0 млн.теңге мемлекеттік грант ұтып алды.
Шарбұлақ ауыл округінен «Береке-агро СТК» ӨК-нің бау-бақшаларды дамыту үшін қажетті су құбырын және су қоймасын салу жобасын іске асыруға ӨҮК-нің 29.08.2019ж. №6 хаттамасы негізінде 541,3 млн.теңге бюджеттен қаржы қарау мақұлданды.)
Ағымдағы жылы «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 410 адам оқытылды. Одан: «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек"» мемлекеттік бағдарламасы аясында 268 тұлға 921,5 млн. теңге несие алып өз кәсіптерін бастап, кәсіпкерлікпен айналысуда.
(6-слайд) Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер» жобасы аясында ауданның 18-29 жас аралығындағы 199 - жас азаматтар және 136 - көп балалы аналар, 19 - мүмкіндігі шектеулі жандар, жалпы 354 - адам шағын кәсіптерін ашу үшін 505,0 мың теңгеден қайтарымсыз мемлекеттік грант алып отыр.
(7-слайд) Ауданда туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Осы орайда ауданда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.
Бұл салада ауданда бірқатар туристік нысандар бар.
Атап айтқанда:«Ақбура әулие», «Ысмайыл ата», «Ысқақ ата», «Көктен ата», «Есенаман қалпе», «Жылқышы ата», «Жақсығұл мерген» кесенелері және «Кеме қалған» монументі.
Туристік нысандарды жаңғырту мақсатында, Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысмайыл ата» кесенесі аумағында орналасқан «Қошқар ата» кесенесін «Қазқайтажаңарту» РМҚ Түркістан филиалы арқылы 30,0 млн. теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді. 2019 жылы кіру туризмі 1675 адамды құрады. Оның ішінде: 386 сыртқы, 1289 ішкі туристер.
«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Өгем филиалында экологиялық туризм саласы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумаққа шекаралас орналасқан елді мекендердің тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында 11 рет туристік-экологиялық сауаттылық сабақтары мен түсіндірме әңгіме лекциялары және аудан тарихын насихаттау мақсатында аудандық музейге «Музей түні» экскурсиясы ұйымдастырылды.
«Жастар жылына» орай «Сайрам-Өгем» ұлттық мемлекеттік паркіне қарасты Өгем тауына саяхат ұйымдастырылды. Өгем тауының 2900 метр биіктікке орналасқан шыңға «Жастар шыңы» атауы берілді.
Ауыл шаруашылығы
Ауданымыз аграрлы, сондықтан, ауыл шаруашылығының дамуына ерекше назар аударудамыз.
(8-слайд) 2019 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 38743,5 млн. теңгеге орындалып (мал шаруашылығы – 25 517,5 млн. теңге, өсімдік шаруашылығы – 13 131,9 млн. теңге), 2018 жылмен салыстырғанда 3 235,1 млн. теңгеге артық өнім алынды. Өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 103,1 пайызды құрап отыр.
(8-1-слайд) Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі бойынша тапсырма 3000,0 млн. теңгеге жеткізу болса, нақты 3 038,1 млн теңгеге, яғни 101,3 пайызға артық орындалды.
Тамақ өнімдері өндірісінің негізгі капиталына тартылған инвестициялардың нақты көлемінің индексі тапсырмасы 1512,0 млн. теңгеге жеткізу болса, орындалғаны 1 558,7 млн. теңге болып 103,1 пайызға орындалды.
(9-слайд) 2018 жылы өңіріміздегі егіс көлемі 83 983,1 гектарды құраған болса, 2019 жылы егіс көлемі 84 526,8 гектарға артты.
2019 жылы дәндік жүгеріден 2167,9 тонна, бұршақты дақылдардан 355,8 тонна, мақсарыдан 8598,5 тонна, күнбағыстан 758,5 тонна, көкөністен 12 672,7 тонна, бақшадан 3619,6 тонна, ақтүйнек 8070 тонна өнім жиналды. Бидайдың орташа өнімділігі 24,5 центнерді құрады.
Өсімдік шаруашылығы бойынша жеңілдетілген бағада жерді босатуға 1599 тонна аммиак селитрасы сатып алынды. Мал шаруашылығы саласы бойынша 624,6 млн. теңге субсидия берілді.
(9-1-слайд) Ауыл шаруашылығын өнімдерінің түсімін одан әірі жоғарылату үшін оның материалдық техникалық базасының маңыздылығы өте зор. Үш жақты келісім бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша жоспар 72 бірлік болса, орындалғаны 72 бірлік, яғни 100,0 пайызға орындалды.
(10-слайд) Өңіріміздің көкөніс, бақша дақылдары еліміздің барлық облыстарына жөнелтіліп қана қоймай, сондай ақ 2019 жылы Өзбекстан Республикасына 4080 тонна бидай және 805 тонна ет, Қытай Халық Республикасына 500 тонна өсімдік майы және Ресей мемлекетіне 25 тонна лимон, 22 тонна шұжық өнімдері экспортталды, яғни экспорт өткен жылмен салыстырғанда 17,8 пайызға артты.
Бұл жетістіктерді тұрақты дамыту үшін ауданымызда егіс көлемін ұлғайту, игерілмеген жерлерді игеру, заманауи технологиямен тамшылатып суғару әдісін кеңінен енгізу, жылыжай және қарқынды бау егу, мал басын асылдандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
(11-слайд) Тамшылатып суғару әдісі бойынша 2018 жылы қосымша 500 гектарға ендірілді. Ал 2019 жылы 561 гектар ендіріліп, жалпы көлемі 4048 гектарға жетті.
2018 жылы 29 гектарға, 2019 жылы 26,01 гектарға қосымша жылыжай ұлғайтылып, оның жалпы көлемі 156,01 га жетті. Осы жылыжайлардан 2019 жылы 39,8 мың тонна көкөніс, 100 тонна лимон, 840,0 мың дана гүл өнімдері жиналды.
(12-слайд) 2018 жылы ауданда 9050 бас мал бордақыланып, 22900,6 тонна ет өндірілсе 2019 жылы 12000 мың бас бордақыланып 23 876,5 тонна ет өндірілді. 2019 жылы 43 мал бордақылау алаңдары ашылып, жоспар 100 пайызға орындалды.
Шағын жанұялық сүт фермаларын ашу бойынша 2019 жылдың қорытындысымен 29 бірлік ашылып, меже 100,0 пайызға орындалды.
2018 жылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Жұртшылық табынға асыл тұқымды бұқа» бағдарламаларының аясында 2611 мал басы сатып алынса, 2019 жылы 3851 мал басы алынды.
(13-слайд) 2020 жылдың 1-қаңтарына ірі қара мал басы 81,8 мың басқа, қой-ешкі 343,3 мың басқа, жылқы 33,2 мың басқа, құс 92,2 мың бірлікті құрады.
Мал өнімдері 2019 жылы сүт 56 196,1 тн. жұмыртқа 7 174,9 мың дана өндірілді.
(13-1-слайд) Бұның айқын нәтижесі ретінде 2019 жылы облысымызда қараша айында өткен «ALTYN-KUZ-2019» ауыл шаруашылығы мерекесі өтіп, аудан диқандарының қажырлы еңбегінің арқасында «Астық өндіруші озат аудан», «Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындаған» номинациясы бойынша жүлделі 3-ші орынға ие болдық.Сондай-ақ «Озат астық өндіруші» номинациясы бойынша «Сапа-2002» ЖШС,«Озат жүзім өсіруші» номинациясы бойынша «Аманкелді» ЖШС марапатталды.
(Жалпы, ауыл шаруашылық саласында 2020 жылы «Үш-жақты келісім» даму көрсеткіштерін жылдың қорытындысымен толық орындалуын қамтамасыз ету үшін төмендегі жұмыстарды атқаруға тиістіміз.
- Жылына екі-үш өнім алу технологияларын қолдану.
- Жер өңдеудің озық технологияларын пайдалану.
- Тамшылатып және жамбырлатып суару технологияларын пайдалану.
- Жылыжай, кіші мал бордақылау және сүт фермалар көлемін көбейту.
- Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өндеуді дамыту.)
Білім беру саласы бойынша
(14-слайд) Ауданда 71 жалпы білім беру мекемелері, 2 мектептен тыс қосымша білім беру мекемесі, 13 мемлекеттік, 64 жекеменшік балабақша жұмыс атқаруда.
2019-2020 оқу жылында білім ордаларында 29 211 оқушы білім алуда.
Мектептегі оқушылардың білім сапасының нәтижесі Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша анықталады. Аудан бойынша ҰБТ-ның орташа балы 2019 жылы 77,2 балды құрады. 2018 жылмен салыстырғанда 101,3 пайызға жоғарылаған.
Ауданда мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің желісі ұлғайтылуда. 2019 жыл соңына 82 (77 балабақша,5 шағын орталықта) мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемелерінде 1-6 жастағы 9010 баладан 3-6 жастағы 7500 бала балабақшаларға қамтылды. Бүгінгі күнге 3-6 жастағы кезекте тұрған бала жоқ (6376-ы жекеменшік балабақшада, 1124-сі мемлекеттік балабақшада , 110 бала 5 шағын орталықта).
(14-1-слайд) Апатты мектептердің мәселесі де оң шешімін тауып келеді. Апатты деп танылған Жаңабазар ауыл округіндегі Жылыбұлақ, М.Әуезов жалпы орта мектептерінің 2018 жылы республикалық бюджетен жалпы 1 665,8 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары басталып, 2019 жылы пайдалануға берілді.
2018 жылы облыстық бюджеттен 200 орындық Заңғар, 150 орындық Тілектес жалпы орта мектептерінің құрылысына жалпы 1 241,4 млн. теңге қаралып, 2019 жылы пайдалануға берілді.
Сонымен қатар аудандық бюджеттен 705,6 млн. теңгеге Аққұм және Құларық елді мекендерінен 100 орындық 2 мектептің құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп, пайдалануға берілді.
2020 жылы облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңге 200 орындық К.Әзербаев жалпы орта мектебінің құрылысына, жергілікті бюджет қаражаты есебінен 126,7 млн. теңгеге 100 орындық Айнатас мектебінің құрылысына қаржы қаралып, құрылысы жұмыстарын бастау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2019 жылы облыстық бюджеттен 3 мектепке жалпы 500,0 млн. теңге қаралып, өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары жүргізілуде (Қазығұрт ауыл округі, Ащыбұлақ мектебіне қосымша 2 оқу корпусы, 1 спорт залы және асхананың құрылысы, Тұрбат ауыл округі Өндіріс елді мекенінен 200 орындық «Ақпарақ» мектебінің құрылысы, Қазығұрт ауыл округі Қазығұрт елді мекенінен 200 орындық мектептерінің құрылысына жалпы 2019-2020 жылдарға 1028,5 млн. теңгеге қаралды).
2019 жылы 11,9 млн. теңгеге 2 білім беру мекемелері (Көкібел е.м. Көкібел ЖОМ, Шарапхана е.м. Ы.Алтынсарин ЖОМ) газбен қамтамасыз ету бойынша құрылыс жұмыстары жүрізіліп, пайдалануға берілді. Сондай-ақ 5,9 млн. теңгеге 2 мектепті (Қарабау а/о А.Оразбаева ЖОМ, Жігерген а/о Құдайназаров ЖОМ) газбен қамтамасыз етуге ЖСҚ әзірленді.
2019 жылы 17,4 млн. теңгеге 10 мектептің құрылысына (Қызылқия ауыл округі 100 орындық Айнатас мектеп құрылысы, Қызылқия ауыл округі 100 орындық «Т.Қалқаұлы» мектеп құрылысы, Шарапхана ауыл округі, Майлыошақ елді мекенінен 300 орындық А.Байтұрсынов мектеп құрылысы, Қ.Абдалиев ауыл округі, Рабат елді мекенінен 200 орындық П.Тәжібаева мектеп құрылысы, Жаңабазар ауыл округі 200 орындық К.Әзірбаев мектеп құрылысы, Қ.Абдалиев ауыл округі, Амангелді мектебіне қосымша ғимарат құрылысы, Жаңабазар ауыл округі, Бейнеткеш елді мекенінен 200 орындық Ә.Акабаев мектеп құрылысы, Қазығұрт ауыл округі, Болашақ мөлтек ауданынан 300 орындық мектеп құрылысы, Қақпақ ауыл округі, Сырлысай елді мекенінен 200 орындық мектеп құрылысы, Қ.Абдалиев ауыл округі, Еңбекші елді мекені «Еңбекші» ЖОМ 100 орындық типтік қосымша оқу ғимараты құрылысы) жобалық сметалық құжаттарына сараптама қорытындысы алынуда.
2019 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Қазығұрт елді мекенінде 45,7 млн. теңгеге 2 балабақша (Шолпан, Болашақ), 55,9 млн. теңгеге 2 мектеп (Қ.Сатпаев мектебі, Т.Рұсқұлов мектебі) ағымдағы жөндеуден өткізілді.
2019 жылы 234,6 млн. теңгеге 2 мектеп (Ө.Жамалов, Қызылдихан) күрделі жөндеуден өткізілсе, 5,9 млн. теңгеге Атбұлақ мектебі ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Денсаулық сақтау саласы
(15-слайд) Ауданымызда денсаулық сақтау саласы оң көрсеткіштерге ие. Аурухана құрамына барлығы 55 емдеу алдын алу мекемелері кіреді. Әлеуметтік маңызы бар онкологиялық (Қазығұрт–31,3) және туберкулез (Қазығұрт–0,9) ауруларының өлім-жітім көрсеткіші жыл сайын тұрақты төмендеуде. 2019 жылы 186,5 млн. теңгеге науқастар тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Ауданымыздың басты бағыты ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады. Ағымдағы жылы 2789 бала туылып, 1000 балаға есептегенде көрсеткіші 26,4-ті құрады. Онкологиялық ауруларының өлім көрсеткіші 2019 жылы 100 мың халыққа шаққанда 31,2-ні құрады.
(15-1-слайд) 2019 жылы Қызылқия ауыл окургі Тұғыртас елді мекенінен 30,0 млн. теңгеге 1 модульдік медициналық трек салынып, пайдалануға берілді.
2020 жылы облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңгеге орталық емхананы күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Спорт саласы
(16-слайд) Cпорт саласы бойынша да өңірімізде айтарлықтай жетістіктер мен өзгерістер орын алуда. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 2019 жылы 31 980 адамға жетіп, аудан халқының 31,1% құрап отыр.
Жалпы спорт нысандарының саны 2019 жылы 285–ке жетті. (4 спорт кешені, 7 спорттық манеж, 62 спорт зал, 16 ату тирлері, 196 спорт алаңдары мен алаңшалары, 1 спорттық ядро бар).
Салауатты өмір салтын қалыптастыруда аудан бойынша 2019 жылы 377 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 27 527 адам тартылды.
Аудан спортшылары облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жалпы 2019 жылы 62 алтын, 81 күміс, 108 қола медальға қол жеткізді.
(16-1-слайд) 2019 жылы Елбасының бастауымен басталған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында орталық футбол алаңы 67,4 млн. теңгеге ағымдағы жөндеуден өтті.
2020 жылы Жаңабазар еді мекеніндегі №3 (Жігер) спорт мектебін, Тұрбат, Шарбұлақ футбол алаңдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 7,0 млн. теңге қаржы қаралды.
Мәдениет және тілдерді дамыту бойынша
(17-слайд) Мәдениет үйлерi мен клубтарда, кiтапханаларда қазiргi уақыттың талабына сай тұрғындарға мәдени демалыс, тынығу қызметiн арттыру жұмыстары жылдан жылға артып келеді. Атап айтқанда: мәдениет сарайына қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар мен кітапханаларда 720 көпшілік іс-шаралар аудан тұрғындары мен қонақтарына ұйымдастырылып өткізілді. Осы мәдени іс-шарларға талдау жасасақ: ресми, кәсіби мерекелерге 82, рухани жаңғыру бағытында 85, мүмкіндігі шектеулі жандар мен қарттарғаға арналған 32, кәмелеттік жасқа толмағандар мен жастарға 105, облыстық байқаулар 3, аудандық байқаулар 25, кездесулер мен танымдық кештер, мерейтойлар және т.б. тақырыптарда көптеген іс шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Осы іс-шараларды тамашалауға 32 мың көрермен қатысты.
Аудан тұрғындарына, жас дарынды өнерпаздарды қолдау, олардың шығармашылығына көмек көрсету мақсатында барлық мәдениет үйлері мен мәдениет клубтарында құрылымдық 55 үйірме жұмыс істеуде, оған 780 адам қатысуда. Осы үйірме жұмыстарының жүйелі, жоспарлы жұмыс істеу нәтижесінде ауданның көркемөнерпаздар ұжымының жұмысы жылдан жылға артып жақсарып келеді.
(17-1-слайд) 2019 жылы «Ауыл –Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 29,4 млн. теңге қаржы қаралып, аудандық мәдениет сарайы мен орталық кітапхана ғимараттары ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Қатты және сұйық отынмен жылытылатын Қызылқия, Тұрбат, Cарапхана, Үшбұлақ, Жаңабазар және Көкібел ауылдық мәдениет үйлеріне аудан бюджетінен 31 млн. теңгеге табиғи газ тартылып, іске қосылды.
2020 жылы Шарбұлақ, Рабат, Алтынтөбе ауылдық мәдениет үйлерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысына аудан бюджетінен 45,7 млн. теңге қаржы қаралды.
2020 жылы Шанақ, Жігерген, Сынтас, Алтынтөбе ауылдық мәдениет үйлерін салу үшін, Қазығұрт елді мекенінен 500 орындық мәдениет үйі және Орталық мұражай құрылысына жобалық сметалық құжаттары жасалынып, қаржы бөлу үшін облыстық басқармаларға ұсынылды.
Жұмыспен қамту саласы
(18-слайд) «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасына 4364 адам жоспарланса, нақты 4715 азамат тартылып жылдық жоспар 108% орындалды. Ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,0% құрап, жұмыссыздар саны 2428 адамды құрады.
Өткен 2019 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспары 90 адам болса, 154 азамат жұмысқа орналастырылып, жоспар 171 пайызға орындалды.
2019 жылы 791 жекелеген санаттағы азаматтар демалыс орындарына жіберілді. Мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандар қажетті 76 қол арбамен қамтамасыз етілді.
2018 жылы аудан бюджетінен тұрғын үй көмегіне 439 отбасына 18,5 млн. теңге берілді, ал 2019 жылы 429 отбасыға 19,8 млн. теңге тұрғын үй көмегіне тағайындалып, қаралған қаржы толық игерілді.
(18-1-слайд) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында демеушілер тарта отырып, аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, 2019 жылға барлығы 420 отбасыға 40,8 млн. теңге тұрғын-үй, қаржылай және азық-түліктей көмек көрсетілді. (Жаңабазар ауыл округінің тұрғыны «Қайып ата» ЖШС директоры С.Ертаев өз есебінен аз қамтылған мұқтаж 5 отбасыға барлығы 37,0 млн. теңгеге тұрғын үй салып берді.)
Түркістан облысының «Қамқорлық» бағдарламасы аясында ауданда өмірлік қиын жағдайға тап болған 86 отбасының тізімі жасалынып, оған қоғамның белсенді өкілдері, аға буынның құрметті азаматтары, кәсіпкерлер бекітіліп, бүгінгі күнге 14 отбасына 379,0 мың теңгенің азық-түлік және киім-кешек көмегі көрсетілді.
(19-слайд) 2018 жылы 2662 отбасына 984,0 млн. теңгеге жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсе, 2019 жылға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 3 782,0 млн. теңге қаржы қаралды. 2019 жылы жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген 4653 отбасының ішінде шартты түрде 4274 отбасына көмек көрсетілді.
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында 2019 жылы 100 маманға 17,7 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы, 40 маманға 151,5 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді.
2020 жылы 120 маманға 31,8 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы, 50 маманға 198,8 млн. теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беріледі.
Жастар саясаты
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мәдени іс-шаралар
Жастарға арналған бағдарламаларды түсіндіру
Бүгінде Қазығұрт ауданы бойынша 14 пен 29 жасқа дейінгі жастар саны 32125 құрайды. Түрлі сала бойынша жастардың көрсеткіштерін саралайтын болсақ 10102 мектеп жасындағылар, 748-і білім, 237-і денсаулық сақтау салаларында, 6438-і студенттер, 492-і кәсіпкер, 305-і жұмыссыз, 12065-і өзін-өзі және түрлі салада жұмыспен қамтығандар, мемлекеттік қызметте 67, ауыл шаруашылығымен 1671 жас айналысады. Жыл көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Жастар орталығы 9 бағыт бойынша 347 іс-шара өткізді.
Инфрақұрылым жүйесі
2019 жылы аудандық инфрақұрылым жүйесін дамыту бойынша халық игілігіне қызмет ететін бірқатар жұмыстар атқарылды.
Автомобиль жолдары бойынша
Мемлекет басшысы Жолдауда жолдардың құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
(20-слайд) 2019 жылы республикалық бюджет есебінен «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 9 көшеге (12,7 шқ) 400,9 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы 1 елді мекеннің ішкі жолдары 324,1 млн. теңгеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
2019 жылы аудандық бюджет есебінен 21 көшеге (44,6 шқ) 2019-2020 жылдары өтпелі кезеңмен 713,7 млн. теңге қаржы қаралған. 2019 жылы – 439,5 млн теңгеге жұмыстар жүргізіліп, 2020 жылы – 250,0 млн теңге қаржыға жұмыстар жүргізілетін болады, оның ішінде 12 көше (24,6 шқ) пайдалануға берілді.
Облыстық бюджет есебінен 23 көшеге (17 шқ) 385,1 млн.теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Аудандық бюджеттен 5 елді мекенде (Шарбұлақ, Өндіріс, Тесіктөбе, Жеңіс, Сынтас) көпірлердің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ-ы әзірлеуге 31,0 млн теңге және 3 (Ақжар-Шанақ – Шанақ бекеті, Шанақ-Бақабұлақ, Қазығұрт-Тұрбат-Өндіріс-Қақпақ) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеуге ЖСҚ-ы әзірлеуге 26,9 млн теңге, жалпы 57,9 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.
2020 жылы аудандағы 812,5 шақырым ішкі көшелердің 62,8% қанағаттанарлық жағдайда болады.
Ауыз су бойынша
(21-слайд) Аудан бойынша 64 елді мекеннің бүгінгі таңға 42 елді мекені ауыз су құбырымен қамтылған. Шарапхана елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету құрылысы мердігер тарапынан толық аяқталды. 2018 жылы 8 елді мекенге (Ескі Шанақ, Жұмысшы, Жаңаталап, Тесіктөбе, Жігерген, Дихан, Талдыбұлақ, М.Өтемісұлы) орталықтандырылған су құбырын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы қаралып, 2019 жылы 7 нысанның (Ескі Шанақ, Жұмысшы, Жаңаталап, Жігерген, Дихан, Талдыбұлақ, М.Өтемісұлы) құрылыс жұмыстары аяқталу үстінде. Елді мекеніндегі ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылға өтпелі.
2019 жылы облыстық бюджеттен 6 (Қарабастау, Заңғар, Майлыошақ, Қызылсеңгір, Тұғыртас, Ақбастау) елді мекеннің құрылысы басталды және жобалық сметалық құжаттары әзірленген 3 елді мекенге (Жеңіс, Саяжай, Аққұм) республикалық бюджеттен 502,8 млн. теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстар жүргізілуде. Нысандар 2020 жылғы өтпелі.
Шанақ ауыл округі Ызабұлақ, Шанақ бекеті елді мекендерінің ауыз су құрылысы жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, салалық басқармаға қаржы бөлдіру үшін ұсыныс берілген.
2019 жылы 64,2 млн теңгеге 6 (Рабат, Амангелді, Үшбұлақ, Қызылбұлақ, Қазығұрт е.м №1 және №2 суқоймалары, Сырлысай е.м. су жүйесінің мембранасы) елді мекенге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2019 жылы 107,2 млн. теңгеге 5 (Қақпақ, Қызылата, Жаңажол, Шарбұлақ, Қаржан,) елді мекендерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2023 жылы ауыз сумен қамтылған елді мекен саны 61-ге жетіп, 95,3% құрайды.
Табиғи газбен қамту
(22-слайд) Елді мекендерді газдандыру жұмыстарына (32 шқ) 2018 жылы облыстық бюджеттен 890,581 млн. теңге қаржы бөлініп, оның ішінде 46,8 млн.теңге 2019 жылға өтпелі болған. Қазіргі күні құрылыс жұмыстары аяқталып, нысанды қабылдау құжаттары рәсімделуде. Ауданда 2018-2020 жылдары 14 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету құрылыс жұмыстарына жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
2021 жылы табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 61-ге, яғни аудан халқының 95,3 пайызға қамтамасыз ету жоспарлануда.
Электр қуатымен қамту
(23-слайд) Аудандағы 63 елді мекен орталықтандырған электр желісіне қосылған және 1 елді мекен дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген.
2019 жылы 2-елді мекенде (20,0 шқ) және 1-көшеде (1,7 шқ) (Жаңабазар а/о Жылыбұлақ, Қызылқия а/о Айнатас, Қ.Абдалиев а/о Айнатас е.м. Жарбастау көшесі) жалпы 212,9 млн. теңгеге (2019 ж - 42,6 млн. теңге, 2020 ж- 170,3 млн. теңге) электр қуатымен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстары жүргізіліп, Қ.Абдалиев ауыл округіндегі Жарбастау көшесі пайдалануға берілді. 2 нысан 2020 жылға өтпелі.
2019 жылы 6 елді мекенге (52 шқ) (Жаңабазар а/о Тілектес, Қарабастау, Қ.Абдалиев а/о Рабат, Қазығұрт а/о Ащыбұлақ, Қарабау а/о Жұмысшы, Сынтас) электр жүйелері бойынша жобалық сметалық құжаттамалары әзірленіп, 2020 жылы 510,8 млн. теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін салалық басқармаға ұсыныс берілді.
(23-1-слайд) 2019 жылы 7 ауылдық округте (9,4 шқ) (Қақпақ а/о Д.Қонаев көшесі, Қызылқия а/о Д.Болыс, Аширов көшесі, Тұрбат а/о Е.Исақұлов, Бөрібекұлы көшесі, Жаңабазар а/о Оспанов, Баратов, Ханалы, Н.Әлібеков көшесі, Қарабау а/о Лесұлы, Ержанов, Құрымбаев көшесі, Алтынтөбе а/о Қосанбаев көшесі, Шарапхана а/о Алтынсарин, Бұлбұл көшесі) 47,1 млн. теңгеге жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Аудан орталғындағы мектеп, бала-бақша, Фап және тағы басқа әлеуметтік нысандарға баратын 17-көшенің сметалық есептері әзірленді. 2020 жылы қаржыландыруға ұсынылды.
2019 жылы «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы есебінен Қарабау ауыл округі Жұмысшы елді мекенінің электр энергиясы жетіспейтін аумақтарды электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 250 кВа-лық 3 трансформатор орнатылды, 1,8 шқ 10 кВ және 6,8 шқ 0,4 кВ (СИП) электр желілері тартылды.
2019 жылы аудан көлеміндегі елді мекендерде 45,57 шақырым ескі электр желісі жаңа электр желісіне және 1067 дана электр бағаналары және 12 дана трансформатор ауыстырылды, 1 дана жаңадан трансформатор қойылды. Бұл жұмыстар биылғы жылыда жалғасын табады.
Аудан халқының күн санап өсуіне байланысты, өңірімізде көпқабатты үйлер салынуда
(24-слайд) Қазығұрт ауыл округінің орталығынан жеке кәсіпкер «Куат Құрылыс» ЖШС-гі тарапынан 2 қабатты 10 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысы аяқталып, ЖБ 56,9 млн.теңге қаралып, мемлекеттік меншігіне сатып алынды. Қосымша 2 қабатты 10 пәтерлі 1 тұрғын үй құрылысы жоспарлануда.
Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үйге мұқтаж 504 отбасы бар. 2019 жылы 4 ауылдық округтен 2 пәтерлі 2 тұрғын үйлер құрылысына (жалпы 8 пәтер) 22,4 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда сараптама қорытындысы алынуда.
Қ.Әбдалиев ауылдық округі, Атбұлақ елді мекенінде 17 пәтерлі, 1 қабатты қызметтік тұрғын үй құрылысы 2018 жылы басталып, 2019 жылы пайдалануға берілді.
Қоғамдық қауіпсіздік
(25-слайд) 2019 жылы қылмыстар саны 356 бірлікті құрап, 2018 жылмен салыстырғанда 21,8 пайызға төмендеді. Оның ішінде: тонау 33,8 пайызға, бұзақылық 55,8 пайызға, жасөспірімдер арасындағы қылмыс 41,7 пайызға төмендесе, адам өлтіру 2 есеге, денсаулыққа зиян келтіру 50 пайызға, алаяқтық 33,3 пайызға артқан.
2019 жылы аудан орталығындағы аудандық полиция бөлімінің кіші басқару орталығы және фронт-кеңсе ғимараты салынып, 2020 жылы жұмысын толық бастайтын болады.
Қоғамдық саяси ахуал бойынша
(26-слайд) Ауданымызда 16 ұлт өкілінен тұратын қоғамдық саяси ахуал қалыпты жағдайда ұсталуда. Ұлт аралық және діни тұрақтылықты бұзатын келеңсіз жағдайлар мен оқыс оқиғалар орын алған жоқ. Қоғамдық саяси ахуал мен ұлт аралық татулықтың сақталуына аудан халқы бір кісідей қызмет етіп келеді. Тұрақтылықтың қалыпты жағдайда болуына қоғамдық ұйымдар, ардагерлер, билер, әжелер, әйелдер кеңестері, жастарымыз, мәдени ұйымдарымыз бен саяси партия мүшелері өз үлестерін қосып, ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық дамуы жолында бірлесе еңбек етіп келеді.
Абаттандыру жұмыстары бойынша
Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт елді мекені Д.Қонаев көшесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 59,3 млн. теңге қаржы бөлініп, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
2020 жылы аудан бюджеті
2020 жылы аудан бюджеті 23 716,3 млн. теңге болып бекітілді. Оның ішінде: тұрақты шығындарға – 19 569,0 млн. теңге, материалдық –техникалық базаны нығайтуға – 220,9 млн. теңге, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 1 043,9 млн. теңге, даму бюджеті (құрылыс жұмыстарына) бойынша – 2 882,5 млн. теңге қаралды.
Құрметті жиынға қатысушылар!
Жоғарыда атап өтілген көрсеткіштер мен алға қойылған тапсырмаларды ескере келе, алдағы уақытта да Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саясатын жүзеге асыру мақсатында қажымай жұмыс жасай береміз. Сондай-ақ мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және Қазығұрт ауданы тұрғындарының әлеуметтік мәселелелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді толық пайдаланатын болады.
Назарларыңызға рахмет!