Қазығұрт ауылы округінен сайланған қоғамдастық өкілдерінің назарына!
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «мемлекттік мүлік туралы» заңының 18-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 2 тармағында, «жергілікті маңызы бар аса маңызды мәселелер бойынша қажетіне қарай жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуіне болады» - делінген.
«Қазығұрт ауыл округі әкімі аппараты» ММ-нің теңгеріміндегі Қазығұрт ауыл округінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орынды (полигон) сенімгерлік басқаруға беру жайлы мәселені қарау үшін Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы заңына сәйкес, Қазығұрт ауылы округінен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелерімен жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
Жиналыстың өтетін орын: «Қазығұрт ауылы округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Кездесудің уақыты: 2021 жыл 1 сәуір. Сағат:11-00