Қазығұрт ауданы әкімінің есептері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Айтылған ескертулер/ ұсыныстар |
Ескертулерді/ұсыныстардың орындалуы |
|
Қызылқия ауыл округі |
||
|
1. |
Қызылсеңгір елді мекенінің көшелеріне шағал тас төсеп беру мәселесі |
Қызылсеңгір елді мекенінің ауыл арасындағы жолдарына толығымен шағал тас төсеу жұмыстарына құжаттары дайын, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып. Мердігер мекеме анықталып, жұмыстар жүргізілуде. Жалпы құны 44,011 млн тенге. |
|
2. |
Ынталы елді мекеніне медициналық пункт салу мәселесі |
Медициналық пункт салуға құжаттары толығымен біткен, Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан 150 млн қаржы қаралып, 2021 жылы құрылысы басталады |
|
Жігерген ауыл округі |
||
|
3. |
Диқан елді мекеніндегі көше жолдарын жөндеу, тозығы жеткен электр бағаналарды ауыстыру және жоғарғы кернеулі электр трансформаторын ауыстыру мәселесі |
Жігірген ауыл округіне қарасты Диқан елді мекенінде 2021 жылы аудандық бюджеттен 44,719 млн теңге қаржы бөлініп, Ж.Дүйсенбеков көшесіне орта жөндеу (2,2 шақырым) жұмыстары жүргізілетін болады. Қазығұрт ауданының «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС мекемесімен бірлескен даму жоспарына сай Диқан елді мекенінің электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. |
|
С.Рақымов ауыл округі |
||
|
4. |
Ауыл округінің Б.Көбеев көшесіне асфальт жол салу мәселесі |
С.Рахымов ауыл округіне қарасты Қызыл ата елді мекенінде 2021 жылы аудандық бюджеттен 19,621 млн тенге қаржы бөлініп, Б.Көбеев көшесіне орта жөндеу жөндеу жүргізілетін болады. |
|
Жаңабазар ауыл округі |
||
|
5. |
Ішкі көшелерді орта жөндеуді өкізіп беру мәселесі |
Биылғы жылы ауыл округ бойынша Ауыл Ел бесігі жобасымен 10 (он) ішкі көшелер асфальтанатын болады. Жалпы құны 351,337 млн тенге |
|
Алтынтөбе ауыл округі |
||
|
6. |
Аққұм елді мекеніне табиғи газ беру мәселесі |
Аққұм елді мекеніне 2016 жылы тартылған газ құбырының 10 шақырым орта қысым құбыры қайта жөндеуден өткізілді. Қазіргі таңда 15 шақырым төменгі қысым газ құбырын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 6 адам қоғамдық негізде жұмысқа қабылданып ақауларын ретке келтірілуде. 2021 жыл газ пайдалануға беру үшін жұмыстар жүргізілуде. |
|
Қарабау ауыл округі |
||
|
7. |
Қарабау ауылы округіндегі ішкі жолдарға асфальт төсеу мәселесі |
2021 жылы ауыл округінде орналасқан 3 көшенің 2,8 шақырым ішкі жолдары орта жөндеуден өткізіледі. Жалпы құны 57,027 млн теңге |
|
8. |
Қарабау ауылы округіндегі электр бағаналары мен желілердіі ауыстыру мәселесі |
2021 жылға Электр энергиясы жетіспейтін Сынтас, Жұмысшы елді мекендеріне Электр бағаналарымен желілерін ауыстырып, трансформатор қою үшін 126,497 млн-ға ЖСҚ әзірленіп сараптамадан өтіп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары рәсімдері аяқталды. Қәзіргі таңда мердігер мекме тарапынан құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-нің инвест жобасы бойынша 2021 жылы Үшбұлақ елді мекенінің төменгі бөлігінің электр энергиясы төмен көшелерінің бағаналарымен электр желілерін ауыстырып және 2 трансформатор қойылатын болады. |
|
Сарапхана ауыл округі |
||
|
9. |
Сарапхана ауыл округі Майлыошақ елді мекеніндегі ескірген электр қуаты бағаналарын ауыстыру мәселесі |
Сарапхана ауыл округі Майлыошақ елді мекенінің көшелерін электрмен жабдықтау құрылысы үшін 23,356 мын теңге қарастырылып, мердігер мекеме анықталды. Бүгінгі таңда жұмыстар жүргізілуде. |
|
Қазығұрт ауыл округі |
||
|
10. |
Қазығұрт ауылы округі, Айша бибі көшесінің соң жағында орналасқан қоқыс полигоны өз мүмкіндігі бойынша толды, ол полигонды көшіру мәселесі |
Қазығұрт ауылы округі, Айша бибі көшесінде орналасқан қоқыс полигонын басқа жерге ауыстыру бойынша Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен сметалық құжаттары, жобасы дайындалып, экспертизасы алынып, аудандық бюджеттен 1 пайыз қаржысы каралды. Кәзіргі таңда мемлекетті сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Қалған қаржысын облыстық басқармаға ұсыныс жолданған. Жалпы сметалық құны 62,807 млн теңге. |
|
Турбат ауыл округі |
||
|
11. |
Тұрбат ауыл округінен тұрмыстық қалдық заттарды тастайтын орын полигон құрылысын жүргізу мәселесі |
Ауыл округіне қарасты Қызылдиқан елді мекені аумағынан полигон құрылысын жүргізу үшін 2,0 га жер телімі беріліп мемлекттік акт алынған. экспертизасы алынып, аудандық бюджеттен 1 пайыз қаржысы каралды. Кәзіргі таңда, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Қалған қаржысын қарау үшін облыстық басқармаға ұсыныс жолданған. Жалпы сметалық құны 48,870 мың теңге. |
|
Шарбұлақ ауыл округі |
||
|
12. |
Шарбұлақ ауылындағы Қ.Пірназаров көшесін асфальттау мәселесі |
Шарбұлақ ауылындағы Қ.Пірназаров көшесін (1,4 шақырым) жолға орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, аудандық бюджеттен 18,863 мың тенге қаржы қаралып, бүгінгі таңда мердігер мекеме анықталды. 2021 жылдың мамыр айында құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
Шанақ ауыл округі |
||
|
13. |
Шанақ ауыл округі Ызабұлақ, ст. Шанақ, елді мекендерінің ауыз су мәселесі |
Шанақ бекеті және Ызабұлақ елді мекенің су құбыры желілерінің құрылыстарына 2021 жылы Республикалық бюджеттен 200,0 млн тенге қаржы қаралып, (қалған қаржысы 2022 жылға өтпелі кезеңмен) құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Жалпы құны 338,486 мың тенге |
|
Қ.Әбдалиев ауыл округі |
||
|
14. |
Рабат елді мекеніндегі Болашақ көшесіне электр жарығын жүргізу және Бәйтерек көшесіне жол салу мәселесі |
2021 жылы Рабат елді мекені Болашақ көшесіне электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуге Республикалық бюджеттен 134,900 млн қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. Бәйтерек көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 31,536 мын теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
Қақпақ ауыл округі |
||
|
15. |
Газ құрылысын толық, сапалы аяқтап, газ беруді жылдамдыту мәселесі |
2020 жылы бұл бағытта Республикалық және облыстық бюджеттен 388 млн тенге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Қалған қаржы 2021 жылға жоспарланған. (Жалпы құны 1 миллиард 117 млн теңге) 2021 жылға жоспарланған қаржы толығымен бөлініп, қәзіргі таңда жұмыстар толығымен жүргізілуде үстімізлегі жылы толық аяқталатын болады. |
|
16. |
Сырлысай, Заңғар елді мекендерінің электр желілерін және бағаналарын ауыстыру мәселесі |
Заңғар, Сырлысай елді мекендерінің электр желілерімен электр бағаналарын ауыстыру бойынша , қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттар (жоба құны 164 869,766 мың теңге) әзірленіп, қаржы бөлдіру бойынша ұсыныс хат жолданған. Қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстарын 2021 жылы жүргізу жоспарлануда. |