Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпорындар назарына!

Денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт
және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпорындар назарына!
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы
6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық
округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк
қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығының
6 тармағына сәйкес, 2022 жылға сұранысқа ие мамандықтар тізбесін
қалыптастыру жұмыстары басталуда.
Осыған орай, өз мекемеңізде сұранысқа ие мамандықтар тізбесін (бірінші
басшының қолымен, мөр басылған) ағымдағы жылдың 10 желтоқсанына
дейін ауданның экономика және қаржы бөліміне қолма-қол немесе
kazgurt_fin@mail.ru электрондық поштасына жолдауды сұранады.
Байланыс номері: 8(725)79-4-61.
Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі

Дата публикации
25 ноября 2021