Қазығұрт ауылы округінен сайланған қоғамдастық өкілдерінің назарына!
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Жайылымдар туралы заңының 11 бабына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 2 тармағында, «жергілікті маңызы бар аса маңызды мәселелер бойынша қажетіне қарай жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуіне болады» - делінген.
Қазығұрт ауыл округі бойынша жайылым жер мәселесін қарау үшін Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы заңына сәйкес, Қазығұрт ауылы округінен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелерімен жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
Жиналыстың өтетін орын: «Қазығұрт ауылы округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Кездесудің уақыты: 2022 жыл 11 ақпан. Сағат:11-00