Аудан әкімі А.А.Абдуллаевтың Қ.Абдалиев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуіндегі өзекті мәселелер

Аудан әкімі А.А.Абдуллаевтың Қ.Абдалиев ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуіндегі

өзекті мәселелер

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Ескерту

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

 

Атбұлақ елді мекенінде орналасқан Ибрагимов, Жүнісбек ата көшелеріне электр жарығы жүргізілсе.

РБ, ОБ

қаржы бөлу

2022-2023 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

«Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округы, Атбұлақ ауылының 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысы» нысанының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, 2022-2023 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу үшін салалық басқармаға ұсыныс берілді.

 

Ақбура бұлақ көзінен резервуар салынама.

Нысанды пайдалануға беру

2022-2023 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Ақбура бұлақ көзінен 1000 м3 тық 2-дана ауыз су қоймасын салу құрылысы нысанының ЖСҚ-әзірленіп, сараптама қорытындысы 2021 жылы алыған. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып құрылыс жұмыстары басталуда.

 

1.      Болашақ көшесін ауыз сумен қамтамасыз етсеңіз.

ЖБ

қаржы бөлу

2022-2023 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Рабат елді мекені Болашақ көшесін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, сметалық есептері әзірленуде. Сметалық есептері әзірленгеннен кейін қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

 

Қызылдала елді мекен ішіндегі электр желілері жөнделсе.

Құрылыс жұмыстарын бастау

2022 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

«Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округы, Қызылдала ауылының 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысы» нысанының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

 

Атбұлақ елді мекеніндегі Ақбура көшесіне электр желісін жүргізіп берсе.

РБ, ОБ

қаржы бөлу

2022-2023 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

«Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округы, Атбұлақ ауылының 10/0,4 кВ электр жүйелерінің құрылысы» нысанының жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, сараптама қорытындысы алынып, 2022-2023 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу үшін салалық басқармаға ұсыныс берілді.

Жол саласы

 

1.      Рабат елді мекеніндегі Болашақ көшесін асфальт cалынса

ЖБ

қаржы бөлу

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Рабат елді мекені, Болашақ көшесін орта жөндеуден өткізу үшін, Қ.Әбдәлиев ауыл округі әкімі аппаратынан ситуациялық сызбасы алынып, 2022 жылы сметалық есебін әзірлеу үшін, аудан бюджетінен қаржы қарауға ұсыныс беріледі.  

 

1.      Шымкент қаласына қатынауға автобус жүргізу мәселесі.

 

 

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

«Шымкент-Рабат-Шымкент» облысаралық бағыт болып саналады.  Тапсырысшы (ұйымдастырушы) Түркістан олбысының  жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 2 (екі) рет конкурс өткізілген. Алайда ешқандай кәсіпкер қызығушылық танытпаған.

 

П.Тәжібаева жаңа  мектебінің жолы.

 

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

П.Тәжібаева мектебінің құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 2023 жылы жолға асфальт төсеу үшін аудан бюджетінен қаржы қарауға ұсыныс берілетін болады.  

 

1.      Атбұлақ елді мекенінде орналасқан Абдусаттаров, Ақпан батыр көшелеріне ремонт жүргізілсе.

 

 

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

 

Атбұлақ елді мекені, Абдусаттаров, Ақпан батыр көшелерін орта жөндеуден өткізу үшін, Қ.Әбдәлиев ауыл округі әкімі аппаратынан ситуациялық сызбасы алынып, 2022 жылы сметалық есебін әзірлеу үшін, аудан бюджетінен қаржы қарауға ұсыныс беріледі.  

Жер қатынастары саласы

 

1.      Уақытысында мәдениет үйінің жанында парк болатын сол жер учаскесі сатылып кеткен, иесі белгісіз, анықталса.

 

 

 

Жер

 

Рабат елді мекеніндегі мәдениет үйінің жанында парк болған, қазіргі таңда аталған барлығы 0,50 гектар жер учаскесі Муслимова Айгеримге Сату сатып алу шарты негізінде тиесілі.

 

2.      Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін берілген жерлердегі салынған бордақылау алаңдары қаншалықты заңды.

 

 

Жер

 

ҚР Жер кодексінің 50-бабына сәйкес, ауылды жерлерде тұрғын үйге 0,10 га және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін қосымша 0,15 га жерге дейін беруге болады. Осы аталған қосалқы шаруашылығына мал асырауға да рұқсат етілген.

 

3.      Қызылдала елді маңайындағы жайылым жерлер тарылуда.

 

 

Жер

 

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Қазығұрт ауданы бойынша 44 000 гектар жайылым жерді қайтару тапсырылған. Осыған орай, қазіргі уақытта 11 823 гектар жердің тізімі жасақталған. Оның ішінде Қызылдала елді мекенінен 353 гектар жерді қайтару жоспарлануда

Спорт саласы

 

Шахмат, шашка, тоғыз құмалақ сайыстарын ұйымдастырса.

 

 

Спорт

 

Аудан көлемінде шахматтан аудандық жарыстар өткізілген, дойбы және тоғызқұмалақтан сайыстар өткізілетін болады.

 

Дәулет спорт кешені ғимараты кімнің балансында, балаларды спорт секцияларына қабылдаса

 

 

Спорт

 

Қ.Әбдалиев ауылында аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің  бокс жаттықтырушысы қызмет атқарады. Байсейтов Сабырмен түсінік жұмыстары жүргізілді, орын алған жағдай жаттығу кестесінен тыс уақытта болған. Қазіргі таңда Орынбасар Еркебұлан бокс үйірмесіне қабылданды.

Денсаулық сақтау саласы

 

Еңбекші елді мекенінде ФАП құрылысы жүргізілсе.

 

 

денсаулық

 

ЖСҚ әзірленіп сараптамаға беріледі. Еңбекші, алтынтөбе ЖСҚ қаржы бөлуге облыстық бюджеттен қаржы бөлуге ықпал етудеміз.

 

Аудан әкімі А.А.Абдуллаевтың Шанақ ауыл округінің тұрғындарымен кездесуіндегі

өзекті мәселелер

№

Көтерілген мәселе

Шешу жолдары

Шешу мерзімі

Жауапты орындаушы

Аяқтау нысаны

Ескерту

Тұрғын үй және коммуналдық саласы

 

Шанақ елді мекені Нұржан болыс, Келдібек би көшелеріндегі тұрғын үйлер жарығының  нашарлығы.

Электр бағаналарымен электр желілерін ауыстыру

2022 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның есебінен 2022 жылы Шанақ елді мекеніндегі электр бағаналарымен электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.  

 

Шанақ елді мекені Электр жарығы туралы

Электр бағаналарымен электр желілерін ауыстыру

2022 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның есебінен 2022 жылы Шанақ елді мекеніндегі электр бағаналарымен электр желілерін ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.  

 

Шанақ елді мекені ауыз су мәселесі

Нысанды пайдалануға беру

2022-2023 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Ақбура бұлақ көзінен 1000 м3 тық 2-дана ауыз су қоймасын салу құрылысы нысанының ЖСҚ-әзірленіп, сараптама қорытындысы 2021 жылы алыған. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып құрылыс жұмыстары басталуда. Құрылыс жұмыстары жүргізілгеннен кейін ауыз су тұрақты беріледі.

Сонымен қатар жер асты су қорын зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, облыстық салалық басқармаға ұсыныс берілді.

 

Ескі Шанақ елді мекеніне табиғи газ тарту мәселесі

РБ, ОБ

қаржы бөлу

2023 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Ескі Шанақ елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы нысанының ЖСҚ-әзірленіп, сараптама қорытындысы алу жұмыстары жүргізілуде, сараптама қорытындысы алынғаннан кейін 2023 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

 

Ақбура бұлағының  басына су қоймасын салу мәселесі

Нысанды пайдалануға беру

2022-2023 ж

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Ақбура бұлақ көзінен 1000 м3 тық 2-дана ауыз су қоймасын салу құрылысы нысанының ЖСҚ-әзірленіп, сараптама қорытындысы 2021 жылы алыған. Қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып құрылыс жұмыстары басталуда.

Жол саласы

 

Ақжар -Ескі Шанақ жолын асфальттау

 

 

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

 

Аудандық маңызы бар KXKZ-31 "Акжар-Ескі Шанақ-Станция Шанақ" км 0-13+500 автомобиль жолын орта жөндеуден өткізу үшін сметалық есебі әзірленіп (367785,0 мың теңге) қаржы бөлдіру үшін, Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс жолданды.

Жұмыспен қамту саласы

 

Шанақ Жастарды жұмыспен қамту

 

 

собез

 

2020-2022 жылдар аралығындағы дипломы бар  29 жасқа дейінгі жастар практикасына және NEET санатындағы жастарды  алғашқы жұмыс орындарына       1 жыл көлемінде 30 АЕК айлық жалақы көлемінде төленеді. Әрбір ауыл округіне  Бағдарлама бағыттары бойынша индикаторлар бекітілген, ауыл округінің   әкімімен жұмыспен қамту орталығы  бірлесіп жұмыс атқарады.

 

Қайтарымсыз грант туралы

 

 

 

 

2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде  грант алуға «Бизнес Еңбек КЗ» арқылы сертификаты  барлар сәуір айының 14-не дейін онлайн өтініштерін тіркетті, ендігі кезекте кәсіпкерлік негіздеріне бизнес бастау арқылы қажеті болмайды, Ережесі қайта бекітілгеннен кейін тағы да мамандар келіп семинар өткізетін болады

 

Ақжар жастарын жұмыспен қамту

 

 

 

 

Мамандық алғандарына 3 жыл толмаған,   29 жасқа дейінгі жастарды Бағдарлама бағыттары бойынша 12 ай көлемінде      30 АЕК мөлшерінде айлық жалақы  төленіп, жастар практикасына және басқа да Бағдарлама бағыттары бойынша жұмыспен қамту мүмкіндіктері бар. 

 

Жеңілдетілген несие туралы

 

 

 

 

2021-2025 жылдарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жеңілдетілген несие беру жұмыстары «Атамекен кәсіпкерлер» палатасы арқылы жүргізіледі.

Білім саласы

 

Мектеп басшыларының ротациялау туралы

 

 

Білім

 

Білім беру туралы заңға сәйкес бір елді мекеннен бір мектептің басшыларын ротациялау  туралы ережеге өзгеріс енгізілмеген.

Басқа мәселелер

 

Интернет мәселесі (Байланыс)

 

 

Ақпараттандыру

 

Шанақ ауыл округі бойынша

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі минстрлігі халық саны 250+ адамды құрайтын елді мекендерді ұялы байланыс, интернет желілерімен қамту жобасы бойынша:

2022 жылы Ыза-бұлақ елді мекені бойынша ұялы байланыс және интернет желісін қамту қажеттілігі бойынша Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына ұсынылған. Алдағы уақытта жоспарға енгізілетін болады.

Ақжар елді мекені бойынша интернет желісі өте нашар, ол бойынша Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитеті Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша Өңіраралық байланыс инспекциясына ауыл тұрғындарының атынан, ұялы байланыс және интернет желісінің сапасы нашар туралы арыз жолданды.

Түркістан облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасына Ақжар елді мекенінің байланыс және интернет желісін жақсарту бойынша бірнеше рет ұсынылған.

 

 

 

 

Дата публикации
26 апреля 2022