Қазығұрт ауылы округінен сайланған қоғамдастық өкілдерінің назарына!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 2 тармағында, «жергілікті маңызы бар аса маңызды мәселелер бойынша қажетіне қарай жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуіне болады» - делінген.
Облыс әкімі Ө.Шөкеев елді мекен тұрғындарының ауыл шаруашылығы жануарлары жайылатын жайылым жерлері тарылып кетуіне байланысты, елді мекен маңындағы жайылым жерлерді мемлекеттік меншікке қайтару жөнінде тапсырма беруіне байланысты Қазығұрт ауылы округіндегі жайылым жерлерді қайтару үшін атқарылатын мәселелер үшін Қазақстан Республикасы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы заңына сәйкес, Қазығұрт ауылы округінен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелерімен жергілікті қоғамдастық жиналысы өткізіледі.
Жиналыстың өтетін орын: «Қазығұрт ауылы округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Кездесудің уақыты: 2021 жылдың 05 наурыз. Сағат:11-00