ХАБАРЛАМА
2022 жылғы 13 ақпанда Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі әкімінің сайлау округі бойынша сайлауы өтті.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Қызылқия ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5849 азамат енгізілді, оның ішінде 4584 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» деген жолда қойылған белгі – 17.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алиев Ж.А. – 260; Нусенов А.С. – 4129; Пернебаев Н.М - 174;
Қызылқия ауылдық округінің әкімі болып Нусенов Асан Серикович сайланды, 1985 жылы туған, Қызылқия ауыл округі әкімі аппаратының ММ-нің басшысы, Қызылқия ауылдық округінде тұрады, «Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық филиалымен ұсынылды.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы