Қақпақ ауылы округі әкімі аппаратының 2025 жылда атқарған жұмысы жайлы есебі

Қақпақ ауылы округі әкімі аппаратының 2025 жылда атқарған жұмысы жайлы есебі

 

 

 

Статистикалық деректер

Қақпақ ауылы округіндегі  3  елді мекенде 1149 отбасында 7250 халық тұрады.

Ауыл округіндегі елді мекендер бойынша  тұрғын  үй  мен халық санына тоқталсам.

 

№

Елді мекен

Отбасы саны

Адам саны

1

Қақпақ елді мекені

889

5789

2

Заңғар елді мекені

157

973

3

Сырлысай елді мекені

95

487

 

Ауыл округі бойынша

1149

7249

 

1

          Зейнеткерлер-

508

2

Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне теңестірілгендер

4

3

Ауған соғысына қатысқан жауынгерлер саны-

4

4

Батыр аналар-12 / Алтын алқа, -86/ Күміс алқа -226

324

 

1

Мектептер-

4

2

Оқушылар-

1988

3

Мүгедектер

216

4

І-ІІ топ мүгедегі

109

5

ІІІ-топ мүгедегі

70

6

16-жасқа дейінгі мүгедектер

51

7

Мәдениет үйі-

Кітапхана-

1

1

8

Дәрігерлік емхана-

Фельшерлік акушерлік пунк

 1

3

9

Айфарма-3 калиникасы

1

10

Мешіттер-

2

 

 

          Салық түсімдері

№

Жер салығы (мың теңге)

Мүлік салығы( мың теңге)

жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

1

160,0

998,3

623,9

300,0

491,4

163,8

 

№

Біріңғай жер салығы (мың теңге)

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы (мың теңге)

жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

1

1 845,0

2 136,9

115,8

16 604,0

17 999,5

107,9

 

 

 

№

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы  (мың теңге)

 

жоспар

Нақты  орындалғаны

%

1

30 642,0

31 656,8

103,3

 

№

Жерді жалға беруден түсетін салық (мың теңге)

Субвенция

жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

1

137,0

610,0

445,0

14 403,0

14 403,0

100

 

 

  • 2025 жылға қаржының игерілуі
  • 124001015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 54 781,0 мың теңге, игерілгені 54 779,0 мың теңге.
  • 124009015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 2614,0 мың теңге, игерілгені 2 614,0 мың теңге
  • 124022015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 2 107,0 мың теңге, 
  • 124051015 «Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 5052,0 мың теңге, игерілгені 5052,0 мың теңге.

 

Ауыл  шаруашылық  саласы:

         Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы бөлімімен егістік жерлерді игеру тапсырмасы бойынша 3 жақты келісім шарт негізінде ауылымызға көктемгі егіс 4797,3 га жерді игеру тапсырмасы берілген.

 

Тапсырманың бүгінгі таңда (100,0%) пайызға орындап яғни 4797,3 га жер игерілді.

 

Егілген егіс көлемі: 

Күздік бидай –600 га 

Жаздық бидай-550 га

Жаздық арпа – 364га

Жүгері - 145

Картоп–113 га

Мақсары –295 га

Күнбағыс –85 га

Ескі жоңышқа –1481,4 га

Жаңа жоңышқа –155 га     

Көкөніс -267,3 га 

Бақша –35,9 га

парға қалған жер - 705,7 га

  • 2025жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі ағымдағы жылға тапсырма 4,3 млрд теңге, орындалуы 4,3 млрд 100% орындалды.
  • 2025 жылы ауыл шаруашылығы өндіріс көлеміне негізгі капиталға инвестиция тарту ағымдағы жылдың 3 айына тапсырма 12 млн теңге болса, 250 млн орындалды.
  • 2025 жылы тамшылатып суғару технологияларын енгізу бойынша тапсырма 76 га, орындалуы 162 га 213 % орындалды. (ИП "Абдибаева 53га, "Қарқын -2030" ЖШС 119га)
  • 2025 жылы Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға тапсырма 12 бірлік техника, орындалуы 10 бірлік техника 83% орындалды.
  • 2025 жылы минералды тыңайтқышқарды енгізу бойынша 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға тапсырма 343 мың тонна, орындалуы 367,5 мың тонна яғни 107,14% орындалды.
  • Мал шаруашылығы
  • 2025 жылы Қақпақ ауылы округі бойынша шаруа қожалықтарындағы малдары мен ауыл тұрғындарының малдарын қосқанда, Ірі қара мал - 6729 бас, қой -17288 бас, жылқы -2812 бас, құс-3500 бас. Мал шаруашылығының дамуы ауыл тұрғындарының табыс көзін арттыруға және жергілікті экономиканы нығайтуға ықпал етуде.

 

Кәсіпкерлік  сала:

  • Ауылда кәсіпкерлік нысандар дәмхана 1, Дүкен 25, Дәріхана 1, Шаштараз 1, Монша 1, Жанармай құю бекеті 1, жалпы 30 нысан жұмыс жасауда.
  • Бюджеттік емес инвестиция тарту 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға жоспар 210 миллион теңге, орындалуы 250 миллион теңге орындалды.
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға жоспар 4375,4 млн теңге, орындалуы 4575,2 млн теңге, 100%орындалды.
  • Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға жоспар 6 293,4 млн теңге, орындалғаны 6 300,0 млн теңге 100% орындалды.

Ауыл округінен 2025 жылы ашылған және ашылған жобалар:

  қ/с

Жоба атауы

Саласы

Құны

Млн.тг.

Ашылу

мерзімі

Мекен жайы

1

ЖК Үсенов Омар

 

Дүкен 

 

5,0

 

01.09.2025

Заңғар е/м  Сырдария көшесі  №12

2

ЖК Пазилов Абдрахым

 

Балық шаруашылығы

 

10,0

 

01.09.2025

Қақпақ е/м Қақпақ көшесі № 17

 

3

ЖК Калдыбеков Хасан

 

Бассейн

 

10,0

 

01.05.2025

Қақпақ е/м Таң көшесі № 3

 

Жинағы

 

25,0

   

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы:

2025 жылы 3 айда аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін Қақпақ ауыл округі бойынша жоспар 140 адам болатын нақты орындалғаны 10 отбасыдан  72 адам яғни 68 адамға қысқарып 48,6% төмендеді.

Білім  саласы:

  • Ауыл округі бойынша  4  жалпы  орта  мектепте жалпы  245 мұғалім   қызмет  етеді. 1831 оқушы  білім   алуда
  • Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемесі  4, одан мемлекеттік 1, жалпы 495 бүлдіршін  тәрбиеленуде.

 

Денсаулық сақтау саласы:

  • Ауыл округінде 1  Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы,  1 ФАП, 3  Медпункт  бар. Қақпақ  дәрігерлік  емханасында  3 дәрігер  15  мейірбике  халыққа  қызмет  көрсетуде.

 

 

Мәдениет саласы: 

Мәдениет  үйі  жыл  бойына  атқаратын  жұмыстарына   іс -  шара  бекітіп, 2025 жыл бекітілген іс – шараға сәйкес мереке  күндері   сахналық     қойылымдар  мен   концерттер және «Біздің өлкенің қаһармандары» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің –Әз-Наурыз» мерекелік кеші,  «Нашақорлық қауыпті дерт» атты, «Заң, қоғам және жас өспірім» атты бірқатар өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, жалпы осы күнге дейін 11 іс-шара өткізілді.

 

Спорт саласы:

  Ауыл округімізде 2 спорт алаңша, 4 типтік спорт залымыз бар.

Спорттық іс-шаралар да назардан тыс қалған жоқ.Cәуір мамыр айларындажастар мен ауыл тұрғындары арасында футбол, волейбол, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Ауыл жастарының спортқа қатысу белсенділігі артып келеді.

          Ауыл округінде халықтың 38 пайызы спортпен шұғылданады. Қақпақ елді мекенінен ашық және жабық ойын алаңшасын салуға қазіргі таңда жер учаскесі белгіленіп, мемлекеттік акт алынып, ЖСҚ әзірленді. Қаржыландыруға ықпал жасауыңызды сұранамын.

 

Құқық бұзушылықтың алдын алу (қоғамдық-саяси ахуал):

2025 жылдың басынан ауылдық округ аумағында құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ. Ауыл әкімдігі тарапынан құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ұрлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық және профилактикалық жұмыстар жалғастырылуда. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-аналарының бақылауынсыз жүрген жыл басынан бері осындай 3 факті анықталып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың алғашқы бес айында 12 кешкі рейд өткізіліп, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. 2025 жылдың басынан бері ауылдық округтегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Учаскелік полиция инспекторының ақпаратына сәйкес, жыл басынан отбасылық жанжалға байланысты 2 дерек бойынша әкімшілік шара қолданылды, сонымен қатар 3 азаматқа қорғау нұсқамасы берілді. Әкімдік тарапынан бұл жағдайлар ерекше бақылауға алынып, учаскелік полиция инспекторларымен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Пробациялық есепте қазіргі таңда 3 азамат тіркеуде. Аталған азаматтармен ұдайы түнгі тексеру жұмыстары және профилактикалық әңгімелесулер жүргізілуде.

         

Инфрақұрылым бойынша (ауыз су, табиғи газ, электр, жол)

          Қақпақ ауылы округінде 3 елді мекені ауыз сумен қамтылған. Қақпақ елді мекеніндегі ауыз су құбырын ағымдағы жөндеу және 200 кубтық су қоймасының құрылыс жұмыстары басталып, ауыз су ұңғымасын қосу жұмыстары жүргізілуде. «Таза су» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жүргізілуде.

          Қақпақ ауылы округінде 3 елді мекені табиғи газбен қамтылған. Тұрғын үйлерінің құжаттары толық емес отбасылар құжаттарын рәсімдеп газ қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

          Қақпақ ауылы округі Қақпақ, Заңғар елді мекеніндегі «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і мекемесінің теңгеріміндегі электр желісінің, трансформатордың және электр бағаналарының тозығы жеткен, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і мекемесінің инвес жоспары бойынша 2025 жылы  жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

          Қақпақ елді мекеніндегі орта жөндеуді қажет ететін У.Омаров, Достық, Ынтымақ, Болашақ  ішкі көшелеріне 6,5 шақырым жолына асфальт төсеу жұмыстары басталып, 2026 жылы толығымен аяқталатын болады.

 

Абаттандыру және көгалдандыру

          2025 жылдың басынан бастап ауыл округінде «Таза Қазақстан» республикалық  экологиялық акциясыаясында жалпыхалықтық  сенбілік жұмыстары жүргізілуде.Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар, ерікті жастар және ауыл тұрғындары атсалысуда. Сенбілік барысында жалпы ауыл округіндегі жол бойларымен иесіз қалдықтар тазаланып, әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тал егіліп, талдарды әктеу, көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалауда. Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады.

          Көріктендіру  - көгалдандыру   іс-шарасына сәйкес,  959 түп  Қарағаш, 652 түп Катальпа, 92 түп Сарытал, 115 түп Клён, 300 түп Қаратал көшетері егілді. Мектеп, фап және Қақпақ, Заңғар елді мекенінің Қақпақ-Айнатас бағытындағы аудандық маңызы бар жол бойына 1 га жер қошалып егілді. Қақпақ ауыл округі көлемінде жалпы көше бойларына арнайы жерлерге көктем мезгілінде 2118 түп көшет отырғызылды.

 

Жер қатынастары

Ауыл округіне тиесілі 5411 га ортақ жайылым жер бар. Алайда аауыл тұрғындарының мал саны артуына байланысты жайылым жер жетіспеушілігі байқалады. Бұл мәселе бойынша тиісті мекемеге ауыл округіндегі мақсатына сай игерілмей жатқан ауыл шаруашылық жерлерді қайтару бойынша ұсыныс берілді.  Жыл басынан бері жайылым жерлерді кеңейту мақсатында сот арқылы 747 га жер ауылдың жайылым жеріне өтті, қалған мақсатына сай игерілмеген жерді қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

                                 Сыбайлас жемқорлық бойынша

         Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған мәселелердің бірі. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, түпкілікті жою мақсатында 2025 жылы мекеме тарапынан 2 рет кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіп, әлеуметтік желілерге және 2 рет газетке ( Қазығұрт тынысы, Киелі Қазығұрт) мақалалар жарияланды. Мекемеде жоспар бойынша қызметшілер сыбайлас жемқорлық бойынша құқықтық сабақ өткізіп отырады. Осы бағытта әліде тұрақты жұмыстар жүргізілетін болады.

 

Қақпақ аулдық округінде жастар бағыты бойынша 2025 жылдың басынан бері  атқарылып жатқан іс шаралар.

Қақпақ ауылдық округінде  14-34 аралығындағы жастар саны 2701.Оның ішінде 1377 - ер адам, 1324 - әйел адам тіркелген.

     Жалпы жыл басынан бері  Қақпақ ауылдық округіне қарасты  4 білім ошағында  жоғарғы сынып оқушыларына «Серпін-2050»бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

«Қылмыссыз болашаққа бір қадам» атты  түнгі рейдтік іс-шара Қақпақ, Заңғар, Сырлысай елді мекендерінде  жыл басынан бері  3 рет  өткізілді.  Іс шараның мақсаты  кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге  түнгі сағат 23:00 мен 6 :00 аралығында  жалғыз жүруге болмайтындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Қақпақ ауылдық округі  жастар бағыты бойынша жыл басынан бері  7  іс – шара өтті.

Қақпақ ауылы округі әкімінің аппараты.

 

Разарларыңызға рақмет!

 

Дата публикации
08 июня 2026