«Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

«Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі- Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі) ауыл шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ведомстволары жоқ.
  3. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауыл округі, Қазығұрт ауылы, Д.Қонаев көшесі №2/д үй, индекс 160300.
  10. Осы ереже Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  12. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі кәсіпкерлік субъектілерімен Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) мемлекеттiң азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;

            2) кәсіпкерлікті, агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету;

            3) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнiмiн және оның қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудің экономикалық жағдайларын жасау;

            4) органикалық өнім өндіруді дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Өкілеттіктері:

            1) Құқықтары:

            - мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мүдделерін білдіру;

            - өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

            - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар;

            2) Міндеттері:

            - Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

            - Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

            - мемлекеттік қызметтерді сапалы және уақытылы көрсетуді қамтамасыз ету;

            - мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

            - Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

  1. Функциялары:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асырады;

2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасайды;

3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және соған жауапты болады;

4) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымы объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз етедi;

5) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен, Ұлттық палатамен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

6) сараптама кеңестерінiң қызметiн ұйымдастырады;

7) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;

8) шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;

10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туризмді дамыту туралы ақпарат жинауды, талдауды жүзеге асырады және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына береді;

11) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;

12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;

13) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше туризмді дамытуға жәрдем көрсетеді;

14) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат береді;

15) аудандағы туристік маршруттар мен соқпақтардың тізілімін жүргізеді;

16) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi;

17) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;

18) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлейдi;

19) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бойынша ұсыныстар әзірлейді;

20) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады;

21) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асырады;

22) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

23) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы» кодексінің 199 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 405 (екінші бөлігінде) баптарында көзделген, аудан аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

24) аграрлық секторды басқарудың жаңа жүйелерін енгізу жөнінде ұсыныстар беру;

25) маркетингтік ұсыныстар әзірлеу (ауыл шаруашылық өнімдерін сату және өндіру);

26) шаруашылық жүргізуші субъектілерге, фермерлік және шаруа қожалықтарына техникалық сервис қызметін көрсетуді жақсартуға бағытталған бағдарламаларға қатысу;

27) аудан шаруашылықтарындағы техниканың жағдайы, сұранысы және алынған техникаларға есеп жүргізу;

28) меншік нысанына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілеріндегі мал шаруашылығында асыл тұқымды малдардың гендік қорын сақтау, іріктеу, мал басының санын арттыру жұмыстарының перспективалық жоспарларын жүзеге асыруға қатысу;

29) меншіктің барлық нысандағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында аурулар мен зиянкестеге қарсы ауыл шаруашылығы дықылдарының тұқымын улы химикаттармен өндеу жұмыстарына қатысу;

30) ауданның ішкі сұраныстарын және одан тысқары жаққа өткеруді қанағаттандыру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу ісін жолға қоюды ынталандыру жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру;

31) аудандағы ауыл шаруашылығында инвестиция пайдаланудың басыңқы бағыттарын анықтау;

32) меншіктің барлық нысанандығы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында ауыл шаруашылық дақылдарын өндірудің агротехникалық шараларының сақталуына бақылау жасау;

33) ауыл шаруашылық құрылымдарының егіс алқабы, өнімділік пен валдық өнім туралы деректерін тапсыруына мониторинг жасау;

34) фермерлермен, шаруа қожалықтарының басшылары мен мамандары, ауыл шаруашылық кооперативтері, акционерлік қоғамдар, шаруашылық серіктестіктерімен агро оқу сабақтарын ұйымдастыру;

35) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген, селекциялық жетістіктердің мемлекеттік реестріне кіргізілген жоғарғы сапалы тұқымдардың түрлерін өндіру және шаруашылық субъектілерді қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;

36) сұрыптық тұқым шаруашылық егістіктердің апробациясын өткізуге қатысу;

37) ауыл шаруашылық құрылымдарымен тұқымдардың өтпелі (көшпелі, ауыспалы) және сақтандыру қорын құруға өз құзыреті бойынша көмектесу;

38) су тұтынушылардың және су шаруашылық органдар мен су тұтынушыларға субсидиялық тарифтермен нақты қорсетілген қызметтері бойынша берілген құжаттарды тексеру және оны облыстық атқарушы органға беру;

39) ведомстволық бағынысты ұйымның қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

40) ведомстволық бағынысты ұйымның даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында көзделген жағдайларда келіседі;

41) ведомстволық бағынысты ұйымның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

42) ведомстволық бағынысты ұйымға бекітіліп берілген коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

43) техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Техникалық инспекция саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарына сәйкес көрсетеді;

44) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

45) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

 

  1. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.
  4. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3) сенімхаттар береді;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.

 Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезенде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

 

  1. Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.  

Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің «Қазығұрт су шаруашылығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
18 сентября 2026