Сайлау учаскелерін құру туралы

Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 6 қарашада №4772 болып тіркелді

Сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес сайлаушыларға барынша қолайлылық туғызу мақсатында, жергiлiктi және өзге де жағдаяттар ескеріле отырып Қазығұрт ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қазығұрт ауданының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткiзу үшiн сайлау учаскелерi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Қазығұрт ауданы әкімінің 2014 жылғы 12 ақпандағы №3 «Сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2563 нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда «Қазығұрт тынысы» газетінде және 2014 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. «Қазығұрт ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Қазығұрт ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қазығұрт ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Е.Тұрғынбековке жүктелсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                                                                             Т.Т.Телғараев

Дата публикации
21 апреля 2021