ХАБАРЛАМА

ХАБАРЛАМА

         2022 жылғы 13 ақпанда Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл округі әкімінің бір сайлау округі бойынша сайлауы өтті.

 

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қазығұрт ауданы Қызылқия ауыл округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

 

Қызылқия ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 5849 азамат енгізілді, оның ішінде 4584 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» деген жолда қойылған белгі – 17.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Алиев Ж.А. – 260; Нусеов А.С. – 4129; Пернебаев Н.М - 174;

Қызылқия ауыл округінің әкімі болып Нусенов Асан Серикович сайланды, 1985 жылы туған, Қызылқия ауыл округі әкімі аппаратының  ММ-нің басшысы, Қызылқия ауыл округінде тұрады, «Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық филиалымен ұсынылды.

 

 

 Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
14 февраля 2022