Жігерген ауылы округінің жергілікті қоғамдастық жиналысының
Х А Т Т А М А С Ы №
Жігерген елді мекені «12»_11__2021 жыл
«Жігерген ауылы округі әкімінің
аппараты» ММ-нің ғимараты
Өткізілу уақыты Сағат 16 : 00 минут
Құрметті Жігерген ауылы округінің жиналысқа қатысушы
жергілікті қоғамдастық мүшелері!
2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР-ның заңын жүзеге асыру мақсатында және 2013 жылғы 13 қарашадағы №1106 ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілгенбөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына, Қазығұрт ауданы мәслихатының шешімімен бекітілген Жергілікті қоғамдастық жиналысында қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиналыстарын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Жігерген ауылы округінің тұрғындарының жиналысы өткізіліп жатыр. Жиналысқа жергілікті қоғамдастық мүшелері шақырылды.
Жалпы шақыртылған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің саны 11 адам, қатысып отырғаны 6 адам:
Айтбаев Бердібай
Қырықбаев Темірбай
Жүнісов Таңсықбай
Байтөреев Серік
Өсербаев Дармен
Турсынбеков Сержан
Жиналысқа өзге де қатысушылар: ауыл округінің әкімі К.А.Сулейменов бас маман жер инспекторы Ж.Т.Себаев жетекші маман Ф.Р.Нуралиев.
Жігерген ауылы округі әкімі К.Сулейменов, Жігерген ауылы округі, Қызылбұлақ елді мекені, Мошқал баба көшесі №22 үйде орналасқан «Бибол Құдайназаров атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі ескі ғимаратын жер учаскесімен бірге «Жігерген ауылы округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беру мәселесі бойынша баяндап, одан әрі мемлекеттік мүлікті басқару жайлы өздеріңіздің пікірлеріңізді тыңдап, келісімдеріңізді алу үшін бүгінгі жиналысқа шақыртылып жатқаның, жиналысқа қатысып отырған жергілікті қоғамдастық мүшелері арасынан төраға мен хатшы сайлап алуларын сұранды.
Дауыс беру нәтижесінде Дармен Өсербаев жиналыс төрағасы болып сайланды.
«Қолдағандар»- 6 адам,
«Қарсы»- жоқ,
«Қалыс»-жоқ.
Дауыс беру нәтижесінде Фархат Нуралиев жиналыс хатшысы болып сайланды.
«Қолдағандар»- 6 адам.
«Қарсы»- жоқ.
«Қалыс»-жоқ.
Бүгінгі жиналыстын күн тәртібінде: 1. Жігерген ауылы округі, Қызылбұлақ елді мекені, Мошқал баба көшесі №22 үйде орналасқан «Құдайназаров атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі ескі ғимараты мен жер учаскесі Қазақстан Республикасының Жер кодексі туралы заңының 52 бабына сай «Жігерген ауылы округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне өткізу.
Жиналыс төрағасы Д.Өсербаев:.
Жиналыстын жұмыс тәртібін келісіп алсақ. Оған төмендегідей жұмыс регламенті ұсынылады:
Жұмыс регламентіне қосып аларларыңыз бар ма? Жоқ болса. Онда жұмыс регламентін қабылдадық.
Жиналысқа қатысып отырған қоғамдастық мүшелеріне күн тәртібіндегі мәселені ұсынды.
Жиналысқа қатысып отырған қоғамдастық мүшелері өз-ара күн тәртібіндегі ұсынысты талқылады.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылып, дауысқа салуды сұранды.
«Келіскендер»- 6 адам.
«Қарсы»- жоқ.
«Қалыс»-жоқ.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері күн тәртібіндегі мәселе бойынша, Жігерген ауылы округі, Қызылбұлақ елді мекені, Мошқал баба көшесі №22 үйде орналасқан «Құдайназаров атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі ескі ғимаратын жер учаскесімен бірге «Жігерген ауылы округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беру және осы ғимараттың құрылысының пайдалануға жарамды(жарамсыз) болуына байланысты бұзу туралы ұсынысты жан-жақты саралады.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері күн тәртібіндегі мәселе бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Қазақстан Республикасының Жер кодексі туралы Заңының 52 бабына сай, «Құдайназаров атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгеріміндегі ескі ғимараты мен жер учаскесі, «Жігерген ауылы округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне берілсін.
2.«Құдайназаров атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ыңғайластырылған ескі ғимаратын пайдалануға жарамды немесе жарамсыздығы туралы қорытынды алу үшін арнайы сарапшылар шақырылсын.
«Келіскендер»- 6 адам.
«Қарсы»- жоқ.
«Қалыс»-жоқ.
Жиын төрағасы Д.Осербаев
Жиын хатшысы Ф.Нуралиев