Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылға арналған сайлау процессіне қатыушыларды электортаттық оқытудың күнтізбелік жоспарына сәйкес «Сайлау» ААЖ базасында бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.

         Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылға арналған сайлау процессіне қатыушыларды электортаттық оқытудың күнтізбеклік жоспарына сәйкес, 2022 жылғы 29 наурыз күні №1 Баллалар Өнер мектебінің АКТ залында АСК, УСК мүшелері және аудан әкімі аппаратының сайлаушылар базасына жауапты қызметкерінің қатысуымен ЖТМДҚ («Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры) және «Сайлау» ААЖ (автоматтандырылған ақпараттық жүйесі) базасында бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, сайлаушылар тізімін қалыптастыру бойынша семинар өткізілді.

         М.Қ.Мырзалинның төрағалығымен 2020 жылғы 6 наурызда өткен кеңес хаттамасының 2.2-тармағына сай сайлаушылардың тізімі бойынша салыстырып тексеру тоқсан сайын жүргізіліп тұратындығы және тізімді нақтылау барысында аумақтық сайлау комиссиясы мен аудан әкімшілігінің негізгі атқаратын жұмыстары бойынша түсіндірме жүргізілді.

         Семинар-кеңес соңында оның қатысушыларына сайлау заңнамасы және оның талаптарын қолдану бойынша сауалдар қойылып, отырыста көтерілген мәселелерді игеру деңгейі пысықталды, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелері тарапынан берілген сауалдарға Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орынбасары Б.Темирбаев нақты жауаптар берді.

Дата публикации
31 марта 2022