Жаңабазар ауыл округінен сайланған қоғамдастық өкілдерінің назарына!
«Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001-жылғы 23-қаңтардағы 39-3 бабының 2-тармағына сәйкес, жергілікті маңызы бар аса маңызды мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге болады делінген.Осыған орай, Жаңабазар ауылы округі елді мекен тұрғындарының ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын жайылым жерлері тарылып кетуіне байланысты, елді мекен маңындағы жайылым жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде, Жаңабазар ауылы округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің ғимаратында, жергілікті қоғамдастық жиыны 2021 жылдың 31 наурыз күні сағат 11-00-де өтетінін хабарлаймыз.
«Жаңабазар ауылы округі әкімі аппараты» ММ