ЕҢБЕК –БӘРІН ЖЕҢБЕК

ЕҢБЕК –БӘРІН ЖЕҢБЕК
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, мамандықтарды насихаттап, өндіріс саласына жастарды тарту мақсатында және Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде қыркүйектің соңғы жексенбісі «Еңбек күні» болып белгіленді.
Еңбек күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі А.Абдуллаев, мәслихат хатшысы Ө.Көпеев, ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Омаровауданның мерейін асырған, биылғы жылғы облыстық МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ конкурсының 1- ші орын иегерлері Жамаловтар жанұясы, сонымен қатарәр салада көп жылдар қызмет жасаған озық қызметкерлер және жас кәсіпкерлермен кездесті. Кездесу барысында еңбегі еленген тұрғындарымызға АЛҒЫС ХАТ табысталып, сый-сияпат көрсетілді.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Дата публикации
24 сентября 2021