1. Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы 654 миллиард теңгеден асты

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

  1. Ағымдағы жылы БЖЗҚ салымшыларының таза инвестициялық табысы

654 миллиард теңгеден асты

 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтары 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 12,7 триллион теңгеден асты. Бәрімізге белгілі, бұл сома зейнетақы жарналары мен инвестициялық табысты қамтиды.

2021 жылғы 1 қаңтардан 1 маусымға дейінгі бес айдың ішінде БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 654,2 млрд теңге мөлшерінде таза инвестициялық табыс есептелгенін атап өту маңызды. Бұл өткен жылдың бес айымен салыстырғанда 155 млрд теңгеге немесе 31% артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бері 5,3%, ал инфляция 3,5% болды. Соңғы 12 айда инфляция 7,2%, кірістілік 11,7%  көрсетті.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы активтерін инвестициялау нәтижелеріне сәйкес апта сайын қайта есептеледі және қайта бағаланады. Инвестициялық табыстың құрамына бағалы қағаздар (салымдар және басқа операциялар) бойынша сыйақы, қаржы құралдарын нарықтық қайта бағалау, валюталық қайта бағалау түріндегі кірістер, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер және т. б. кіреді.

Жалпы, барлық зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілген сәттен бастап Ұлттық банк қамтамасыз еткен инвестициялық табыс шамамен 5,3 трлн теңге болды. 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі таза инвестициялық табыстың үлесі 36,1% болды.

         Егер Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бергі кезеңді алсақ,  таза инвестициялық табыс 6,2 триллион теңгеден асты. Осы уақыт ішінде инвестициялық кірістілік өсу қорытындысымен 640,01% құрады. Ал инфляция 517,53% болды. Осылайша жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысқа енгізілген сәттен бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің нақты кірістілігі 122,48% көрсетті.

         Айта кету керек, зейнетақы жинақтары – бұл ұзақ мерзімді инвестициялар, сондықтан инвестициялық табыстың мөлшерін кемінде 1 (бір) жыл кезеңінде талдаған орынды. Қысқа мерзімді деректер (күнделікті, ай сайынғы және т.б.) көрсеткіш болып табылмайды, өйткені, олар күнделікті нарықтық жағдайға байланысты.

          Инвестициялық басқару мен зейнетақы активтерін есепке алудың барлық жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық табысын enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе ұялы қосымшаның көмегімен бақылай алады. БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың ресми сайтындағы (www.enpf.kz) «Көрсеткіштер/Инвестициялық қызмет» бөлімінде жарияланып отырады.

          Ұлттық банктен басқа БЖЗҚ салымшылары өз жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушы (ИПБ) компанияларға аудара алады. Қазіргі уақытта БЖЗҚ төрт ИПБ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасады. Сіз бұл туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын enpf.kz веб-сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен көре аласыз.

           БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін ИПБ оларды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы №10 қаулысымен бекітілген Инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру қағидаларында көрсетілген және ИПБ инвестициялық декларациясында көзделген рұқсат етілген қаржы құралдарына инвестициялайды.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға сәйкес, ИПБ инвестициялық басқаруды жүзеге асырғаны үшін комиссиялық сыйақы алуға құқылы. ИПБ сыйақысының шекті шамасы алынған инвестициялық табыстың 7,5%  аспауы тиіс. Комиссиялық сыйақының нақты шамасын жыл сайын ИПБ-ның басқарушы органы бекітеді және ол жылына бір рет қана өзгеруі мүмкін.

Салымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін Ұлттық Банктің басқаруында болатын зейнетақы жинақтарына инфляция деңгейі ескеріліп отыратын сақталу кепілдігі қолданылады. Зейнетақы жинақтары ИПБ-ның басқаруына аударылған жағдайда, мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ететін кепілдігімен алмастырылады. Кірістіліктің ең төменгі деңгейі нарықта әрекет ететін ИПБ-ның басқаруына берілген зейнетақы активтерінің орташа алынған кірістілігін негізге ала отырып есептелінеді.

            Айта кетейік, «Jýsan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері қызмет басталғаннан бері (2021 жылғы 15 наурыз) 4,7% деңгейінде табыстылық көрсетті. «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің осы кезеңдегі табыстылығы-1,6%; «BCC Invest» АҚ – 2,3%. Бұл ретте инфляция осы кезең ішінде 3,5% құрады. «Сентрас Секьюритиз» АҚ зейнетақы активтерін 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап басқарады, осы уақыт ішіндегі инвестициялық табыстылық 2,5%, ал инфляция 3,5% болды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

  1. «БЖЗҚ» АҚ-ның 1 маусымдағы негізгі көрсеткіштері

 

2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.06.2020 жылдан бастап 01.06.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы 1 триллионнан аса теңгеге немесе 9% өсті.

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 трлн теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім – 9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 326,1 млрд теңге (өсім 18%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге  (өсім 4%) жетті.

2021 жылдың бес айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 665,6 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 236,7 млрд теңгеге немесе 55%-ға асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5%-ын БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы – 491,5 млрд теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім 20%), МКЗЖ бойынша 22,9 млрд теңге (өсім 14%) түсті, ЕЗЖ бойынша 241 млн теңге (өсім 80%) аударылды. 

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі, салымшылардың салымынан бөлек, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында 654,2 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алды. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 31% немесе 155 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бастап 1 маусымға 5,3% болса, инфляция 3,5% құрады. Соңғы 12 айдағы кірістілік 11,7%, осы кезеңдегі инфляция 7,2% болды.

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны – 10 900 756. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 523 624, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 45 143 бірлікке тең.

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 1,5 трлн теңгеден астам төлем жасалды. Төлемдердің 1,4 трлн теңге көлеміндегі басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады. Жас мөлшері бойынша төлемдер екінші орында – 37,4 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 33,8 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 26,3 млрд теңгені, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер  13,4 млрд теңгені, жерлеуге берілген төлемдер 2,1 млрд теңгені және мүгедектік бойынша төлемдер 0,9 млрд теңге болды.

Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 780 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады. Бұл ретте, ағымдағы жылы салымшыға кесте бойынша берілген МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ-ның жиынтық төлемі 558 954,53 теңге болды.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

  1. Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшылары 17 миллионнан аса қызмет алды

 

            Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бері тек бес ай ішінде, яғни 01.01.2021-01.06.2021 аралығындағы кезеңде өз салымшыларына 17,6 миллион қызмет көрсетті. Бұл өткен 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%  көп. 

Электрондық форматта 13,1 миллионнан астам қызмет көрсетілді, бұл қызметтердің жалпы көлемінің 74% құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда онлайн қызметтердің танымалдығы үш есеге дерлік өсті. БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез-келген жерде ала алатынын естеріңізге саламыз. Атап айтқанда, бұл қызметтер жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның болуы туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге берілетін өтініштің мәртебесін қадағалау және тағы басқалар

Автоматты форматта (мәлімдемесіз өтініштер) 2,6 миллион қызмет көрсетілді, ол жалпы көлемнің 14,5%  тең.

Салымшылар 1,1 миллионнан аса қызметті тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінен алды. Қазақстан бойынша 183 қызмет көрсету нүктесінде салымшыларға 1 115 173 қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 458,8 мың қызметке (немесе 69,9% ) артық.

«БЖЗҚ» АҚ мен «Қазпошта» АҚ-ның шалғайдағы елді мекендерде орналасқан ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде көрсетілетін қызмет түрлері бойынша бірлескен жобасының арқасында Қор салымшыларына 2021 жылдың 5 айында пошта операторының бөлімшелерінде 6 798 қызмет көрсетілді, ол өткен жылмен салыстырғанда үш есеге дерлік көп. «Қазпошта» бөлімшелерінде төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асыруға болады:

  • салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);
  • хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін) туралы келісімге қол қою.

Қорда, сондай-ақ, барып қызмет көрсету бөлімдері де іске қосылған. Олар қатаң санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып жұмыс істейді. Бұл ретте алдын ала кеңес беру (оның ішінде қызметтерді онлайн алу мүмкіндігін тексеру) жүзеге асырылады. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шотын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылу туралы өтініштер) және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ресімдеу үшін барып қызмет көрсетуге қажеттілік туындаған жағдайда, Қордың мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, сапарға шығады. Барып қызмет көрсету барысында 2021 жылдың 1 маусымына 28 018 операция жүзеге асырылды.

БЖЗҚ сапалы кеңес беру қызметтерін ұсынуға және Қордың салымшылары мен алушылары үшін ақпараттық арналарды дамытуға ерекше көңіл бөледі. 2021 жылдың 1 маусымына кері байланыс арналары арқылы салымшылардың өтініштерінің саны бір жыл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда екі есеге артты. Ағымдағы жылы шамамен 819 мың өтініш, ал өткен 2020 жылы барлығы 558 мың өтініш қаралды. Осылайша, өсім 46,9% болды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) арқылы байланыс орталығында  кеңес ала алады. Сондай-ақ, ақыл-кеңестерді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпараттар Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларында да жарияланған.

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

Дата публикации
21 июля 2021