Алтынтөбе ауылы округі әкімі аппаратының 2025 жылдың 12 айында атқарған жұмысы жайлы есебі
Статистикалық деректер
Алтынтөбе ауылы округінде 2025 жылдың бойынша 5 елді мекенінде 1323 отбасында 8950 халық тұрады.
Оның ішінде еңбекке қабілетті тұрғындар саны – 3900адам, зейнеткерлер –565адам, жастар – 2186 адам, тылда еңбек еткендер мен соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер -9 адам, ауған соғыс ардагерлері -2 адам, чернобль апатын залалсыздандыруға қатысқандар -1 адам, Семей полигонында болғандар - 21, Жалғызілікті қарттар -5 адам.
Округтің жалпы жер көлемі -21 457 га , оның ішінде -9665 га егістік, - 598 га суармалы жер, -112 га бау , -2 189 га шабындық жер , - 4908 га жайылым, -3985 га өзге жерлер алып жатыр. Сондай-ақ ауыл округі көлемінде 20 шаруа қожалық, 5 өндірістік кооператив, 45-кәсіпкерлік нысан, 3 ЖШС тіркеліп қарқынды жұмыстар атқарып, ауылымыздың дамуына өз үлестерін қосуда.
Әлеуметтік нысандар жайлы атап өтетін болсақ 6-мектеп, 2- клуб, 5- балалар бақшасы, 4- кітапхана, 1- орталық ауруханамен мен 5- фельдшерлік-акушерлік пункті, 1- учаскелік полиция тірек пункті халыққа қызмет етуде.
Салық түсімдері
2025 жылғы 12 айындағы жағдай бойынша ауылы округінде жергілікті өзін-өзі басқару есебіне нақты салық түсімі 65756,2 мың теңгені құрады, жылдық жоспары 63606,0 мың теңге, Былтырғы жылы жалпы салықтық түсімдер 65756,2 теңге құраған болатын. Бұл 103,4% құрайды.
- жеке тұлғалардан жер салығы –жылдық жоспар 42,0мың теңге. Орындалуы- 44,1 мың теңгеге, 105,1% орындалды
- жеке тұлғалардан мүлік салығы-жылдық жоспар 613,0 мың теңге. Орындалуы- 613,3 мың теңгеге, 100 % орындалды
- көлік құралдарына салынатын салық –жылдық жоспар 23494,0 мың теңге. Орындалуы 25695,0 мың теңге 109,4 % орындалды
- төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығы – жылдық жоспар-38835,0мың теңге.Орындалуы 38724,0 мың теңге, 99,8 % орындалды.
-жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем- жылдық жоспар-78,0мың теңге. Орындалуы 127,2мың теңге, 163,1%
-біріңғай жер салығы- жылдық жоспар 544,0 теңге. Орындалуы 552,6 мың теңге, 101,6 %.
Ауыл шаруашылық саласы:
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы бөлімімен егістік жерлерді игеру тапсырмасы бойынша 3 жақты келісім шарт негізінде ауылымызға көктемгі егіс 8964, га жерді игеру тапсырмасы берілген.
Тапсырманың бүгінгі таңда (100,0%) пайызға орындап яғни 8964 га жер игерілді.
Егілген егіс көлемі:
Күздік бидай – 2912 га
Жаздық бидай-577 га
Жаздық арпа – 1450 га
Картоп –15 га
Мақсары –850 га
Күнбағыс – 5 га
Ескі жоңышқа – 3030 га
Жаңа жоңышқа – 120 га
Көкөніс -225,57 га
Бақша –5 га
Кәсіпкерлік сала:
Ауылда кәсіпкерлік нысандар тойхана 2, дәмхана 1, Дүкен 15, Дәріхана 2, Шаштараз 1, Монша 2, Жанармай құю бекеті 2, ТЖО (сто) 2, жалпы 26 нысан жұмыс жасауда.
Биылғы жылы 1-азық түлік дүкені ашылып жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта 1-дүкен 1-аптека ашылады деп күтілуде. Шағын және орта бизнестің дамуы ауылдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етті.
|
қ/с |
Жоба атауы БСН/ЖСН |
Саласы |
Құны Млн.тг. |
Жұмыс орны (саны) |
Ашылу мерзімі |
Мекен жайы |
|
1 |
ЖК «Артықбаев» 620112301016 |
Дүкен |
15 |
2 |
Іске қосылды |
Қаржан елді мекені А.Қосанбаев №68 |
|
2 |
ЖК «Ережеп» 87658456232 |
Дүкен |
10 |
1 |
Іске қосылды |
Қосағаш елді мекені, Жастар № 42 |
|
3 |
ЖК «Жамалов Ж» |
Аптека |
30 |
5 |
Іске қосылды |
Қаржан елді мекені А.Қосанбаев №59 |
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы:
2025 жылдың аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін Алтынтөбе ауыл округі бойынша жоспар 175 адам болатын нақты орындалғаны 17 отбасыдан 108 адам яғни 67 адамға қысқарып 38,4% төмендеді.
Ашылған жұмыс орындары жайлы орындалуы
|
|
|
Жоспар 12 ай |
Нақты 4 ай |
Орындалу % |
|
1 |
Әлеуметтік жұмыс орындары |
20 |
12 |
60 |
|
2 |
Жастар практикасы
|
46 |
8 |
17 |
|
3 |
Мемлекеттік грант |
7 |
0 |
0 |
|
4 |
Тұрақты және уақытша жұмыс
|
402 |
123 |
31 |
|
5 |
Ақылы қоғамдық жұмысқа орналастыру |
40 |
40 |
100 |
|
6 |
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша |
25 |
3 |
12 |
|
7 |
«Күміс жас» жобасы бойынша |
11 |
0 |
0 |
|
8 |
Enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқыту |
20 |
3 |
15 |
Білім саласы:
Денсаулық сақтау саласы:
Денсаулық саласы бойынша өзекті мәселелердің бірі, ауыл округіне жаңа аурухана мен Қаржан елді мекеніне жаңа заман талабына сай ФАП құрылысын салуды қажет етеді.
Мәдениет саласы:
Мәдениет үйі жыл бойына атқаратын жұмыстарына іс - шара бекітіп, 2025 жыл бекітілген іс – шараға сәйкес мереке күндері сахналық қойылымдар мен концерттер өткізілуде. «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, 1-наурыз алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту парызымыз» атты іс шара, Наурыз мерекесіне арналған «Армысың –Әз-Наурыз» мерекелік кеші, Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты іс шара,, «Нашақорлық қауыпті дерт» атты, «Заң, қоғам және жас өспірім» атты бірқатар өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, жалпы осы күнге дейін 16 іс-шара өткізілді.
Қаржан елді мекенінен жаңа заман талабына сай мәдениет үйін салу үшін жері таңдалып, мемлекеттік акт алынып, ЖСҚ әзріленді. Ары қарай қаржыландыру жұмыстарына ықпал жасасаңыз.
Спорт саласы:
Ауыл округімізде 7 спорт алаңша, 5 типтік спорт залымыз бар.
Спорттық іс-шаралар да назардан тыс қалған жоқ. Cәуір мамыр айларында жастар мен ауыл тұрғындары арасында футбол, волейбол, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Ауыл жастарының спортқа қатысу белсенділігі артып келеді.
Ауыл округінде халықтың 38 пайызы спортпен шұғылданады. Қаржан елді мекенінен ашық және жабық ойын алаңшасын салуға қазіргі таңда жер учаскесі белгіленіп, мемлекеттік акт алынып, ЖСҚ әзірленді. Қаржыландыруға ықпал жасауыңызды сұранамын.
Құқық бұзушылықтың алдын алу (қоғамдық-саяси ахуал):
2025 жылдың басынан ауылдық округ аумағында құқық бұзушылық фактілері орын алған жоқ. Ауыл әкімдігі тарапынан құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ұрлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық және профилактикалық жұмыстар жалғастырылуда. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-аналарының бақылауынсыз жүрген жыл басынан бері осындай 4 факті анықталып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың алғашқы төрт айында 16 кешкі рейд өткізіліп, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. 2025 жылдың басынан бері ауылдық округтегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Учаскелік полиция инспекторының ақпаратына сәйкес, жыл басынан отбасылық жанжалға байланысты 3 дерек бойынша әкімшілік шара қолданылды, сонымен қатар 3 азаматқа қорғау нұсқамасы берілді. Әкімдік тарапынан бұл жағдайлар ерекше бақылауға алынып, учаскелік полиция инспекторларымен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Пробациялық есепте қазіргі таңда 7 азамат тіркеуде. Аталған азаматтармен ұдайы түнгі тексеру жұмыстары және профилактикалық әңгімелесулер жүргізілуде.
Қазіргі таңда ауыл округіндегі учаскелік инспекторлар учаскелік пунктің талапқа сай болмауына байланысты Сынтас елді мекеніндегі учаскелік пункте отыруда. Осыған байланысты ауыл округіндегі учаскелік пунктті күрделі жөндеуден өткізіп беруіңізді сұранамын.
Инфрақұрылым бойынша (ауыз су, табиғи газ, электр, жол)
Алтынтөбе ауылы округінде 5 елді мекеннің 4 елді мекені ауыз сумен қамтылған, Қосағаш елді мекеніне қосымша 2 шақырым ауыз су құбырын тарту жұмыстарының құрылыс жұмыстары жүргізілді, Алтынтөбе елді мекеніне ескірген су мұнарасын орнына жаңа су мұнарасы орнатылды, Қаржан елді мекеніне Қаржан тау бұлақ көздерінен ауыз су тарту құрылыс жұмыстары 2025 жылы басталып 2026 жылы аяқталып пайдалануға беріледі.
Алтынтөбе ауылы округінде 5 елді мекеннің 4 елді мекені табиғи газбен қамтылған, табиғи газ тартылмаған Қарабау елді мекенінде 12 отбасы, 71 халық тұрады, табиғи газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізу қажет.
Алтынтөбе ауылы округі Қосағаш елді мекеніндегі Ә.Сапиев көшесіне электр желісінің, трансформатордың және электр бағаналарының алмастыру жұмыстары жүргізілуде.
Алтынтөбе ауылы округі Қосағаш елді мекеніндегі Ә.Сапиев көшесінің кірме
жолдарына, Е.Қарақұлов көшесіне, Аққұм елді мекеніндегі Жақсығұл мерген
көшесінің кірме жолдарына , Алтынтөбе елді мекенде И.Асқаров көшесі
4,5 шақырым жолына асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу үшін Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс берілген.
Абаттандыру және көгалдандыру
Ағымдағы жылы ауыл округін абаттандыру аясында бірқатар жұмыстар жүргізілді:
-Жалпы ауыл округінде 1-га жерді қоршау жұмыстары жүргізіліп, 1500 түп көшет егілді. Қазіргі таңда арнайы техникамен көшеттерді суғарып күтіп баптау жұмыстары жүргізілуде.
-Аққұм елді мекеніндегі 2024 жылы 2,7 -га жер қоршалып 1000 түп көшет егілген болатын. Биылғы жылы қосымша 500 түп көшет егіліп, арнайы құдық қазылып, бір адам бекітіліп көшеттерді суғарып күтіп баптауда.
-Ауыл округіне кіреберіс жердегі 50-жуық талдар бұталып, 200 жуық талдардың түптері ақталды.
-Қаржан елді мекенінде ауыл тұрғынының демеушілігімен А.Қосанбаев көшесінің бойынан балалар ойнайтын алаңша салынып, сырты қоршалып пайдалануға берілді. Сондай-ақ Келес көшесі тұрғындарының ұйымдастыруымен Балалар ойын алаңшасы салынып, қоршау жұмыстары жүргізіліп, 20-түп шырша егілді.
-Орталық саябаққа 2005 жылы мектеп бітірген түлектер 20-жыл толуына орай арнайы мерекелік іс шаралар өтетін сақна жасап 22-наурыз мерекесіне қарсы пайдалануға берілді.
-Қаржан елді мекенінен 2023 жылы тұрмыстық қалдықтар тастайтын орын салынған. Былтырғы жылы бірнеше рет конкурсқа ұсынылған болатын, алайда жеңімпаз анықталмады. Қазіргі ауыл әкімшілігі тарапынан тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.
2025 жылдың басынан бастап ауыл округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары жүргізілуде.Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар, ерікті жастар және ауыл тұрғындары атсалысуда. Сенбілік барысында жалпы ауыл округіндегі жол бойларымен иесіз қалдықтар тазаланып, әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тал егіліп, талдарды әктеу, көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалауда. Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады.
Құрылыс саласы бойынша .
Ауыл округінд құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылға жоспар 1300 шаршы метр бекітіліп, 4 айға жоспар 300 шаршы метр болса 4 айда орындалғаны 350 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп 117% орындалды.
- Алтынтөбе елді мекенінде жаңа ФАП-тың құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
-Қосағаш елді мекенінде Ә.Сәпиев көшесінде тозығы жеткен электр бағаналары мен желілерін ауыстыру жұмыстары және жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
- Қаржан елді мекеніне Қаржан тау бұлақ көздерінен ауыз су тарту құрылыс жұмыстары басталуда.
.
Әскери сала:
2025 жылы Алтынтөбе ауылы округі көлемінде
Округ бойынша 2025 жылы
Шегара қызметіне жоспар-2
Орындалғаны-2
ҚР қарулы күштер қызметіне жоспар – 11 адам
Орындалғаны – 6 адам
ҚР Ұлттық Ұланға жоспар -9
Орындалғаны -5 адам
Алтынтөбе ауыл округінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әдіскерінің 2025 жылы 4 айда атқарған жұмыстары
Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Алтынтөбе ауыл округіне қарасты 1 әдіскер жұмыс атқарып келеді.
Алтынтөбе ауыл округі бойынша 14 пен 35 жасқа дейінгі жастар саны – 2186 құраса, яғни ауыл халқының 24,9%-ы жастар үлесінде.
2025 жылдың 4 айында жастар саясатын дамыту барысында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсем. Жастарды кәсіпкерлікке баулу, талантты жастарды қолдау, жастарды жұмыспен қамту, құқықбұзушылықтың алдын алу, еріктілер жобасын дамыту, жастарға психологиялық кеңестер беру, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жастарды патриоттыққа баулу бағыттарында 17 іс-шара ұйымдастырылып, жалпы 1022 жастар тартылды.
Мемлекеттік жастар саясаты:
2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдауға арналған Ұлттық жоба шеңберінде жастарға арналған жеңілдетілген шағын 2,5% несие «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Бастау бизнес», «Жасыл ел еңбек жасақтары», «Дипломмен ауылға», «Болашақ», ОАОО бекітілген мемлекеттік гранттар, «Серпін-2050: мәңгілік ел жастары индустрияға» мемлекеттік бағдарламаларына үгіт насихат жұмыстары жүргізілді.
Аудандық білім беру мекемесіне қарасты барлық мектеп түлектерімен кездесулер өткізізіп «Серпін-2050» мәңгілік ел жастар индустрияға әлеуметтік бағдарламасы бойынша Қостанай, Арқалық, Көкшетау, Қарағанды, Абай облыстарынан келіп, аталған бағдарламаны 9-11 сынып оқушыларына насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Орындаушылық тәртіп:
Оның ішінде: 7 мәселе жұмысқа орналасу бойынша.
1 мәселе учаскелік жердің шешімінің мерзімін ұзарту бойынша
2 мәселе тұрғын үй салып қосалқы шаруашылық жүргізу үшін учаскелік жер беру бойынша
Ауыл әкімінің жеке қабылдауында болған барлық 10 азаматқа жеке қабылдау барысында түсіндірілді.
Ұсыныстар:
3.Алтынтөбе ауыл округі Қаржан елді мекеніне Орталық мәдениет үйін салу
4.Қаржан елді мекеніндегі А.Қосанбаев ,Ө.Тілеубаев көшелерінің электр бағаналары ескірген бағаналарын алмастыруға ықпал жасауыңызды сұранамын.
5.Алтынтөбе ауылы округіне қарасты елді мекендеріндегі таза ауыз су жүйесіндегі су ұңғымасының (колодец) бетіндегі қақпақтары жоқ, атап айтқанда Қаржан елді мекенінде 64 дана су ұңғымасының (колодец) бетіндегі қақпақтары жоқ.
Алтынтөбе ауылы округі әкімінің аппараты.