Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны туралы №6 ХАТТАМА

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны туралы 

№6 ХАТТАМА

Қосағаш елді мекені                                                         «24» «11» 2021 жыл

 

Өткізілу орны: Қосағаш елді мекені, Қосағаш жоббм

Өткізілу уақыты 24.11.2021 жыл сағат 10:00

 

Бөлек жиынды ашып жүргізген: ауыл әкімі Алибаев Данабек Нурмаханович

 

       2001 жылғы  23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»ҚРЗ жүзеге асыру мақсатында және 2013 жылғы 18 қарашадағы №1106 ҚР Укіметінің қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Қазығұрт ауданы маслихатының 2014 жылғы «Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше,көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына және Қазығұрт ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Т.Қалымбетовтың 28 қазан 2021 жылғы №26 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге келісім беру туралы» шешіміне сәйкес бүгін Қосағаш елді мекені тұрғындарының бөлек жиыны өткізілді. Жиынға жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды.

          Қосағаш елді мекенінің жалпы дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың саны 770 -адам, жиынға келгендердің саны  78 - адам.

        Бөлек жиын заңды.

        Қосағаш елді мекені тұрғындарының қарауына күн тәртібінің келесі мәселелері ұсынылады:

  1. Бөлек жиынның хатшысын сайлау.
  2. Алтынтөбе ауылы округі бойынша жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Қосағаш елді мекені көшелерінің өкілдерін сайлау.

       Жұмыс жүргізудің келесі уақыт тәртібі ұсынылады:

  1. Бөлек жиынның хатшысын сайлауға 3 минут (дауыс беруге).
  2. Қсағаш елді мекені көшелерінің өкілдерін сайлау тәртібі туралы ақпаратқа 5 минут.
  3. Сөйлеушілерге 5-10 минут.

Қарсылық жоқ па? Қабылданды.

Бөлек жиынның хаттамасын жасау үшін хатшыны сайлау қажет.

Қандай ұсыныстар бар?

Бөлек қоғамдастық жиынның хатшысына азамат  Туртаев Кусан Нурлыбекович ұсынылды

Басқа ұсыныстар бола ма? Жоқ.

Дауыс берулеріңізді сұраймын.

Кім жергілікті қоғамдастықтың бөлек  жиынының хатшысы  ретінде сайлауға азамат  Туртаев Кусан Нурлыбекович үшін дауыс береді.

Дауыс берулеріңізді сұранамын.

«Қолдағандар»- 70 адам.

«қарсы»- адам жоқ.

«қалыс»-8 адам

Туртаев Кусан Нурлыбекович бірауыздан хатшы ретінде қабылданды.

Туртаев Кусан Нурлыбекович өз міндетіңізді атқаруға кірісуіңізді сұраймын.

     Күн тәртібіндегі келесі мәселе: Қосағаш елді мекендерінің тұрғындарының өкілдерін сайлау тәртібімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

2001 жылғы  23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»ҚРЗ 39-3 бабының 6-тармағына сәйкес және 2013 жылғы 18 қарашадағы №1106 ҚР Укіметінің қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Қазығұрт ауданы маслихатының шешімімен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін Алтынтөбе ауылы округі тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары Аққұм елді мекені тұрғындары ішінен іріктеліп, жиын қатысушыларымен ұсынылады, сайлау әр кандидатура бойынша бөлек дауыс беру арқылы жүргізіледі.

         Қазығұрт ауданы маслихатының 2014 жылғы «Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше,көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» бекітілген шешіміне сәйкес , ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес Қосағаш елді мекенінен 3 (үш) адам өкіл ретінде сайланады.

            Қоғамдастық жиналысқа қатысу үшін өкілдердің кандидатураларын ұсынуларыңызды сұранамын.

  1. Қосағаш елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Баккелдиев Сансызбайдың кандидатурасын ұсынды.
  2. Қосағаш елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Илесбеков Байдуали Шакировичтің кандидатурасын ұсынды.
  3. Қосағаш елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Туртаева Гулия Каймовнаның кандидатурасын ұсынды.
  4. Қосағаш елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Сайлауов Сейткерим Бегалиевичтің кандидатурасын ұсынды.
  5. Қосағаш елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Амирсейтов Ерсейт Амирсейтовичтің кандидатурасын ұсынды.
  6. Қосағаш елді мекенінен қоғамдастық жиналысыны қатысу үшін өкіл ретінде Орынкулов Алмасхан Абдихановичтің кандидатурасын ұсынды.

          Дауыс беру әр кандидатура бойынша жүргізіледі.

         Баккелдиев Сансызбайға  жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 13 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 65 адам.

         Илесбеков Байдуали Шакировичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 12 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 66 адам.

         Туртаева Гулия Каймовнаға жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 16 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 62 адам.

         Сайлауов Сейткерим Бегалиевичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 17 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 61 адам.

          Амирсейтов Ерсейт Амирсейтовичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 9 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 69 адам.

         Орынкулов Алмасхан Абдихановичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 13 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 65 адам.

            Дауыс беру нәтижесі бойынша Баккелдиев Сансызбай мен Орынкулов Алмасхан Абдиханович бірдей дауыс алуына байланысты қайтадан дауысқа салынды.

         Баккелдиев Сансызбайға  жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 28 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 50 адам.

        Орынкулов Алмасхан Абдихановичке жергілікті қоғамдастықтың жиынына өкіл ретінде сайлау үшін дауыс берулеріңізді  сұранамын.

«қолдағандар»- 16 адам

«қарсы»- адам жоқ

«қалыс»- 62 адам.

          Сөз дауыс қорытындыларын жариялау үшін жиын хатшысы Туртаев Кусан Нурлыбековичке беріледі.

         Дауыс беру қорытындыларын жариялауға рұқсат етіңіздер. Жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдер құрамына көпшіліктің дауысын жинаған жергілікті қоғамдастықтың келесі мүшесі сайланды.

  1. Баккелдиев Сансызбай
  2. Туртаева Гулия Каймовна
  3. Сайлауов Сейткерим Бегалиевич

Бөлек жиынды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Бөлек жиынды өткізу бойынша қандай ұсыныстар мен ескертулер бар?

Бөлек жиынды жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Сауболыңыздар.

 

Жиын төрағасы                                     Д.Алибаев

 

Жиын хатшысы                                     К.Туртаев

Дата публикации
03 декабря 2021