Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2026 жылғы ___ қыркүйектегі
№ ___ қаулысына қосымша
Қазығұрт ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 29 тамыздағы
№283 қаулысына 7 - қосымша
«Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
«Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;
тұрғын үйдің қол жетімді болуын көтеру, әлеуметтік-мәдени саладағы қазіргі заман талабына сай объектілерді құру;
ауданның елді мекендерінің құрылыстық, көліктік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді экология мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес жүзеге асыру, сәулеттік, тарихи-мәдени мұра және табиғи кешенді сақтау;
Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған тағы басқа функцияларды атқарады.
1) құқықтары:
өз құзіреті шегінде ақпараттық - талдау материалдарын дайындауға және оларды облыстық мемлекеттік органдарға және аудан әкімдігіне ұсынуға;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алуға, мемлекеттік мекеменің құзырына қатысты мәселелерді әзірлеуге, қатысуға тиісті ұсыныстар әзірлеуге;
сараптамалар мен консультациялар жүргізу үшін орталық және жергілікті атқарушы органдардың мамандарын,сондай – ақ тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқығы бар;
мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатынастарында азаматтардың құқықтарын сақтау және басқа да мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық – әдістемелік, ақпараттық және басқада көмектер көрсетеді;
аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тоқтатып қою, объектілерді кейіннен кәдеге жару жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді уақытылы және сапалы жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы нормаларына сәйкес жауапты болады;
сот органдарына қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғауға жүгінуге болады;
рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілерін сүру туралы, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін бекітілген талаптарға сәйкес келтіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) ландшафтарды сақтау туралы сотқа талап қоюларға бастамашылық ету жүктеледі;
сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобалау ұйымдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары және жобалардың мемлекеттік сараптамасы облыстық және аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет етуге болады;
2) Міндеттері:
1) Аудан аумағындағы құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру жөнінде аудан көлемінде ұсыныстар еңгізеді, мемлекеттік мекемеге қатысты мәселелер бойынша ақпараттық талдау және басқа да материалдар әзірлеуді жүзеге асырады;
2) мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ұсыныстар береді, оның орындалуын қадағалайды, сондай – ақ жергіліктіатқарушы органдар өткізетін шараларға қатысады;
3) аудан денгейіндегі құрылыс, сәулет және қала құрылысы қатысты мемлекеттік тапсырыстарды іске асыруға қаржыландыруды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша отырыстар өткізу;
умақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;
5) сәулет және қала құрылысы саласында міндеттерді жүзеге асыру бөлігінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын әзірлеу мен келісуге қатысуға міндетті;
6) құрылыстық, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіліктерді экология мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес жүзеге асыруға міндетті;
7) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдерді дайындау;
8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған жағдайларда мемлекеттік қажеттіліктер үшін алуға және мемлекеттік мақсаттар үшін жер телімдерін ұсынуға объектілер мен кешендерді орналастыру бойынша жұмыс комиссиясында қатысу және ұсыныстар әзірлеу;
9) белгіленген тәртіп бойынша қала құрылыстық, сәулет-құрылыстық және басқа да жобалық (жобалық-сметалық) құжаттардың материалдарын келісіп бекітуге дайындау;
10) жоғары тұрған ұйымдарға мемлекеттік мекеме өз құзырындағы мәселелер бойынша есептер мен ақпараттарды ұсыну;
11) "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесін енгізу және толтыру бойынша мониторинг;
12) тіреуіш және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелерді және жабдықтарды өзгертумен байланысты емес әрекеттегі ғимараттар бөлмелерін (жеке бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру;
13) сәулеттік – жоспарлау тапсырмаларын беру;
- елді мекендерде сыртқы (көзкөрімдік) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру;
- аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру;
14)мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
15)құрылыс жобаларының жүзеге асырылуына бекітілген құрылыстық құжаттамасына сәйкес бақылауды қамтамасыз етеді;
16) жобалық жұмыстар, объектілердің құрылысы мен қайта жаңарту бойынша мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімін ұйымдастыру;
17) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
18) бөлімнің міндеттерімен өкілеттіліктерін іске асыру Қазақстан Республикасының
1) Заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;
2) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
3) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;
4) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды
5) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын және іске асыру;
6) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
7) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджетнвтік иестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту;
8) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;
9) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
10) бұрыннан бар үйлердің үй-жайларын қайта жоспарлау арқылы реконструкциялау туралы шешім қабылдау;
«Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымы бойынша аудандардың бас сәулетшісі болып табылады.
«Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша «Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға «Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;
мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;
сенімхаттар береді;
заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;
өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;
мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.
«Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Қазығұрт аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.