«Қазығұрт несие» бағдарламасы

«Қазығұртнесие» серіктестігі арқылы 16 пайыздық бағдарламамен  несие алатын болса, оның 10 пайызы мемлекет тарапынан субсидияландырылып, 6 пайызын ғана несие алушы өзі төлейді.

Несиенің негізгі сомасын қайтаруға екі жыл каникул беріледі.

Серіктестік  «Казагро» холдингінің еншілес компаниясы болып табылатын «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы «Агробизнес», «Сыбаға», «Іскер», «Агротехника» несие бағдарламалары арқылы мал басын арттыруға, асылдандыруға, бордақылауға, егін егуге, агротехника алуға, жылыжай өсіруге, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге несиелер береді.

Серіктестік арқылы несие алудың ең басты талабы ретінденесие алушы Серіктестікке құрылтайшы ретінде мүшелікке қабылданып, алатын несиесінің 1/15 бір бөлігін мүшелік жарна ретінде құяды. Сондай-ақ, алатын несиесін жылжымайтын мүлік қою арқылы кепілмен қамтамасыз етеді.

Осы жерде хабарлай кететін жаңалығымыз:

  1. Біз Серіктестіктің өз веб-сайтын жасап шығардық. Біздің жеке сайтымыз (https://kgnesie) арқылы біз туралы барлық мәліметтерді және несиелік бағдарламарды табуға болады!
  2. Серіктестіктің«Фейсбуктағы» «kazygurtnesie» парақшасына қосымша «Инстаграмм» парақшасын аштық. «Инстаграм» арқылы kgnesie.kz батырмасына бассаңыз, біздің сайтқа кіруге болады.
  3. Бізге енді несиені «Халық банкі» АҚ-ның терминалдары арқылы немесе «Homebankмобильді қосымшасы арқылы комиссиясыз төлеуге болады. Біз Халық банкінің төлем базасына енгізілдік. Сондықтан бұл кәсіпкерлер үшін ыңғайлы болмақ.
  4. "Іскер" бағдарламасы бойынша 7 млн.теңгеге дейінгі қаржыға егер сіздің кепіліңіз жетпесе, мемлекет тарапынан 85% пайызға дейін кепілдік болады! Бұл дегеніміз шалғай ауылдардағы аз сомаға бағаланған мүліктерге мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің алатын сомасына кепілдік беріліп, қомақты несие алуға болады деген сөз.
  5. «Агробизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлерге Серіктестік арқылы 80 млн.теңгеге дейін қаржы беріледі.

Серіктестіктіңқызметі туралы жоғарыда көрсетілген ақпаратты Қазығұрт аудандық әкімдігінің жеке сайтына жариялауыңызды сұраймын. Себебі, біздің ортақ мақсатымыз – ауыл шаруашылығындамыту, шаруа-кәсіпкерлерді қолдау !!!

Қазығұрт е.м. , Қонаев көш. 149Е

Тел. 8-(72539) 2-25-49

E-mail:tooktkazygurtnesie@mail.ru

 

 

«Қазығұртнесие» КС ЖШС

Басқарма төрағасы                               Е.С.Жузбаев

 

Дата публикации
24 сентября 2021