Сарапхана ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

        Сарапхана ауылдық округі әкімі аппаратының 2025 жылдың 6 айында атқарылған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы баяндауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінде ауыл округіндегі 6 елді мекенде 10008  халық тұрады.

Оның ішінде:

  • Ер адамдар –5115,
  • Әйел адамдар –4893. (2024 жылмен салыстырғанда халық саны 1,01% өскен.)

Туу көрсеткіші 2025 жылдың 6 айында ауылда 120 бала дүниеге келді, оның ішінде:

  • 69 ұл бала,
  • 51 қыз бала.

Өлім-жітім көрсеткіші 14 адам қайтыс болды, оның ішінде:

  • 9 адам – 60 жастан асқан,
  • 3 адам – орта жастағы,
  • 2 адам – ауру салдарынан.

Көші-қон (миграция)

  • Ауылға көшіп келгендер саны – 37 адам
  • Ауылдан көшіп кеткендер – 21 адам
  • Көші-қон сальдосы – +16 адам.

Табиғи өсім

  • Туу – 120,
  • Өлім – 14,
  • Табиғи өсім – +106 адам.

Ауылдың жас құрылымы

  • 0–16 жас – 3579 (35,7%)
  • 16–63 жас – 5415 адам (54,1%)
  • 60 жастан жоғары – 1014 адам (10,1%)

Жер көлемі:

  • Ауыл шаруашылық жер –32945 га
  • Егістік – 8540 га  
  • Суғармалы жер – 171 га
  • Жайылым – 19876 га

 

 

 

Ауыл округіндегі агроқұрылымдар саны

Жауапкерлік шектеулі серіктестер -22, өндірістік кооператив-39, шаруа қожалықтар-198

 

Ауыл округі бойынша 2025 жылдың 6 айында атқарылған бюджеттік салымдар туралы.

Бюджеттік кірістер                                                                           мың тенге

№

Салықтар түрі

2025 жыл 6 ай

2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғандағы

Берешек қарызы бар адам саны

Берешек қарыз соммасы

Жылдық жоспар мың

Жоспар мың

Орын-ы мың

 %

1

Көлік салығы

27 128,0

21 334,0

 

24 557,0

 

115,1

2 616,0

 

142

6533910

2

Жер салығы

184,0

 

5,0

105,3

2106,5

39,0

47

6 625

3

Мүлік салығы

476,0

0

94,0

0

25,0

71

2364

4

Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық

55,0

0

4,2

0

0

 

 

5

Табыс салығы

45253,0

20 523,0

23 849,2

 

116,2

 

-4 178,0

 

23

10 054 014

6

Біріңғай жер салығы

778,0

 

94,0

 

607,0

 

645,7

 

1,0

 

45

176123

7

Жерді жалға беруден түсетін салық

185,0

 

29,0

151,1

 

521,0

 

121,0

 

12

34660

8

Сыртқы жарнамадан түсетін салық

213,0

 

12,0

 

12,9

 

107,5

 

120,0

 

 

 

9

Субвенция

13 695,0

 

11 205,0

 

11 205,0

 

100

 

 

 

 

Барлығы

74 417,0

 

43 307,0

 

48 509,7

 

112

1 107,0

 

340

16807696

    

       Бюджеттік шығыстар бойынша                                            мың тенге

№

Шығыс түрлері

2025 жыл 6 ай

Жылдық жоспар

Жоспар

    Орын-ы

%

1

Өзгеде шығындар (айлық жалақы, өтемақы, әлеуметтік салық, әлеуметтік жарна, жанар-жағармай, коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтері, ел ішіндегі іс-сапарлар, ауыл округіне баннер тақтасын жасату, кітап тасылмалы,тазалық жұмыстары және өзге де ағымдағы шығындар) (124001015)

56988

32025

 

32022,6

 

99,99

 

2

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету (124009015)

4127

3800

3800

100

3

Мемлекеттік мекеменің күрделі шығыстары

(124022015)

3426

 

1092

 

1091,7

 

99.98

 

4

Аудан бюджетіне кері қайтарылғын трансферт

28267

16485

16485

100

 

Барлығы

92808

53402

53399,3

99,99

 

Ауыл  шаруашылық  саласы бойынша

           Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы бөлімімен егістік жерлерді игеру тапсырмасы бойынша 3 жақты келісім шарт негізінде ауылымызға көктемгі егіс 7083 га жерді игеру тапсырмасы берілген. Тапсырманың бүгінгі таңда (100,0%) пайызға орындап, яғни 7083 га жер игерілді.

Егілген егіс көлемі: 

Күздік бидай – 1730  га 

Жаздық бидай-900 га    

Жаздық арпа – 1100 га       

Картоп –10 га

Мақсары –1150  га

Ескі жоңышқа – 2007 га

Жаңа жоңышқа – 179 га             

Көкөніс -7,4 га 

  • 2025 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі ағымдағы 2 тоқсанға тапсырма 1,6 млрд теңге, орындалуы 1,511 млрд 96% орындалды.
  • 2025 жылы ауыл шаруашылығы өндіріс көлеміне негізгі капиталға инвестиция тарту ағымдағы жылдың 6 айына тапсырма 450 млн теңге болса, орындалуы 810 млн теңге болып 183% орындалды.
  • 2025 жылы Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға тапсырма 11 бірлік техника, 6 айға орындалуы 6 бірлік техника 66% орындалды.

 

                    

Мал шаруашылығы

         2025 жылы Сарапхана ауылдық округі бойынша шаруа қожалықтарындағы малдары мен ауыл тұрғындарының малдарын қосқанда, Ірі қара мал - 4971 бас, қой - 22481 бас, жылқы - 4759 бас, құс - 2082 бас. 

 

Ауыл округіндегі кәсіпкерлік сала бойынша

 

  • Ауылдық округі бойынша кәсіпкерлік нысандар тойхана 7, дәмхана 14, Дүкен 33, Дәріхана 6, Шаштараз 8, Монша 3, Жанармай құю бекеті 3, ТЖО (сто) 4, Базар 2, Қымызхана 23, Тіс емханасы 2, Наубайхана 3, Кондитерлік цехы 1, жалпы 109 нысан жұмыс жасауда.
  • Бюджеттік емес инвестиция тарту 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға 6 айлық жоспар 1,31 миллиард теңге, 6 айда орындалуы 1,55 миллиард теңге 118,3% орындалды.
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға 6 айлық жоспар 146,5 млн теңге, 6 айда орындалуы 146,5 млн теңге, 100% орындалды.
  • Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға 6 айлық жоспар 221,0 млн теңге, 6 айда орындалғаны 221,0 млн теңге 100% орындалды.

      

 

Ауылдық округінен 2025 жылы ашылған және ашылатын жобалар:

  қ/с

Жоба атауы  БСН/ЖСН

Саласы

Құны

Млн.тг

Жұмыс орны (саны)

Ашылу

мерзімі

 

Мекен жайы

1

ЖК Жайықбаева Ырыскүл 600430401484

 

Монша 

 

 

200,0

5

 

Іске қосылды

Сарапхана е/м  Р.Әбдірайымұлы көшесі  № б/н

2

ЖК Нысанбай Досалы 800822300765

 

Дүкен

 

50,0

2

 

Іске қосылды

Майлошақ е/м Тұран көшесі № б/н

 

3

ЖК Малышов Данияр

860605302281

Тіс емханасы

 

40,0

2

 

27.09.2025

Сарапхана е/м  Жібек жолы көшесі  № б/н

4

ЖК Далбаева Мадина 800901400656

 

Спорт комплекс

 

50,0

2

 

28.10.2025

Сарапхана е/м  Жібек жолы көшесі  № б/н

5

Меңлібеков Мықтыбек

 

Балық шаруашылығы

10,0

1

Құжаттары

рәсімделуде

Майлошақ е/м

Келешек көшесі

6

Аширов Аманжол

«Қазығұрт-Нұр» тойханасы

200,0

5

25.10.2025

Сарапхана е/м  Жібек жолы көшесі  № б/н

7

Альмухамметов Бекет

«РГД» ЖШС жанармай бекеті

150,0

3

10.12.2025

Сарапхана е/м  Шымкент  көшесі  № б/н

8

Есболов Орынтай 

 

Дәкенерлеу цехы

15,0

3

Іске қосылды

Сарапхана е/м  Р.Әдірайымұлы  көшесі  № б/н

9

Төребеков Жанзақ 

 

Тойхана

60,0

5

23.12.2025

Жіңішке е/м  Д.Қонаев көшесі  № б/н

10

Кауашова Бибисара 

 

Сауда орыны

40,0

3

30.10.2025

Сарапхана е/м  Қазына көшесі  № б/н

11

Пернебаев Амангелді

 

Желімдеу орталығы

20,0

2

Іске қосылды

Сарапхана е/м  Жібек жолы көшесі  № б/н

12

Бахадыр Бағлан

 

Тігін цехы 

 

30,0

3

30.09.2025

Сарапхана е/м  Жібек жолы көшесі  № б/н

13

 

Әбдіманап Үсен

 

Тойхана

200,0

6

25.12.2025

Сарапхана е/м  Ж.Әкішұлы көшесі  № б/н

14

Койманов Галымжан

«Avatariya» балалар ойын-сауық орталығы

250,0

5

01.06.2026 іске қосылды

Сарапхана е/м Жібек жолы

көшесі  № б/н

 

Жинағы

 

1315,0

36

 

 

 

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы.

           Әлеуметтік сала бойынша жалпы зейнетақы алатын азаматтар саны 703 адам болса, тыл еңбеккерлеріне теңестірілгендер - 20, Чернобылъ апатына қатысушылар- 1, Семей полигонында болғандар - 18, Ауған соғысы ардагерлері – 3. Мүгедектігіне байланысты I-II-III топтағы және 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды қосқанда - 262, ал асыраушысынан айрылғандар - 75 отбасы болып отыр. Сондай-ақ, қазіргі таңда батыр аналар - 27, «Алтын алқа» алқа иелері - 98–ге, «Күміс алқа» алқасының иелері - 199-ге  жетті.

        Сарапхана ауылдық округі бойынша «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2025 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша орындалу барысы мына төмендегіше. Атап айтатын болсақ:

 

Атауы

Жылдық жоспар

6 айлық жоспар

Орындалуы

Пайызы

«enbek.kz» платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқыту

18

18

18

100%

Әлеуметтік жұмыс орындары

18

6

2

33,3%

Жастар практикасы

43

5

3

60%

Қоғамдық жұмыс

44

44

44

100%

«Күміс жас» жобасы

18

4

0

0

Мемелкеттік грант

10

5

0

0

«Бастау-Бизнес» жобасы

22

9

9

100%

Шағын несие

3

-

0

0

Тұрақты және уақытша жұмыс

132

57

58

102%

10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орны

90

34

19

36,4%

 

      Сарапхана ауылдық округі бойынша жалпы бағдарламаға 2025 жылға 302 адам қатысу жоспары берілген болса, 6 айдың қортындысымен ауыл округі бойынша 153 адам қамтылып, жоспар 51 пайызға орындалды. Жыл соңына дейін толығымен орындайтын боламыз. Сарапхана ауылдық округі бойынша «Қамқорлық» жобасы аясында кедейлік шегіндегі 3 отбасы 2025 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі таңға дейін 395,0 мың теңге көлемінде материалдық және азық-түлікпен қамтылды. Олардан бір азамат қоғамдық жұмыспен қамтылды.

          Жалпы мемлекетімізде, соның ішінде Сарапхана ауылдық округінде де «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі» деген түсінік қалыптасқан. Осыған сәйкес біздің ауылдық округтің кәсіпкерлеріде әрдайым тұрмысы төмен отбасыларды есепке алып, материалдық немесе азық-түлік түрінде ұдайы жәрдем беріп келеді. Мысалы, кәсіпкер азаматтарымыздың ұйымдастыруымен өмірлік қиын жағдайға тап болған ең төменгі 12 отбасыға 2025 жылдың қаңтар айынан бастап жүйелі түрде азық-түлік себеттері және түрлі материалдық көмектер берілді. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылған көп балалы ана Атияр Айсұлуға 20 жылдық мектеп түлектері  тұрғын үй салып берді.       

          Сарапхана ауылдық округінде 2025 жылдың 6 айында  «Атаулы әлеуметтік көмек»  жобасы бойынша аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, «Атаулы әлеуметтік көмек» жобасына жоспар биылғы жылға 267 адам болатын  болса, екінші тоқсанның қорытындысы бойынша нақты 24 отбасы қатысып, одан 176 азаматты құрап отыр. Яғни, жоспарлық көрсеткіштегі санынан 91 адамға немесе 35 пайызға қысқарып отыр. Оларға жалпы суммасы 4 452409  теңге төлеп берілді.

 

Білім саласы

 

Мектептер

Мұғалімдер саны

Оқушылар саны

Мектеп түрі

типтік / ыңғайлас

1

Ы.Алтынсарин атындағы жанында мектеп интернаты бар жалпы орта мектеп

204

1410

типтік

2

Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектеп

50

307

типтік

3

М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектеп

60

392

типтік

4

А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектеп

42

261

типтік

5

«Талдыбұлақ» негізгі орта мектебі

16

78

Типтік

6

«Бақабұлақ» бастауыш мектебі

6

25

ыңғайластырылған

ЖАЛПЫ:

378

2473

 

 

 

Балабақшалар

Тәрбиешілер  саны

Балалар саны

Мемлекеттік/

жекеменшік

1

Балдәурен

29

100

Жекеменшік

2

Айсерік

30

100

Жекеменшік

3

«Бексұлтан К» ЖШС

25

150

Жекеменшік

4

Айсерік 2

17

50

Жекеменшік

5

Арсен

25

100

Жекеменшік

6

Зат 

25

150

Жекеменшік

7

Таңсұлу

22

75

Жекеменшік

8

Хансұлтан

11

50

Жекеменшік

9

Нұрболған

13

50

Жекеменшік

10

Зара-Ана

11

50

Жекеменшік

ЖАЛПЫ:

208

875

 

 

  Сарапхана ауылдық округінде қазіргі таңда Ы.Алтынсарин жалпы орта мектебінде 3 ауысыммен оқиды.

Денсаулық сақтау саласы

№

Нысан атауы

Халық саны

Орналасқан жері

1

Қаратас БСМКО

5083

Сарапхана  ауылы

2

Махамбет ФАП

1480

Махамбет ауылы

3

Майлыошақ  МП

917

Майлыошақ  ауылы

4

Талдыбұлақ МП

410

Талдыбұлақ ауылы

5

Бақабұлақ МП            Шанақ а/о қарасты

200

Бақабұлақ ауылы

 

БАРЛЫҒЫ:

7890

5 мекеме

 

       Мекемеде жалпы тәжірибелі дәрігерлер, акушер-гинеколог, хирург,  стоматолог,  психолог және әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.

Мекеме жұмыс істейтін қызметкерлер саны: дәрігерлер - 6, орта буын медицина  қызметкерлері - 29, әкімшілік-шаруашылық персоналдар - 16. (Барлығы – 61 қызметкер)

       Күндізгі стационар - 5 төсек орын медициналық қызмет көрсетеді.

 

 

Мәдениет және спорт саласы

      Сарапхана ауылдық округі бойынша ағымдағы жылы 14 мәдени іс-шара өткізілді. Атап айтар болсақ: Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл, Алғыс айту күні, 8-наурыз, Әз наурыз, 9-мамыр жеңіс күні т.б. мерекелік іс-шаралар өткізілді.

 

Құқық қорғау саласы бойынша

 

           Сарапхана ауылдық округінде 4 учаскелік полиция қызметкерлері жұмыс жасайды. Атап айтқанда: Полиция майоры Абдигаппаров Тулепбек Убайдуллаевич, Полиция капитаны Н.Байғұлбаев, полиция аға лейтинанттары А.Ермек және Е.Жакиповтар қызмет етуде.

     2025 жылы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы «Профилактика» жылы деп жарияланды. Осы бағытта Сарапхана ауылдық округінде қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің әртүрлі баптары бойынша – 435 әкімшілік хаттама толтырылып тиісті айыппұлдары салынған. Сарапхана ауылдық округінде 1 қылмыс тіркеліп, дер кезінде ашылған. Шымкент қаласына норхологиялық емдеу мекемесіне 4 азамат, алько бейімдеу орнына 2 азамат, жалпы 6 азамат түзеуге жатқызылды. ҚР «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы» заңының 20 бабына сәйкес 6 азамат қорғау нұсқамасына есепке алынған. 2024 жылмен салыстырғанда құқық бұзушылық фактілері төмен деңгейде.

          2025 жылдың алғашқы 6 айында 12 кешкі рейд өткізіліп, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. 2025 жылдың басынан бері ауылдық округтегі қоғамдық - саяси ахуал тұрақты. Пробациялық есепте қазіргі таңда 5 азамат тіркеуде тұрады. Аталған азаматтармен ұдайы түнгі тексеру жұмыстары және профилактикалық әңгімелесулер жүргізілуде.

 

       Инфрақұрылым бойынша (ауыз су, электр, жол)

 

          Талдыбұлақ елді мекеніне жаңадан берлілетін жер учаскелеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстарының 1700 метр жерге 15,8 млн қаржы құрылыс жұмыстары жүргізіледі, Жіңішке елді мененіне 3500 метр жерге 42,3 млн қаржы, Махамбет елді мекеніне  2000 метр жерге 27,6 млн қаржы, Бақабұлақ елді мекеніне 1400 метр жерге ауыз су тарту құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталады.  Тапсырыс беруші Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Мердігер «Таза су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жүргізіледі.

          Сарапхана елді мекенінен қосымша ауыз су ұңғымасын қосу жұмыстары жүргізілуде. «Таза су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жүргізілуде.

          Сарапхана ауылдық округі Сарапхана елді мекеніндегі «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і мекемесінің теңгеріміндегі электр желісінің, трансформатордың және электр бағаналарының тозығы жеткен, Думан, Мерей, Қасиет және Р.Әбдірайымұлы мен Ж.Әкішұлы ішкі көшелеріне  орташа жөндеу жұмыстары 4 трансформатор, 7 км 04 Ваттық, 2,2 км 10 ваттық кабелдер тартылып 154,9 млн қаржы қаралып жұмыстары басталып жүргізілуде. Мердігер «Қуат құрылыс»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

         Талдыбұлақ елді мекеніне 200 млн қаржы қаралып 4 КТП 7,8 км 0,4 Ваттық, 4,3 км 10 Ваттық бағаналары тартылады.

           Майлыошақ елді мекеніндегі орта жөндеуді қажет ететін Келешек, Тұран, Парасат және О.Шырбанов ішкі көшелеріне 10 шақырым жолына асфальт төселіп, Талдыбұлақ елді мекеніндегі Түгейболат ішкі көшесіне 2,3 шақырым жолына асфальт төселінуде. Жалпы 307,950 млн қаржы қаралған. Тапсырыс беруші Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Мердігер «ЮГ СЕРВИС МАСТЕР»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

              Қаратас БМСККО емханасы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тапсырыс беруші «Қазығұрт аудандық орталық ауруханасы». Бас мердігер «Радуга-СН» ЖШС.

Абаттандыру және көгалдандыру

        2025 жылдың басынан бастап ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық  экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары жүргізілуде.
    Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар, ерікті жастар және ауыл тұрғындары атсалысуда. Сенбілік барысында жалпы ауылдық округінде жол бойларымен иесіз қалдықтар тазаланып, әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тал егіліп, талдарды әктеу, көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалауда. Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады.

   Көріктендіру  - көгалдандыру    іс-шарасына сәйкес,  1000 түп Қарағаш, 50 түп Катальпа, 200 түп Терек, 100 түп Можжевельник, 300 түп Үйенкі клен, 150 түп Шаған, 316 түп Қаратал көшетері егілді. Мектеп, ФАП және Сарапхана  елді мекеніндегі жасыл аймаққа егілді. Сарапхана ауылдық округі көлемінде жалпы көше бойларына арнайы жерлерге көктем мезгілінде 2116 түп көшет отырғызылды.

 

Құрылыс саласы бойынша

 

          Ауыл округінде құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылға жоспар 3400 метр бекітіліп, 6 айға жоспар 1500 метр болса 6 айда  орындалғаны 1600 метр тұрғын үй пайдалануға беріліп 106,7 % орындалды.

 

Жер қатынастары

       Сарапхана ауылдық  округінде 2272 адам жер кезегіне тіркелген. Қазіргі таңда осы азаматтардың өтініштерін қанағаттандыру мақсатында ауыл округіне қарасты елді мекендердің шекарасын ұлғайту бойынша  70,64 га жерге ұсыныс берілді.

      Ауылдық округіне тиесілі 19876 га ортақ жайылым жер бар. Алайда ауыл тұрғындарының мал саны артуына байланысты жайылым жер жетіспеушілігі байқалады. Бұл мәселе бойынша тиісті мекемеге ауыл округіндегі мақсатына сай игерілмей жатқан ауыл шаруашылық жерлерді, яғни 270 га жерді қайтару бойынша ұсыныс берілді.  Жыл басынан бері жайылым жерлерді кеңейту мақсатында сот арқылы 270 га жер ауылдың жайылым жерін өтті, қалған мақсатына сай игерілмеген жерді қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Әскерге адам жіберу бойынша

 

     2025 жылы Сарапхана ауылдық округі көлемінде әскерге бала жіберу көрсеткіштері бойынша мәлімет: 

  • жалпы әскери міндеттілер саны - 835,
  • шақырудағы әскери міндеттілер – 290,
  • запастағы офицерлер - 46

          Округ бойынша 2025 жылы:  

№

Атауы

Жоспар

Орындалуы

Пайызы

1

Шекара қызметі

3

0

0

2

Қорғаныс министрлігі

7

5

71%

3

Ұлттық ұлан

6

6

100%

 

 

Жастар саясаты

Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Сарапхана ауылдық округіне қарасты 1 әдіскер жұмыс  атқарып келеді.    

Сарапхана ауылдық округі бойынша 14 пен 35 жасқа дейінгі жастар саны – 2714 құраса, яғни ауыл халқының 27,6%-ы жастар үлесінде.   

2025 жылдың 6 айында жастар саясатын дамыту барысында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсем. Жастарды кәсіпкерлікке баулу, талантты жастарды қолдау, жастарды жұмыспен қамту, құқықбұзушылықтың алдын алу, еріктілер жобасын дамыту, жастарға психологиялық кеңестер беру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастарды патриоттыққа баулу бағыттарында 8 іс-шара ұйымдастырылып, жалпы 652 жастар тартылды.

  Мемлекеттік жастар саясаты:   

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жоба шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5% несие «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау бизнес», «Жасыл ел еңбек жасақтары»,  «Дипломмен ауылға», «Болашақ», ОАОО бекітілген мемлекеттік гранттар, «Серпін-2050: мәңгілік ел жастары индустрияға» мемлекеттік бағдарламаларына үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.

Аудандық білім беру мекемесіне қарасты  барлық мектеп түлектерімен кездесулер өткізізіп «Серпін-2050» мәңгілік ел жастар индустрияға әлеуметтік бағдарламасы бойынша  Қостанай, Арқалық, Көкшетау, Қарағанды, Абай облыстарынан келіп, аталған бағдарламаны  9-11 сынып оқушыларына насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

       

Құқықбұзушылықтың,  діни экстремизмнің алдын алу;

 

Қазығұрт ауданының прокуратурасымен бірлесіп, Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен оларға қатысты зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін, аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, анықтау және болдырмау, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылып, ауылдағы барлық білім ошақтарында 9,10,11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,  жадынамалар таратылды.

Жастар ресурстық орталығы мен аудандық полиция бөлімінің бірлескен іс-шаралар жоспары бекітітіліп, жоспарға сәйкес түнгі мезгілде жасөспірімдердің заңды өкілінің қадағалауынсыз жүруін анықтау мақсатында аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторлары, білім бөлімінің мамандарымен бірге «Қылмыссыз болашақ» атты тақырыпта түнгі рейдтер ұйымдастырылып, анықталған жасөспірімдердің ата-аналарына хаттамалар толтырылып түсіндірмелі  жұмыстары жүргізілді.

Діни ағымдардың алдын алу, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында, аудандық «жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы, аудандық ақпараттық насихаттық тобы мүшелерімен бірлесе  бекітілген кестеге сәйкес «Дін және жастар», «Отбасы құндылықтарын нығайту», «Жастарды кереғар ағымдардан сақтандыру» тақырыптары бойынша ауыл округтерінде ауыл ақсақалдары, ауыл билері, мешіт жамағаттары, ауыл тұрғындары, білім беру қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлер, БАҚ қызметкерлері, депутаттар, пробация бөлімінде есепте тұрған азамататарға,  жастар мен жасөспірімдер арасында  ақпараттық насихат топ мүшелерінің қатысуымен  кездесулер өткізілді.

 

Жастарға психологиялық кеңес беру

 

14-35 жас аралығындағы жастарға психологиялық кеңес беру, суицидке бейім жастар, нашақорлық және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында «Өз өмірің өз қолыңда», «Қызды қырық үйден тию», «Қыз өссе елдің көркі», Зорлық зомбылыққа жол жок, «Қыз тәрбиесі- ұлт тәрбиесі» тақырыбында  аудандық орталық ауруханасының психолог, нарколог, гинеколог мамандарының қатысуымен барлық білім беру ошақтарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп бейне роликтер көрсетіліп, семинар-тренингтер өткізілді.

 

 

«Еріктілер клубы» жобасының жұмысын жандандыру

 

Орталықтың жанында «Ерікті болу ерлік», «Bolashaqqa birge» атты еріктілер клубының еріктілерімен бірге «Таза Қазақстан» экосенбілігі аясында жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда өзен бойлары, саябақтар мен еркерткіштердің айналасы, киелі орындар және жалғыз ілікті қарттардың үйлеріне барып тазалық жұмыстарына көмектесті, қоқыстардан  тазалау жұмыстарымен айналысып келеді.

 

Орындаушылық тәртіп

 

 Сарапхана  ауылдық округі әкімі аппаратына  2025 жылдың 6 айында жалпы 36 өтініш түскен, оның ішінде: Е-Өтініш бойынша 26, Е-лицензия бойынша 10 өтініш түсіп барлығы қанағаттандырылған. Жалпы 34 өтініш жеке тұлғадан түскен.                                            

Өзекті мәселелер және олардың шешу жолдары

№

Елді мекен атауы

Өзекті мәселе

Шешу жолдары

1

Сарапхана

Сарапхана ауылының ауыз су мәселесі

 

Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Мердігер «Таза су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жүргізілуде.                         

2

Махамбет

Махамбет ауылының ауыз су мәселесі

Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Мердігер «Таза су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жүргізілуде.                         

3

Сарапхана

Сарапхана ауылының тұрғын үйге берілетін жерлеріне инфрақұрылым жүргізу

Қазығұрт аудандық тұрғын                                              үй-коммуналдық шаруашылық                                                                         жолаушылар көлігі және   автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс жолданған

4

Сарапхана

Сарапхана ауылындағы «Бұлбұл» каналын күрделі жөндеуден өткізу

Аудандық кәсіпкерлер және ауылшаруашылық бөлімі.

5

Жіңішке

Жіңішке ауылының тұрғын үй берілетін жерлеріне инфрақұрылым жүргізу

Қазығұрт коммуналдық шаруашылық                                                              автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс хат жолданған.

6

 

«Алматы-Ташкент-Термез» автомагистралінің Шымкент бағытындағы Жіңішке ауылының тұсына «Сергек» камераларын қою

Қазығұрт аудандық жарық жол мекемесіне және Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық                                                                         жолаушылар көлігі және   автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс хат жолданған.

7

Жіңішке

Жіңішке ауылына ФАП ғимаратын салу

Аудандық орталық емханаға ұсыныс берілген.

8

Махамбет

Махамбет ауылының тұрғын үйге берілетін жерлеріне инфрақұрылым жүргізу

Қазығұрт аудандық тұрғын                                              үй-коммуналдық шаруашылық                                                                         жолаушылар көлігі және   автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс жолданған.

9

Махамбет

Махамбет ауылына клуб ғимаратын салу

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі.

10

Махамбет

Махамбет ауылындағы «Қожамберді» каналы күрделі жөндеуден өткізу

Аудандық кәсіпкерлер және ауылшаруашылық бөлімі

11

Майлыошақ

Майлыошақ ауылындағы «Майлыошақ» каналын күрделі жөндеуден өткізу

 Аудандық кәсіпкерлер және ауылшаруашылық бөлімі

12

Талдыбұлақ

Талдыбұлақ ауылының тұрғын үйге берілетін жерлеріне инфрақұрылым жүргізу

Қазығұрт аудандық тұрғын                                              үй-коммуналдық шаруашылық                                                                         жолаушылар көлігі және   автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс жолданған.

 

Бақабұлақ

Бақабұлақ ауылының ішкі жолдарын асфальттау

Қазығұрт аудандық тұрғын                                              үй-коммуналдық шаруашылық                                                                         жолаушылар көлігі және   автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс жолданған.

 

Бақабұлақ

Бақабұлақ ауылына мал тоғытатын орын салу

Аудандық ветеринария бөлімі.

 

 

Дата публикации
08 июня 2026