Қазығұрт ауданы С. Рақымов, Жігерген, Қарабау, Қ. Әбдалиев, Тұрбат ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттары мен сенім білдірген адамдардың құқықтық біліктілігін арттыру мақсатындағы семинар-кеңестің хаттамасы

Қазығұрт ауданы С. Рақымов, Жігерген, Қарабау, Қ. Әбдалиев, Тұрбат  ауылдық округтері әкімдігіне кандидаттары мен сенім білдірген адамдардың құқықтық біліктілігін арттыру мақсатындағы семинар-кеңестің хаттамасы

Қазығұрт ауданы                                         19.07.2021 жыл

                                                           Сағат:11-00

Шақырылғандар:Қазығұрт аудандық прокуратурасы,

Қазығұрт аудандық ішікі істер

бөлімі, Қазығұрт АСК төрағасы және                      мүшелері, ауыл әкімдігіне кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері

 

Қатысушылар:Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Алтынбеков Мадияр Балтабайұлы , ауыл әкімдігіне кандидаттар-24, сенім білдірген өкілдер- 35

Семинар тақырыбы:«Қазығұрт ауданы С. Рақымов, Жігерген, Қарабау, Қ. Әбдалиев, Тұрбат  ауылдықокругтері әкімдігіне тіркелген кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдардың міндеттері мен құқықтары туралы».

Семинар тақырыбы бойынша сөз алған Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Р.Бобетов: сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі, сайлау науқанына арнайы дайындалған үгіт баспа материалдары тарату туралы, сайлау алдындағы үгітті жүргізу құқығы және байқаушылар мен сенім білдірген адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы, дауыс беру үй-жайындағы тәртіп ережесін сақтау туралы түсіндіріп өтті.

Семинар тақырыбы бойынша Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары М.Алтынбеков  сөз алып, сайлау науқаны барысы мен сайлау күнгі қоғамдық тәртіпті сақтау туралы кеңінен тоқталып айтып өтті.

Сұрақ:кандидат Б.Калдаров кандидаттардың үгіттік баспа материалдарды қандай орындарға ілуге рұқсат?

Жауап:Кандидаттар үгіттік баспа материалдарын тиісті әкімшілік бекіткен және  обьект иесінің рұқсатымен өзгеде орындарға іліп қоюға құқылы.

Одан әрі Р.Бобетов семинар барысында және кімде қандай сұрақ бар деген сауалына, ешкімде сұрақ жоқ деп қатысушылардан бір ауыздан жауап алды. Бүгінгі семинар-кеңеске қатысқандарыңыз үшін баршаңызға үлкен рахмет деп аяқталғанын хабарлады.

 

 

Қазығұрт аумақтық сайлау

   комиссиясының төрағасы                                                             Р. Бобетов

Қазығұрт аумақтық сайлау

   комиссиясының хатшысы                                                             Б. Дөненбай

                                                                                                                                            

Дата публикации
19 июля 2021