Сабыр Рақымов ауылдық округі бойынша 2025 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылғы атқарылып жатқан жұмыстар туралы төмендегіше баяндаймын.

 

 

 

Сабыр Рақымов ауылдық округі бойынша 2025 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2026 жылғы атқарылып жатқан жұмыстар туралы төмендегіше баяндаймын.

 

 

Сабыр Рақымов ауылдық округінде 3 елді мекен бар,

отбасылар саны -634,

халықтың саны - 4051 тұрғын бар.

 

№

Елді мекендер

Отбасы

Халық саны

 

1

Көкібел

306

1944

2

Қызылата

110

743

3

Майбұлақ

218

1364

Жалпы халық саны:

634

4051

 

С.Рақымов ауылдық округі әкімі аппаратында 6 мемлекеттік қызметкер және 2 нұсқаушы қызмет атқарады. Ауыл округі аумағында     4-мектеп, 4-балабақша, 1- мәдениет үйі, 1-дәрігерлік амбулатория,   “Омедин” емдеу орталығы, 13-шағын кәсіпкерлік  нысандар халыққа қызмет етуде.

 

С.Рақымов  ауылдық округінің жер көлемі

 

 

Ауыл округі

Барлық жер көлемі /га/

Егістік жер барлығы /га/

Оның ішінде суғармалы /га/

шабындық

/га/

жайылым /га/

бау /га/

өзге жерлер /га/

С.Рақымов а/о

9637

2741

266

1925

4321

119

265

                                                                            

          С.Рақымов ауылдық окургі бойынша 182- шаруа қожалықтары,  1- Ө/К,   2-ЖШС-не бекітіліп берілген.

«Үш жақтама келісім» шартқа сәйкес 2024 жылы 2600,8 гектар егістік жер игеріліп, бекітілген жоспар 100 пайызға орындалды. Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша бекітілген жоспар 3 дана техника болса, қазірге 5 дана техника алынды,  қосымша кәсіпкерлер жаңадан техника алуға өтінім беріп қойған, нәтижесін күтіп отыр. 2024 жылдың  қорытындысымен  100 пайызға орындалды.

 

Мал шаруашылығы

 

№

Атауы

2025 жыл

Мал саны  (бас)

 

1

Ірі қара

5056

2

Жылқы

2330

3

Қой, ешкі

12972

4

Үй құстар

11229

 

        С.Рақымов ауылдық округінің вет пункт меңгерушісі және 3-лицензиалы мал дәрігерлері қызмет көрсетуде. Ауыл округі бойынша барлық ауыл шаруашылық малдары жұқпалы ауруларға қарсы жоспарға сәйкес емделуде. Үй іргелік қора жайларды тұрақты дизенфекциялануда.

     Елді мекендердегі иесіз қаңғыбас ит-мысықтарды аулау және жою жұмыстары тұрақты жүргізілуде.      

 

Сабыр Рақымов ауылдық округі бойынша 2024 жыл бойынша   

салық түсімдері

 

№

Түсімдердің атауы

Жылдық жоспары, мың тг

Орындалғанымың тг

Пайызы

101202

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталынатын жеке табыс салығы

26 258,0

19 412,9

73,9

104102

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық

313,0

392,0

125,2

104401

Заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын  салық

342,0

537,0

157,0

104402

Жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық

9 145,0

9 140,0

99,9

 

Барлығы

36 058,0

29481,9

90,8

 

Құқық қорғау саласы

    Сабыр Рақымов ауылдық округінде 1 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды.  С.Рақымов ауылдық округі бойынша көктемгі шақырылушы жалпы- 98 бала, аудандық дәрігерлік сараптаудан өткені 28 бала, әскерге кеткені жалпы-5 бала кетті. Әскерге шақыру қағазы 98 балаға толық таратылды. 

 

С.Рақымов ауылдық округі бойынша елді мекендердің табиғи газбен  қамтылуы жайлы

 

          С.Рақымов ауылдық округіне қарасты Көкібел, Майбұлақ және Қызылата елді мекендері бойынша 634 тұрғын үй болса, қазіргі таңда 608 үй табиғи газға қосылып 95,8 пайызға орындалды. Қазіргі таңда қосылмаған тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстары жүруде. 

 

 

«Жасыл аймақ» және тазалық саласы бойынша

 

          С.Рақымов ауылдық округі бойынша 2026 жылы көшет отырғызу жоспары көктем айларына 2116 дана болса,  2116 дана егіліп, артығымен орындалды.

         Сонымен бірге, ауыл округінде  әр сенбі күндері жалпы сенбіліктер ұйымдастырылып, оған ауыл тұрғындары мен қоғамдық жұмыспен қамтылғандар күнделікті тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбіліктер барысында көше бойлары, арық – атыздар, аяқ жолдары, тұрмыстық қатты қалдықтардан тазаланып, аптасына бір күн белгіленіп, техника көмегімен шығарылды.     

 

Атаулы әлеуметтік көмек көрсету  бойынша 2024 жыл  бойынша

 

№

Қаржылай көмек көрсетілген кезеңі

Отбасы саны

Құрамы

Суммасы

1

І- тоқсан

17

119

2 206 100

2

ІІ -тоқсан

17

119

2 206 100

3

ІІI- тоқсан

3

23

910773

4

IV- тоқсан

5

38

1 112 468

 

Барлығы

42

299

6 435 441

 

Ауылдық округ бойынша жалғызілікті 5 қарт тіркелген. Оған 1 әлеуметтік қызметкер бөлінген.

 

Жаңадан ашылған кәсіпкерлік нысандар

 

2025 жылы ауылдық округі бойынша орта және шағын кәсіпкерлік обьектілерін ашу жоспары 3 кәсіпкерлік нысан бекітілген болса, қазіргі таңда 3 кәсіпкерлік нысандар ашылып, өз жұмыстарын бастаған.  жоспар 100 пайызға орындалды. Атап айтқанда:

  1. ЖШС «Омедин» клиника,
  2.  «Омедин» дәріхана,
  3. Аралас заттар дүкені ЖК Амангельдиева Анар

            Жеке инвестицияға 900 млн. тартылды.

 

 

 

 

 

 

 

Ауыл округі бойынша атқарылған жұмыстары.

 

  1. Көкібел елді мекені Жетібай батыр көшесіндегі 3,2 шақырым жердің электр бағаналары ауыстырылды және жаңа трансформаторлар қойылды. 
  2. С.Рақымов көшесіне жалпы ұзындығы 1,8 шақырымға таза су құбыры тартылу жұмыстары жүргізілді.
  3. С.Рақымов, Шаттық, Айқынбай батыр көшелеріне электр бағаналары ауыстырылды, трансформатор қойылды.
  4. Көкібел елді мекені Жастар, Шаттық, Ақтас, Атамекен, Ынтымақ, Айқынбай батыр көшелеріне асфальт төселіп, А.Құралов көшесіне облыстық бюджеттен жаяу жүргіншілер жолы салынды.
  5. С.Рақымов ауылдық округі Көкібел елді мекенінде 300 орындық мектеп                    құрылысы жүргізіліп, 2024 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілді.
  6. Көкібел елді мекенінде таза суға ұңғыма (скважина) қазу жұмыстары жүргізілуде.
  7. Көкібел елді мекенінде ауыл тұрғындары мен демеушілер есебінен «Оқжүніс» мешіті салынып, құрылыс жұмыстары толық бітті.
  8. Көкібел елді мекенінде ауыл тұрғындары мен демеушілер есебінен тыл еңбеккері Т.Кадироваға жаңадан тұрғын үй салынып, қазіргі таңда ішкі құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Көкібел елді мекенінің тұрғыны Ү.Балташоваға ауыл тұрғындарының демеушілігімен салынып жатқан үйінің шатырын жабуға көмектесті.
  9. Майбұлақ елді мекені Болашақ, З.Жүнісбекұлы көшелеріне 1,4 шақырымға асфальт төселді.
  10. С.Еділов, С.Тұрдалыұлы, Болашақ, А.Рахманбердіұлы көшелеріне 5,5 шақырымға электр бағаналары ауыстырылып, жарықтану жүргізілді және жаңа трансформаторлар қойылды. Қ.Әлиханұлы, А.Байзақұлы, Т.Байжанұлы көшелеріне электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
  11. Майбұлақ елді мекеніне таза суға ұңғыма (скважина) қазу жұмыстары жүргізілді.
  12. Қызылата елді мекеніне А.Ақжолұлы көшесіне электр бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
  13.  Қ.Әліханұлы көшесіне 800 метрге таза су құбыры жүргізілді.
  14. Су тасқынының алдын алу мақсатында Майбұлақ елді мекеніне су   тасқыны өтетін 6 жерге трубалар қойылды. 
  15. Қызылата елді мекеніндегі таза су қоймасының айналасы қоршалып, су сақталатын құбырларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
  16. Қызылата елді мекені Ә.Дәулетұлы көшесінің кірме жолдарына асфальт төселді.
  17. Ауылдық округтегі үш елді мекенге де көше бойларына күл- қоқыс тастайтын жәшіктер орнатылды.

 

 

 

 

 

Сабыр Рақымов ауылдық округі бойынша алдағы кезде атқарылатын   өзекті мәселелер

 

  1. Көкібел елді мекенінде таза суға ұңғыма (скважина) қазу жұмыстарын жалғастыру.

2.Майбұлақ  елді мекені Қ.Әліханұлы көшесіне  аудандық бюджеттен асфальт салу көзделуде, құжаттары толық өткізілген, қаржы күтілуде.

 

  1. Қызылата елді мекеніне Т.Сарымбетов көшесіне аудандық бюджеттен асфальт салу көзделуде, құжаттары толық өткізілген, қаржы күтілуде.

 

  1. Қызылата елді мекеніне таза су мекемесімен 200 тонналық резервуар орнату және абоненттерге есептегіш құралдарына жәшіктер орнату.

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

 

 

Дата публикации
08 июня 2026