Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны туралы №9 ХАТТАМА

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны туралы 

№9 ХАТТАМА

 

Қаржан елді мекені                                                         «25» «11» 2021 жыл

 

Өткізілу орны: Қаржан елді мекені, Ө.Жамалов атындағы жоббм

Өткізілу уақыты 25.11.2021 жыл сағат 11:00

 

Бөлек жиынды ашып жүргізген: ауыл әкімі Алибаев Данабек Нурмаханович

 

       2001 жылғы  23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»ҚРЗ жүзеге асыру мақсатында және 2013 жылғы 18 қарашадағы №1106 ҚР Укіметінің қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Қазығұрт ауданы маслихатының 2014 жылғы «Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше,көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына және Қазығұрт ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Т.Қалымбетовтың 28 қазан 2021 жылғы №26 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге келісім беру туралы» шешіміне сәйкес бүгін Қаржан елді мекені тұрғындарының бөлек жиыны өткізілді. Жиынға жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды.

          Қаржан елді мекенінің жалпы дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың саны 747 -адам, жиынға келгендердің саны  75 - адам.

        Бөлек жиын заңды.

        Қаржан елді мекені тұрғындарының қарауына күн тәртібінің келесі мәселелері ұсынылады:

  1. Бөлек жиынның хатшысын сайлау.
  2. Алтынтөбе ауылы округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Қаржан елді мекені көшелерінің өкілдерін сайлау.

       Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:

  1. Бөлек жиынның хатшысын сайлауға 3 минут (дауыс беруге).
  2. Қаржан елді мекені көшелерінің өкілдерін сайлау тәртібі туралы ақпаратқа 5 минут.
  3. Сөйлеушілерге 5-10 минут.

Қарсылық жоқ па? Қабылданды.

Бөлек жиынның хаттамасын жасау үшін хатшыны сайлау қажет.

Қандай ұсыныстар бар?

Бөлек қоғамдастық жиынның хатшысына азамат  Жолдасов Кубасай Нуридуллаұлы ұсынылды

Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.                                 

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

Кім жергілікті қоғамдастықтың бөлек  жиынының хатшысы  ретінде сайлауға азаматша  Жолдасов Кубасай Нуридуллаұлы үшін дауыс береді.

Дауыс берулеріңізді сұранамын.

«Қолдағандар»- 70 адам.

«қарсы»- адам жоқ.

«қалыс»-5 адам

Жолдасов Кубасай Нуридуллаұлы бірауыздан хатшы ретінде қабылданды.

Жолдасов Кубасай Нуридуллаұлы өз міндетіңізді атқаруға кірісуіңізді сұраймын.

     Күн тәртібіндегі келесі мәселе: Қаржан елді мекендерінің тұрғындарының өкілдерін сайлау тәртібімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

2001 жылғы  23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»ҚРЗ 39-3 бабының 6-тармағына сәйкес және 2013 жылғы 18 қарашадағы №1106 ҚР Укіметінің қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Қазығұрт ауданы маслихатының шешімімен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Алтынтөбе ауылы округі тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары Қаржан елді мекені тұрғындары ішінен іріктеліп, жиын қатысушыларымен ұсынылады, сайлау әр кандидатура бойынша бөлек дауыс беру арқылы жүргізіледі.

         Қазығұрт ауданы маслихатының 2014 жылғы «Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше,көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» бекітілген шешіміне сәйкес , ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес Қаржан елді мекенінен 3 (үш) адам өкіл ретінде сайланады.

            Қоғамдастық жиналысқа қатысу үшін өкілдердің кандидатураларын ұсынуларыңызды сұранамын.

  1. Қаржан елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Раймкулов Мырзагали Сатылхановичтің кандидатурасын  ұсынды.
  2. Қаржан елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Усебов Рысбек Пулатовичтің кандидатурасын  ұсынды.
  3. Қаржан елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Сейдуалиев Мельс Тойшиевичтің кандидатурасын  ұсынды.
  4. Қаржан елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Сейденалиев Беккали Ескалиевичтің кандидатурасын  ұсынды.
  5. Қаржан елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Мелдешов Абдижалил Алимбаевичтің кандидатурасын  ұсынды.
  6. Қаржан елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Алибаев Бахтияр Оразовичтің кандидатурасын  ұсынды.

          Дауыс беру әр кандидатура бойынша жүргізіледі.

         Раймкулов Мырзагали Сатылхановичке  жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 33 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 42 адам.

         Усебов Рысбек Пулатовичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 12 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 63 адам.

         Сейдуалиев Мельс Тойшиевичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 36 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 39 адам.

         Сейденалиев Беккали Ескалиевичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 40 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 35 адам.

          Мелдешов Абдижалил Алимбаевичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 34 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 41 адам.

         Алибаев Бахтияр Оразовичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 14 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 61 адам.

          Сөз дауыс қорытындыларын жариялау үшін жиын хатшысы Жолдасов Кубасай Нуридуллаұлы беріледі.

         Дауыс беру қорытындыларын жариялауға рұқсат етіңіздер. Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдер құрамына көпшіліктің дауысын жинаған жергілікті қоғамдастықтың келесі мүшесі сайланды.

  1. Сейдуалиев Мельс Тойшиевич
  2. Сейденалиев Беккали Ескалиевич
  3. Мелдешов Абдижалил Алимбаевич

Бөлек жиынды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Бөлек жиынды өткізу бойынша қандай ұсыныстар мен ескертулер бар?

Бөлек жиынды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Сауболыңыздар.

 

Жиын төрағасы                                     Д.Алибаев

 

Жиын хатшысы                                     К.Жолдасов

 

Дата публикации
03 декабря 2021