Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінің 2025 жылға атқарылған жұмыстары жайлы есебі.
Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінде жалпы жер көлемі 62241,5 га жер, онда 7 елді мекен орналасқан. Халық саны 11742 адам, ол 1818 отбасын құрайды. Ұлттық құрамы 10 ұлт өкілінен тұрады. Қазақтар 97 пайыз, қалған басқа ұлттар 3 пайыз құрайды.
Округ аумағында 8 мектеп оларда 461 мұғалім, 3405 оқушы, 265 техникалық қызметкерлері бар. Тұрғындарға 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 3 кітапхана қызмет етеді. Ауыл округінің орталығы Рабат елді мекенінде 25 орындық аурухана, 9- бала-бақшалар пайдалануға берілді. Ауылдық округ бойынша 5 ФАП оларда 33 орта буынды мед бикелер, 7 дәрігер қызмет атқарады. Атбұлақ дәрігерлік амбулаториясы 3 орта буынды мейірбике 1 дәрігер қызмет атқаруда.
Сондай ақ округ аумағында 35 заңды тұлғалар, 25 ӨК,10 ЖШС, 229 шаруа – шаруашылықтары мен 45 жеке кәсіпкерлер халыққа қызмет етеді.
«Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
2025 жылғы кіріс жоспары /орындалу көрсеткіші/.
|
№ |
Түсімдердің БЖК |
БЖК атауы |
Бір жылға арналған қаржылық жоспар |
12 айдың жоспары |
Есепті кезеңде нақты түсуі |
Жоспар орындауы %- |
|
1 |
101202 |
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы |
282628,0 мл |
263215,0 мл |
298281,3 мл |
113,3 |
|
2 |
104102 |
Жеке тұлғалардың мүлкiне салынатын салық |
554,0 мл |
550,0 мл |
939,9 мл |
170,9 |
|
3 |
104302 |
Елдi мекендер жерлерiне жекетұлғалардан алынатын жер салығы |
142,0 мл |
135,0 мл |
148,8 мл |
110,3 |
|
4 |
104401 |
Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық |
142,0 мл |
142,0 мл |
122,4 мл |
86,2 |
|
5 |
104402 |
Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық |
34 640,0 мл |
27584,0 мл |
34704,9 мл |
125.8 |
|
6 |
104501 |
Бірыңғай жер салығы |
2545,0 |
2545,0 |
3568,5 |
140,2 |
|
7 |
105315 |
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем |
361,0 |
361,0 |
752,8 |
208,5 |
|
8 |
|
Түсімдердің барлығы |
342092,0 мл |
314176,0 мл |
358162,6 мл |
114,0 |
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша 2025 жылғы көрсеткіштері.
Ауыл округіндегі ауыл шаруашылығы саласы бойынша: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі барлығы 62241,5 га, оның ішінде егістік жер-18009,3 га
суғармалы жер 112 га, шабындық -360,2 га, бау 104 га, жайылым 42435,0 га, өзге жерлер 1221 га.
2025 жылы меже 16010 гектар егілетін егістік жер болса, 16010 гектар егіліп, 100 пайызға орындалды.
Күздік бидай – 6289,4 га, Жаздық бидай- 1292,0 га, Жаздық арпа – 1848,6 га,
Мақсары –2263,1га, Ескі жоңышқа – 3435,9 га, Жаңа жоңышқа – 494,5 га
Көкөніс – 3,5 га, Бақша –15 га.
Ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңарту бойынша: Жоспар – 17 бірлік орындалғаны 17. (100 - пайызға орындалды. Ескі техикаларды есептен шығару: Жоспар -6, орындалғаны 6. (100 пайызға орындалды.
2025 жылы дала жұмыстарына мемлекет тарапынан агроқұрылымдарға жеңілдетілген жанар - жағар майды көктемде 1620 тн, 1285 тн алып пайдаланды.
2025 жылы округ бойынша агроқұрылымдар мемлекет тарапынан берілген жеңілдетілген тыңайтқыштың 3081,8 тн алып пайдаланды. 100 пайызға орындалды.
2025 жылы Ірі қарамал басы 7681 бас, жылқы 4592 бас, уақ мал 53740 бас болды, үй құстары 14234 болды.
2025 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығындағы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінде кәсіпкерлік сала бойынша ұсынылған 3 жоба.
Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округінде ауыл аманаты жобасы бойынша 2,5 пайыздық несие алушылар бойынша бір АШК-і құрылып қазіргі таңға 62 мүше тіркелген.
|
.қ/с |
Жоба атауы |
Саласы |
Құны Млн.тг. |
Ашылу мерзімі |
Мекен жайы |
|
1 |
ЖК Пернебекова Перизат Садыковна |
Тойхана дүкен
|
100,0 |
01.11.2025 |
Қ.Мәмбетұлы е/м |
|
2 |
ЖК Көмек Абдуғани Бижанұлы |
Дүкен |
25,0 |
01.10.2025 |
Атбұлақ е/м |
|
3 |
ЖК Қосанова Кенжекул |
Дүкен |
25,0 |
Іске қосылды |
Рабат е/м |
|
Жинағы |
150,0 |
Әлеуметтік сала бойынша
2025 жылы 12 айда аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін Қ.Әбдәлиев ауыл округі бойынша жоспар 259 адам болатын нақты орындалғаны отбасыдан 183 адам яғни 76 адамға қысқарып төмендеді.
Қоғамдық жұмыс: Жылдық жоспар – 31. Орындалғаны – 31 адам. Пайызы: 100 пайыз.
Тұрақты және уақытша жұмыс:
Жылдық жоспар – 285 Орындалғаны – 171адам. Пайызы: 75 пайыз.
Қамқорлық бағдарламасы бойынша үш отбасыға бекітілген демеушілер есебінен қаржылай және азық түлік, тұрмыстық керек жарақтарды жыл бойында көмек көрсетті.
14-отбасыға ауыл жастары және кәсіпкерлердің көмегімен сауынды бұзаулы сиырлар таратылды.
Көп балалы аналар: Алтын алқа – 159, Батыр ана – 14, Күміс алқа - 320 ана бар
Білім саласы.
Округ аумағында 8 мектеп оларда 461 мұғалім, 3419 оқушы, 265 техникалық қызметкерлері бар. Тұрғындарға 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 3 кітапхана қызмет етеді. Ауыл округінде 9 бала-бақша пайдаланылуда.
|
|
мектептер |
Мұғалімдер саны |
Оқушылар саны |
Мектеп түрі типтік / ыңғайлас |
|
1 |
Қ.Әбдәлиев ЖОМ |
78 |
651 |
типтік |
|
2 |
П.Тәжібаева ЖОМ |
67 |
546 |
типтік |
|
3 |
Қазығұрт ЖОМ |
60 |
496 |
типтік |
|
4 |
Еңбекші ЖОМ |
55 |
359 |
типтік |
|
5 |
Қызылдала ЖОМ |
39 |
312 |
типтік |
|
6 |
Амангелді ЖОМ |
31 |
159 |
типтік |
|
7 |
Атбұлақ ЖОМ |
76 |
554 |
типтік |
|
8 |
Ж.Қаппаров атындағы дарынды балаларға арналған №5 мамандырылған физика-математикалық мектеп интернаты |
55 |
342 |
типтік |
|
ЖАЛПЫ: |
461 |
3419 |
|
|
Денсаулық саласы.
- Халықтың денсаулығын сақтау сапалы медициналық қызмет көрсету е.м. халықтың денсаулығын профилактикалық тексеруден өткізу бағытында бір қатар жұмыстар жүргізілуде. Орталық аурухана округ тұрғындарымен қатар Төлеби ауданына қарасты Қаратөбе, Қарақия е.м. халқынада қызмет етеді.
- Емдеу мекемелерінің негізгі көрсеткіші ана өлімі мен 1 жасқа дейінгі балалардың өлімін болдырмау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.
- 2025 жылда округ бойынша профилактикалық байқаудан 3521 адам өткен.
|
Ауылдық аурухана |
1 |
Рабат елді мекені |
|
Ауылдық емхана |
1 |
Рабат елді мекені |
|
Дәрігерлік амбулатория |
1 |
Атбұлақ |
|
Фельдшерлік акушерлік пункт |
1 |
Еңбекші |
|
Фельдшерлік акушерлік пункт |
1 |
Жаңаталап |
|
Фельдшерлік акушерлік пункт |
1 |
Аманкелді |
|
Фельдшерлік акушерлік пункт |
1 |
Қызылдала |
Мәдениет және Спорт саласы.
Ауылдық округте 2 мәдениет үйі жұмыс жасауда.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында: Ауылдық округінде шымкент спорт мектебінің 2 бөлімі жұмыс жасауда. Рабат елді мекеніндегі Даулет спорт кешенінде бокс мектебі және грек рим күресі мектебі, сонымен бірге аудандық спорт мектебінің дойбыдан филиалы жұмыс жүргізуде. Атбұлақ елді мекенінде жабық футбол алаңы жұмыс жасауда. Ауылдық округінде мереке сайын әкімшіліктің ұйымдастыруымен ардагерлер арасында шахматтан жарыстар өтіп тұрады.
Құқықтық саласы
Жалпы қылмыс 2025 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында ауылдық округі бойынша 3 қылмыс оқиғасы тіркеліп, қылмыс ашылған. Әртүрлі санатта профилактикалық есепке 10 адам алынды. Әртүрлі құқық бұзғаны үшін 350 азаматқа әкімшілік хаттама түзіліп, шара көріліп 3 млн 10 000 тг айыппұл салынды. Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша жыл басынан 5 азамат анықталып сотқа жолданған. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып азаматтардың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізу тиіс.Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір Қазақстандықтардың міндеті болуы қажет.
Ауыз су, көгалдандыру, көркейту, тазалық бойынша.
Қ.Әбдәлиев ауылдық округінің алты елді мекені Ақбұра булақ көзінен Аманкелді елді мекені ұнғымадан су ішуде. Ауылдық округі бойынша қазіргі таңға 840 түп көшет елді мекендердің жол бойына егілген. Рабат, Қыдыр Мәмбетұлы, Атбұлақ елді мекендерінде әр аптаның сейсенбі, сәрсенбі жеке тұрғын үйлерден қоқыс шығару жұмыстары ұйымдастырылған. Ауылдық округінде сенбіліктер ұйымдастырылуда.
Құрылыс саласы бойынша.
2025 жылы Қ.Әбдәлиев ауылдық округі бойынша жүргізілген жұмыстар.
Рабат елді мекені:
Атбұлақ елді мекені:
Аманкелді елді мекені:
Еңбекші елді мекені:
Қызылдала елді мекені:
бойынша экспертизадан өтіп, құрылыс жұмысы конкурстық ұсыныста.
Жасыл аймақ бағдарламасы бойынша көктемде 2200 дана ағаш көшеттері алынып, отырғызылды. Күзге 840 дана егілді. Атбұлақ елді мекеніне кіреберіс жол бойына ауыл тұрғындарының демеушілігімен қоршалып, ағаш көшеттері отырғызылды. Егілген көшеттерді суғару жұмыстары ұйымдастырылған
Орындаушылық тәртіп.
Өзекті мәселелер.
|
№ |
Өзекті мәселелер |
Шешу жолдары |
|
1 |
Амангелді елді мекенінде электр бағаналарын ауыстыру,интернет нашар. |
Елді мекенге электр бағаналарын ауыстыру бойынша «Оңтүстік Жарық» мекемесіне хат жолданған.Интернет желісін жақсарту бойынша тиісті мекемеге ұсыныс берілген. |
|
2 |
Еңбекші елді мекенінде үй іргелік учаскелерін беру үшін инфроқұрылым қажет,Ішкі жол құрылысы, |
Тұрғын үй салуға арналған жер учаскелеріне инфроқұрылым жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу. Ішкі жол құрылысы бойынша тиісті мекемеге ұсыныс берілген. |
|
3 |
Қызылдала елді мекенінде ішкі жолдар, |
Ішкі жолдарға тиісті мекемеге ұсыныс берілген. |
|
4 |
Қыдыр Мәмбетұлы елді мекеніндегі КХ-85 авто жолына су өткелін қою қажет (Облыстық маңызы бар жол) |
Елді мекенінде КХ-85 авто жолына су өткелін қою құрылысын жүргізуге тиісті мекемеге ұсыныс берілген. |
|
5 |
Атбұлақ елді мекенінде ішкі жолдар және аяқ жол (тротуар), тұрғын үй салуға үй іргелік жер беру. |
Елді мекенінде ішкі жолдар құрылысын жүргізуге тиісті мекемеге ұсыныс берілген. Тұрғын үй салуға арналған жер учаскелеріне инфроқұрылым жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу. |
|
6 |
Жанаталап елді мекенінде интернет нашар |
Интернет желісін жақсарту бойынша тиісті мекемеге ұсыныс берілген |
|
7 |
Рабат елді мекенінде Болашақ көшесіне шағал жол салу (8 шақырым) |
Жол құрылысын жүргізу үшін тиісті мекемеге ұсыныс берілген.
|