Түркістан облысы Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округі жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны туралы
№8 ХАТТАМА
Қаржан елді мекені «24 » « 11» 2021 жыл
Өткізілу орны: Қаржан елді мекені, Қаржан жоббм
Өткізілу уақыты 24.11.2021 жыл сағат 15:00
Бөлек жиынды ашып жүргізген: ауыл әкімінің орынбасары Абдикаимов Анарбай Темирбайулы
2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»ҚРЗ жүзеге асыру мақсатында және 2013 жылғы 18 қарашадағы №1106 ҚР Укіметінің қаулысымен бекітілген бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Қазығұрт ауданы маслихатының 2014 жылғы «Қазығұрт ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше,көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына және Қазығұрт ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Т.Қалымбетовтың 28 қазан 2021 жылғы №26 жылғы «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге келісім беру туралы» шешіміне сәйкес бүгін Қаржан елді мекені тұрғындарының бөлек жиыны өткізілді. Жиынға жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды.
Қаржан елді мекенінің жалпы дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың саны 1024(Бір мың жиырма төрт) -адам, жиынға келгендердің саны 61 (алпыс бір)- адам. Жалпы дауыс беруге құқығы тұрғындардың 6 пайыз.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Респуликасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңының 39-3 бабының 9 тармағынада «Жергілікті қоғамдастық жиыны осы аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі» -делінген алайда бөлек жиынға дауыс беруге құқығы бар 61 (алпыс бір) адам жалпы 6 пайызы қатысқандықтан бөлек жиын өткізілмейтіндігін айтты.
Жиын төрағасы А.Абдикаимов