Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

ҚАУЛЫСЫ

 

 

№5                                                                                          30 қыркүйек 2026 жыл

 

 

 

Қазығұрт ауданы Сарапхана ауылдық

округі әкімінің сайлауы бойынша

сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 14- бабының 6- тармақшасы, 21- бабының 4- тармағы, 22- бабы негізінде Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазығұрт ауданының Сарапхана ауылдық округі әкімін сайлау үшін Сарапхана ауылдық округінің шекарасы аумағында Сарапхана сайлау округі құрылсын.
  2. Сарапхана сайлау округінің шекарасын және аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында және «Қазығұрт тынысы» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                                        Р. Бобетов

 

 

Хатшы                                                                                        Б. Дөненбай

 

 

 

Дата публикации
30 сентября 2026