АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ-ның 2021 жылдың 1 қазанындағы негізгі көрсеткіштері
2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,1 триллион теңгеден астам зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.10.2020 жылдан бастап 01.10.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы 569,5 миллиард теңгеге немесе 5% өсті.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,7 трлн теңге (соңғы 12 айдағы өсім – 4%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 349,5 млрд теңге (өсім – 16%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 1,6 млрд теңгеге жетті.
2021 жылдың тоғыз айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда көбірек қаражат салды. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі 1,2 трлн теңге зейнетақы жарналары түсті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 439,5 млрд теңгеге немесе 57% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95,7% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, ол 917,4 млрд теңге (соңғы 12 айдағы өсім - 24%), МКЗЖ бойынша 41,2 млрд теңге (өсім 17%), 496 млн теңге (өсім 41%) ЕЗЖ бойынша аударылды.
Салымшылардың жарналарынан басқа, зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар айынан 1 қазанына дейін 1 триллион теңгеден астам таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Бұл жемісті болған өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті, нақтырақ айтқанда, 1% немесе 7 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруымен БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 8,89%, ал инфляция 6,2% құрады. Бұл ретте соңғы 12 айдағы кірістілік – 10,08% , осы кезеңдегі инфляция – 8,9% көрсетті.
БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 11,7 млн бірлікке тең. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылған, олардың саны – 10 909 456 бірлік. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар - 534 067 бірлік. БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 54 013 бірлік болды.
Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына шамамен 2,1 трлн теңге төленді, төлемдердің басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады, оның көлемі – 1,9 трлн теңге. Төлемдер сомасы бойынша екінші орында жасы бойынша төлемдер – 71,6 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар, ол шамамен 47,6 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 43,3 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 29,1 млрд теңге, жерлеуге – 4,0 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 1,6 млрд теңге.
Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 525 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 673 643 теңге болды.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
30 миллионнан астам қызмет алды
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ағымдағы жылдың тоғыз айында ғана (01.01.2021-01.10.2021 аралығындағы кезеңде) өз салымшыларына 30,3 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45,8% көп.
Қызметтердің басым бөлігі электрондық форматта көрсетіледі. Салымшыларға 22,2 миллионнан астам онлайн-қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 73,2% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер екі есеге дерлік (былтыр Қор салымшылары қашықтықтан 13 млн жуық қызмет алды) өсті. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар.
Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 5,1 миллиондай қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 16,9% тең. Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) немесе ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу. Естеріңізге сала кетейік, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған ЖЗШ болмаған жағдайда, ол БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде бірінші жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бойынша жүзеге асырылады, ал қолданыстағы құжаттың деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады.
Салымшылар шамамен 1,7 миллион қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде салымшыларға 1 722 696 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 732,6 мың қызметке (немесе 74,0% ) артық.
«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының арқасында Қор салымшыларына 2021 жылдың 1 қазанына 347 пошта операторының бөлімшелерінде 13 216 қызмет көрсетілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда төрт есеге дерлік көп. «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:
Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады.2021 жылдың 1 қазанына барып қызмет көрсету барысында 69 971 операция жүзеге асырылды.
БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың 1 қазанына кері байланыс арналары арқылы 1,2 миллионнан аса өтініш, ал өткен 2020 жылы 1,1 мың өтініш қаралды. Осылайша өсім 8,4% болды.
Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушылары үшін қолайлы жағдайларды көптеп ұсынуда. Қазір зейнетақы қызметтерін жеке куәліксіз де алуға болады. Ол үшін смартфоныңыздағы еGovMobile қосымшасында оның цифрлық (электрондық) нұсқасы болса жеткілікті.
Мұндай мүмкіндік тек Қазақстан Республикасының азаматтарына және БЖЗҚ кеңсесіне тікелей өздері келгенде ғана беріледі.
Бұл ретте қандай қызметтерді алуға болады:
- жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу;
- қосымша деректемелерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу;
- зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту (айқындау).
Мысалы, өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасы жоқ салымшы (алушы) БЖЗҚ кеңсесіне келіп, Қор маманына eGovMobile мобильді қосымшасындағы Жеке кабинетте қалыптастырылатын бірегей цифрлық кодты хабарлап, БЖЗҚ қызметкеріне осы құжатты электрондық форматта қарауға рұқсат бере алады.
Ескере кететін жәйт, егер жүгінген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаты жарамсыз болса, онда eGovMobile мобильді қосымшасында құжаттың электрондық нұсқасы болмайды.
Кейін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер бекітілген соң салымшылар (алушылар) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы/зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару туралы/инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы өтініштер берген кезде цифрлық құжаттарды пайдалану мүмкіндігі пайда болады.
Осылайша БЖЗҚ салымшылар мен алушыларға ыңғайлы болу және олардың уақыттарын үнемдеу үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жұмыстарын жалғастыруда.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Қазақстан Республикасының Президенті 2021 жылдың 12 қазанында ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды, оның шеңберінде тиісті өзгерістер ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына да енгізілді.
Осы өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың 26 қазанынан бастап БЖЗҚ-да міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есепке алынатын жеке зейнетақы шоттары (ЖЗШ) алғашқы жарна келіп түскен кезде автоматты түрде ашылатын болады.
БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйелері зейнетақы жарналарының басқа түрлері бойынша ЖЗШ ашу тәртібі сияқты МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ ашудың жаңа тәртібіне дайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, ЖЗШ ашудың мәлімдемесіз тәртібі мына кезеңдерден бері әрекет етеді:
- 2019 жылғы 8 қаңтардан бастап міндетті зейнетақы жарналарына қатысты;
- 2021 жылғы 1 мамырдан бастап ерікті зейнетақы жарналарына қатысты.
Пайдасына МКЗЖ аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру МКЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген оның дербес деректері (аты-жөні, ЖСН, туған күні) бойынша жүзеге асырылады, ал жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжаттың деректемелері, тұрақты тұратын жері, өзге де деректері туралы барлық қажетті мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
Жұмыс беруші МКЗЖ агенті (төлеушісі) болып есептеледі, ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қызметкердің зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысының 5 пайызы мөлшерінде жұмыскердің пайдасына өз қаражаты есебінен жарналар аударуға міндетті.
Естеріңізге сала кетейік, МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алуға зиянды және қауіпті қызмет салаларында еңбек ететін азаматтар құқылы. Мұндай кәсіптердің тізбесі «Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары өз қаражаты есебінен пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын өндірістердің, жұмыстардың, жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 қаулысымен бекітілген.
МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ны автоматты түрде ашу жөніндегі заңнамалық өзгерістер агенттерге МКЗЖ аудару бойынша міндеттемелерді орындауды айтарлықтай жеңілдетеді. Енді БЖЗҚ-ға 10-нан астам атауы бар белгілі бір құжаттар тізбесін ұсына отырып, МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ ашу туралы өтінішті қызметкермен бірлесіп ресімдеудің қажеті жоқ.
Анықтама: міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары табыс төленген айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірілмей, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді. Арнаулы салық режимін қолданатын шаруашылық жүргізуші субъектілер бұл жарналарды Қорға Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мерзімдерде аударады.
МКЗЖ аударылуын салық органдары бақылайды. Егер жұмыс беруші қызметкердің ЖЗШ-на МКЗЖ-ны уақытылы аудармаса (нақты төлем жасалып, қызметкер кіріс алған жағдайда), жұмыс берушіден салық органдары мерзімі өткен әрбір күнге уәкілетті орган белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде есептелген өсімпұлмен МКЗЖ өндіріп алып, БЖЗҚ-ға аударады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Жақын арадағы «БЖЗҚ» АҚ бөлімшелерінің мекенжайлары туралы ақпаратты Қордың ресми сайтынан, сондай-ақ, кез келген смартфонға немесе планшетке жүктеп, ENPF ұялы қосымшасы арқылы білуге болады. Сіз, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша What ' s Aрр қызметін пайдалана аласыз және Қор маманынан бөлімшелердің мекенжайын ғана емес, өзіңізді қызықтыратын барлық ақпаратты ала аласыз. Ең дәстүрлі тәсіл - 1418 бірыңғай нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалу, онда Қор операторлары Сізге «БЖЗҚ»"АҚ-ның жақын жердегі бөлімшесін қалай табуға болатынын айтып береді.
ENPF мобильді қосымшасын Android және IOS базасындағы кез келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеп алуға болады.
Қосымшаның Жеке кабинетінде авторлану үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе логин (ЖСН) мен пароль пайдаланылады. Бірақ логин мен парольді, егер өз жинақтарыңыз туралы деректерді «нтернет-хабарландыру» тәсілі арқылы алуды алдын ала таңдап алған болсаңыз ғана пайдалануға болады. Бұл таңдауды да осы жерде, мобильді қосымшада немесе enpf.kz сайтында ЭЦҚ көмегімен жасауға болады. Егер ЭЦҚ болмаса, онда бір рет Қор офистерінің біріне немесе тұратын жеріңізде ол болмаған жағдайда «Қазпошта» АҚ-ның 300 бөлімшесінің біріне барып, тиісті келісімге қол қоюға тура келеді.
Мобильді қосымшадағы барлық ақпарат 2 тілде: қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған. Қосымшаның көмегімен жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтаманы, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға, сізді қызықтыратын мәселе бойынша өтініш жіберуге, мобильді кеңсенің шығуына немесе кері қоңырауға тапсырыс беруге, өз деректемелеріңізге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге болады. Сондай-ақ, шоттың жай-күйін бақылауға, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға болады.
Бұдан басқа, осы қосымша арқылы БЖЗҚ-ның әрбір салымшысы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту немесе емделуге не инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аударуға пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін жеке зейнетақы шотындағы қаражатының жеткілікті екендігін біле алады.
Алушы, сондай-ақ, БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар және зейнет жасына (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылы 60 жасқа толғанда, олардың жасы 2027 жылы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын 6 айға артып отырады) толмаған адам қайтыс болған жағдайда, оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға БЖЗҚ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 52,4 еселенген (2021 жылғы АЕК – 2 917 теңге), бірақ жеке зейнетақы шотындағы (ЖЗШ) қаражаттан артық емес мөлшері шегінде жерлеуге арналған біржолғы төлем жасайды.
Егер жерлеуге арналған біржолғы төлем жүзеге асырылғаннан кейін алушының ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақы мөлшерінен аспайтын соманы құраса, бұл қалдық жерлеуге арналған төлем ретінде төленеді.
Егер осы төлемнен кейін жеке зейнетақы шотында жинақтар қалса, олар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
Алушы қайтыс болған жағдайда БЖЗҚ-дан (жерлеуге/мұрагерлерге) зейнетақы төлемдерін алуға және мұраға қалдырылған зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-да ресімдеуге арналған құжаттар тізбесімен Қордың enpf.kz ресми сайтында танысуға болады
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 326-бабының ережелеріне сәйкес БЖЗҚ жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері салық салынуға жататын зейнетақы төлемдері түріндегі табысқа жатады.
БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне салық салу кезінде жеке табыс салығын ұстап қалу тәртібі туралы толық ақпарат Қордың сайтында «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдеріне салық салу тәртібі» бөлімінде жарияланған.
БЖЗҚ-ның барлық қызметтерінің 90% астамы қазір электрондық форматта көрсетіледі. Мысалы, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетке тіркелу арқылы бірқатар қызметтерді алуға, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді бақылауға, шарттардың деректемелерін толықтыруға және т. б. көптеген қызметтерді іске асыруға болады. Сіз бұл сервисті электрондық цифрлық қолтаңба арқылы немесе ЖСН мен парольді енгізу арқылы пайдалана аласыз. Сондай-ақ, 1 немесе 2 топтағы мүгедектік мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беріп, төлемге және (немесе) көшуге қатысты өтініштің мәртебесін бақылау және тағы басқа қызметтерге де еш қиындықсыз қол жеткізуге болады.
Қордың enpf.kz сайты үнемі жаңартылып отырады, онда жаңа қызмет түрлері пайда болуда. Мысалы, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, алушыларға ыңғайлы болу және уақыттарын үнемдеу мақсатында Қор БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан және оларға есептелген инвестициялық табыс есебінен зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-ның корпоративтік сайтындағы жеке кабинет арқылы қашықтықтан тағайындау туралы өтініш беру мүмкіндігін іске асырды.
Осылайша, enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру қызметі БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары:
- міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен: мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға;
- ЕЗЖ есебінен:
50 жасқа толған адамдарға;
мүгедектігі бар адамдарға;
ЕЗЖ сомасы және оларға есептелген инвестициялық табыс шегінде зейнетақы жинақтары БЖЗҚ-да кемінде бес жыл болған алушыларға ұсынылады.
Өтініш беру үшін алушылардың электрондық цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. «БЖЗҚ» АҚ-да тіркелген төлем алуға өтініштің орындалу мәртебесін enpf.kz сайтында да «Электрондық сервистер» бөліміндегі «Менің төлемдерге/аударымдарға өтініштерім» қызметінің көмегімен қадағалауға болады.
Өтініш беру үшін ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Жеке кабинетте авторлану, содан кейін «Қызметтер» бөлімінде «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін таңдау, одан әрі тиісті құжаттарды ЭЦҚ-мен толтыру және қол қою қажет.
БЖЗҚ өтінішін өңдеу мәртебесін сайттағы жеке кабинеттің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдерге / аударымдарға өтініштерім» қызметі арқылы оңай қадағалауға болады.
Салымшы сайтта болжамды зейнетақы калькуляторын пайдалана отырып, болашақ зейнетақы төлемдерін өз бетінше есептей алады. Ол Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды: мемлекеттік базалық зейнетақы және жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ), сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы.
Ол үшін «Болжамды калькулятордағы» барлық жолдарды толтыру қажет: туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақтар сомасы және т. б. Егер сіз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, калькулятордағы өрістер автоматты түрде толтырылады және болашақ зейнетақыны есептеу екі-үш рет басу арқылы жүзеге асырылады.
Сондай-ақ, Жеке кабинеттегі «Зейнетақы калькуляторында» жеткіліктілік шегінен асатын және тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға қолжетімді сома немесе инвестициялық портфельді басқаратын компанияларға аударым туралы ақпарат қолжетімді.
Шоттың жай-күйін қадағалауға, зейнетақы жүйесінің барлық жаңалықтары туралы білуге, зейнетақы жарналарының түскені туралы push-хабарлама алуға және т.б. көптеген қызметтерді біз жоғарыда атап өткен БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан да алуға болады.
Қор көрсететін қызметтердің көпшілігін www.egov.kz электрондық үкімет сайтынан да электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) не бір реттік парольді пайдалану арқылы алуға да болады. ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталынан онлайн арқылы алуға болады.
Әлеуметтік желілерді пайдаланушылар үшін «Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» және «Instagram» сияқты танымал платформаларда БЖЗҚ-ның парақшалары әрдайым белсенді түрде қызмет етеді, онда сіздер өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыздар.
ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығы белгілі бір жағдайларда, оның ішінде 1 және 2-топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жағдайда да туындайды. БЖЗҚ алушыларға зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға міндетті. Аталған тәртіп, оның ішінде БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының мөлшерін есептеу Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидасымен және Үкіметтің 02.10.2013 жылғы № 1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесімен айқындалған. Осылайша, егер 2-топтағы мүгедектік сізге мерзімсіз уақытқа белгіленген болса, БЖЗҚ-дан белгіленген кесте бойынша немесе егер сіздің зейнетақы жинақтарыңыздың жалпы мөлшері ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аз болса, зейнетақы төлемдерін бір рет біржола ала аласыз. Ағымдағы жылы бұл сома 519 264 теңгеге тең. Егер жинақтар жеткілікті болса, онда зейнетақы төлемдері олар таусылғанға дейін жүргізіледі. Бұл ретте кез келген жастағы мүгедектігі бар алушылар үшін БЖЗҚ-дан төленетін ең төменгі зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% немесе ағымдағы жылы 24 012 теңгеден кем болмайды.
Өтінішті Қордың enpf.kz сайтында онлайн арқылы беруге болады. БЖЗҚ-ға құжаттардың қабылданған не келіп түскен күні осы санаттағы алушылар үшін зейнетақы төлеміне өтініш жасаған күн болып есептеледі, содан кейін БЖЗҚ он жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерінің сомасын сіздің банктегі шотыңызға аударады.
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 13,1 триллион теңгеден асты. Бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.
Зейнетақы жинақтарының едәуір өсуі 2021 жылғы 1 қаңтардан 1 қазанға дейін 1 триллион теңгеден асқан таза инвестициялық табыстың арқасында қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 8,89%, ал инфляция 6,2% болды. Бұл ретте соңғы 12 айда инфляция 8,9% болса, кірістілік 10,08% көрсетті.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.
Жалпы барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап, Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс 5,8 трлн теңгеден асты. Бұл ретте инвестициялық табыстылық жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған күннен бастап (1998 жыл) 2021 жылдың 1 қазанындағы өсу қорытындысымен 665,38% , инфляция 533,64% болды. Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген кезден 2021 жылдың 1 қазанына дейін зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 131,74% көрсетті.
Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған орынды. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш болып табылмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.
Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинет немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.
БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін Ұлттық банктен басқа инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алады. Қазіргі уақытта БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартқа отырды. Сіз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен көре аласыз.
БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін басқаруға алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.
Айта кетейік, «Jýsan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері қызметі басталғаннан бері (2021 жылғы 15 наурыз) 2021 жылдың 1 қазанына дейін 4,1% деңгейінде табыстылық көрсетті. «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің осы кезеңдегі табыстылығы – 4,9%; «BCC Invest» АҚ – 4,5%. Ал «Сентрас Секьюритиз» АҚ зейнетақы активтерін 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап басқарады, осы уақыт ішіндегі инвестициялық табыстылық 6,6% болды.
Салымшы зейнет жасына толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Міне, осымен алтыншы жыл қатарынан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың қаржылық сауаттылығын, сондай-ақ, БЖЗҚ қызметтері, зейнетақы жүйесі және зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, дербес зейнетақы жинақтарын қалыптастыру және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызмет нәтижелері туралы хабардар болу деңгейін арттыруға бағытталған белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу шеңберінде қаржы журналистикасы мектебінің қарқынды курсын өткізіп келеді.
Қор сарапшылары екі күн бойы қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді. Айта кетейік, курс бағдарламасында қатысушыларға түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:
- Қазақстанның зейнетақы жүйесі және «БЖЗҚ» АҚ қызметі;
- демографиялық трендтер және жинақтаушы құрамдауыштың қажеттілігі;
- зейнетақы заңнамасындағы біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалану және зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға (ИПБ) аударуға қатысты өзгерістер;
- ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша өзгерістер;
- ЕАЭО елдерін зейнетақымен қамсыздандыру;
- БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтері.
Бұған қоса, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп. ҚРҰБ зейнетақы активтерін басқару жөніндегі модуль таныстырылады.
Коронавирус індетіне байланысты биылғы жылы іс-шара, өткен жылғыдай, ыңғайлы онлайн форматта өткізіледі.
Қатысу үшін алдын-ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жолдау қажет. Онда ТАӘ, басылымның немесе университеттің атауы, қатысу күні және ватсап қосымшасы бар телефон нөмірі (шақыру-сілтеме жіберу үшін) сияқты жеке деректеріңіз көрсетілуі тиіс.
Шақыру-сілтеме Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).