Жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурс №16/1 хаттамасы (қорытынды)

Жекеменшік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі конкурс №16/1 хаттамасы (қорытынды)

 

Қазығұртауылы                                                                       31.12.2020 жыл

                                                                                                                        

Өткізілген күні: 31.12.2020 жыл

Уақыты: 11.00

Өткізілген жері: Қазығұрт ауданы  әкімінің аппараты

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссия құрамы

 

 

Уйсимбаев Асан Тілеубердіұлы

- аудандық білім бөлімінің басшысы, төраға

 

Суранова Жамилия Қарсыбайқызы         

- аудандық білім бөлімінің әдіскері, комимссия хатшысы

 

Тұрсынқұлов Серік Алтынбекұлы

-аудан әкімінің орынбасары

 

Өсербаев Аймен Жиенбайұлы

-аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы

 

Сапиев Мурат Байдұллаұлы

-аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

 

Егізек Алия Алекбарқызы

- аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары

 

Кулимов Дархан Нұрланұлы

- аудан әкімі аппаратының Заң бөлімшесінің басшысы

 

Аманкулов Ергали Абденович

- аудандық мәслихаттың депутаты (келісімі бойынша)

 

 

 

 

Күн тәртібінде:

Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарау.

 

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары меншік нысанына қарамастан "Тиісті үлгідегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызмет жеткізушілердің тізбесіне енгізіледі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 10 тармағына сәйкес келген жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жіберіледі.

 

Мына жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың өтінімдері қайта қаралды:

 

№

Ауыл округтің атауы

Мектепке дейінгі ұйымның атауы

Елді мекен

1.        

Алтынтөбе

"Балдария-2020" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Қосағаш

2.        

Алтынтөбе

"Алтынсақа " бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Қаржан 

3.        

Алтынтөбе

"Айсұлтан" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Қаржан

4.        

Алтынтөбе

"Жасұлан" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Алтынтөбе

5.        

Қызылқия 

"Аққу" бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Қызылқия

6.        

Сарапхана

"Зара  Ана " бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Сарапхана

7.        

Сарапхана

"Таңсұлу" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

М.Өтемісұлы

8.        

Сарапхана

"Балдәурен" бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Сарапхана

9.        

Сарапхана

"Арсен " бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Сарапхана

10.     

Сарапхана

"Хансұлтан" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Сарапхана

11.     

Қарабау

"Абзал" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Жұмысшы 

12.     

Қазығұрт 

"Інжу  маржан"  бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Қазығұрт

13.     

Қазығұрт 

"Салтанат -2017" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Ащыбұлақ

14.     

Қазығұрт 

"ЕркеАйым" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Қазығұрт

15.     

Қазығұрт 

"Раушан-1" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Қазығұрт

16.     

Қақпақ 

"Қарлығаш" бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Қақпақ

17.     

Қақпақ 

"Әміркул" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Қақпақ

18.     

Шарбұлақ 

"Алиакбар" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Шарбұлақ

19.     

Жаңабазар 

"Балдырған " бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Жаңабазар

20.     

Жаңабазар 

"Адель" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Жылыбұлақ

21.     

Қ.Әбдалиев

"Каусар " бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Рабат

22.     

Қ.Әбдалиев

"Zeinep" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Қ.Мамбетұлы

23.     

Қ.Әбдалиев

"Гауһарым-1" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Қызылдала 

24.     

Жігерген 

"Перизат-1" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Жігерген

25.     

Жігерген

"Арайлым" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Жігерген

26.     

Тұрбат

"Байтерек" бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Тұрбат

27.     

Шанақ 

"Балапан " бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Шанақ

28.     

Шанақ 

"Гауһарым" бөбекжай балабақшасы» ЖШС

Ақжар

 

  1. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 Бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидасына (одан әрі - Қағида) сәйкес жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдардың тапсырған құжаттары қаралып, Қағиданың 11 тармағына сәйкес осы хаттамаға 1-қосымшаға сәйкес Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізілсін;
  2. Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеуіне байланысты осы хаттамаға 2-қосымшаға сәйкес жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдары мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тартылсын.
  3. Қорытынды туралы конкурстық комиссияның шешімін конкурстық комиссияның хатшысы аудан әкімдігінің, ауданның білім бөлімінің интернет-ресурсында орналастырып, әлеуетті жеткізушілерге хабарласын.

 

  1. Қазығұрт аудандық білім бөлімі:

1) короновирустық инфекциясының пандемиясына байланысты төтенше жағдай және карантин мен шектеу шаралары енгізілгендіктен 2020 жылы мектепке дейінгі ұйымдардың мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жұмыстары тоқтатылған. Осыған байланысты жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына 2021 жылы жаңа және қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шартты карантин мен шектеу шаралары алынған соң, бюджетте қаралған қаржы көлемі шегінде жасассын;

2) жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру кезінде кезектілік тізімін басшылыққа алсын;

3) жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар топтарының толымдылығын Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылуын бақылауға алсын;

4) жан басына қаржыландырылған кезде мемлекеттік білім беру тапсырысына тапсырыс беруші балаларға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған қызметтердің құнын мынадай жағдайда төлесін:

- қалмай мектепке дейінгі ұйымға үнемі баратын балаларға;

- ата-анасының біреуінің (баланың заңды тұлғасының) өтінішінің негізінде мектепке дейінгі ұйымда үш жұмыс күні ішінде жоқ болған балаларға;

- баланың ауруы, медициналық, санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделуі, сауықтырылуы (анықтама берілгенде), ата-аналарының біреуіне (баланың заңды өкіліне) еңбек демалысының берілуі және баланың жаз уақытында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырылуы (өтініші болған кезде) себептері бойынша жоқ болған балаларға;

5) «Тиісті үлгідегі мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №17657 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйым қызметінің үлгілік қағидаларымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен қағидаларын сақталуын бақылау сұралсын;

6) жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізсін және Мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесі Стандарт негізінде әзірленген Үлгілік жоспарлар мен Үлгілік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырыл консультативтік көмек көрсетсін.

Дата публикации
18 января 2021