Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 наурызда № 10379 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы "Мемлекеттік кәсіпорын басшысын тағайындау және аттестаттаудан өткізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" № 70 бұйрығына сәйкес Қазығұрт аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "Қазығұрт аудандық мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына конкурс жариялайды
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға;
кәсіпорынның шаруашылық, қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, мемлекеттік сатып алуды жоспарлайды және жүзеге асырады;
кәсіпорынның балансындағы мүліктің сақталуын, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарда матераилдық-техникалық базаны нығайту, жаңғырту, жақсарту, ағымдағы, күрделі және жаңа құрылыс жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуге;
кәсіпорынның басқару құрылымын, штат кестесін айқындайды;
жергілікті бюджеттен қаралған қаржыландыру жоспарын жүзеге асырады;
мәдениет саласы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасында қабылданған индикаторлық көрсеткіштер бойынша іс-шараларды орындайды;
ауылдық мәдениет үйлері мен клубтардың қызметтеріне басшылық етеді;
шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды, жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;
байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;
көркемөнерпаз ұжымдарының қызметін бақылауды жүзеге асырады;
тарихи, мәдени ескерткіштер мен монументтерді, қасиетті, киелі орындарды насихаттау, зерделеу есебін жүргізеді;
білікті мамандарды әдістемелік құралдар, сценарийлер, репертуар жасауға, осы материалдарға пікір жазу және көркемөнерпаздар ұжымына шығармашылық көмек көрсету жұмыстарына тартады;
қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін жағдайлар жасайды, көтермелейді, шығармашылық бастамаларын ынталандырады;
жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерінің сақталуын және қорғау жөнiнде шаралар қолданады;
мәдениет қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссияның материалдарын дайындайды;
мәдениет нысандарында шығармашылық үйірме жұмыстарын ұйымдастырады;
халыққа ақылы мәдени қызмет көрсету іс-шараларын ұйымдастырады;,
мәдениет нысандарында жылу жүйелерінің қысқы маусымға дайындығын қамтамасыз етеді;
ұйым қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртіптерін, еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау бойынша ережелерді, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауларын бақылайды;
Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асырады және кәсіпорынның қызметіне, кадрлардың жұмысына жеке жауапкершілік міндеттеледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясын, Бюджет кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін, Еңбек кодексін және "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мәдениет туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын.
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін)
3) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
4) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
5) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
7) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚРДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтаманы ұсынады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады
Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген барлық құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды. Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі Комиссия хаттамасымен бекітіледі.
Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.
Комиссия конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуін тексереді.
1) он сегіз жасқа толмаған;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардан құжаттар қабылдау басталатын күн бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткеннен кейін аяқталады.