Жаңабазар ауылы округінен сайланған қоғамдастық өкілдерінің назарына!

Жаңабазар ауылы  округінен сайланған қоғамдастық өкілдерінің назарына!

«Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001-жылғы 23-қаңтардағы 39-3 бабының 2-тармағына сәйкес,жергілікті маңызы бар аса маңызды мәселелер бойынша қажеттілігіне қарай жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге болады делінген.Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңының 25-5 бабының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысы сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағындағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру мәселесі бойынша Жаңабазар ауылы округінің жергілікті қоғамдастық жиынын 2021 жылдың наурыз айының 26-ы күні сағат 11-00-де Жаңабазар ауылы округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінің ғимаратында, өтетінін хабарлаймыз.

«Жаңабазар ауылы округі әкімі аппараты» ММ

Дата публикации
19 февраля 2021