АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
5 сұрақ айдары бойынша БЖЗҚ өзекті сұрақтарға жауап береді
1) Сәлеметсіз бе, мен бұрын зейнетақы жинақтарым туралы ақпаратты пошта жәшігіме хат алу арқылы білетінмін, бірақ бірнеше жылдан бері бұрынғы мекенжайда тұрмаймын. Жинақтарымды қазір қалай тексеруге болады?
Cізге ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алудың төмендегі тәсілдері қолжетімді:
БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы «Байланыстар»–«Өңірлік желі» бөлімдерінде берілген картадан ең жақын бөлімшені таңдау мүмкіндігі де бар. Онда бөлімшенің жұмыс кестесі мен байланыс телефондары көрсетілген.
Қорға барлық мәселелер бойынша 1418 тегін нөміріне (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) қоңырау шалу арқылы жүгінуге болады. Сондай-ақ, www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber-дегі чат-бот арқылы, Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі БЖЗҚ ресми парақшаларында кеңес алуға болады.