Қазығұрт ауданы мемлекеттік мекемелердің өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына қоғамдық мониторинг жүргізілді

Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік мекемелердгі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарына Қазығұрт ауданы әкімі аппараты, ақпараттық қауіпсіздік, ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету тобының басшысы және бас инспекторы Б.Момынов,  Е.Нұрлыбек қоғамдық мониторинг жүргізілді.

Мемлекеттік корпорация қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің электрондық форматта көрсетілуі бойынша, Қазығұрт ауданындағы «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрыштарының қызметіне талдау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышының қызметін тиісті дәрежеде жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсыныстар және қажетті кеңселік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету керекті туралы ұсыныс айтылды.

Дата публикации
18 августа 2021