Қарабау ауылы округі әкімі аппаратының 2025 жылдың 12 айында атқарған жұмысы жайлы есебі
Қарабау ауылы округінде 4 елді мекенде 1073 отбасында 6850 халық қоныстанған атап айтқанда;
Салық түсімдері
|
Салық түсімдері |
12 ай жоспар |
Нақты орын- далғаны |
% |
|
Жер салығы (мың теңге) |
31,0 |
33,7 |
108,6 |
|
Мүлік салығы ( мың теңге) |
547,0 |
548,3 |
100,2 |
|
Біріңғай жер салығы (мың теңге) |
935,0 |
983,4 |
105,2 |
|
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы ( мың теңге) |
19440,0 |
18378,5 |
94,5 |
|
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы ( мың теңге) |
19762,0 |
22207,7 |
112,4 |
|
Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем ( мың теңге) |
180,0 |
185,7 |
103,2 |
|
Ішкі кірістер жалпы |
40895,0 |
42337,2 |
103,5 |
Ауыл шаруашылық саласы:
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы бөлімімен егістік жерлерді игеру тапсырмасы бойынша 3 жақты келісім шарт негізінде ауылымызға көктемгі егіс 5868 га жерді игеру тапсырмасы берілген. Тапсырманың бүгінгі таңда (100,0%) пайызға орындап яғни 5868,6 га жер игерілді.
Егілген егіс көлемі:
Күздік бидай – 1935 га
Жаздық бидай-180,4 га
Жаздық арпа – 572,7 га
Картоп – 1 га
Мақсары –671 га
Ескі жоңышқа – 1657,5га
Жаңа жоңышқа – 851 га
Кәсіпкерлік сала:
Ауыл округінен 2025 жылы ашылған және ашылатын жобалар:
|
қ/с |
Жоба атауы БСН/ЖСН |
Саласы |
Құны Млн.тг |
Жұмыс орны (саны) |
Ашылу мерзімі |
Мекен жайы |
|
1 |
Ережеп Нұржігіт (950316300144) |
дүкен |
80 |
1 |
Қаржылық жағдайына байланысты 2026 жылы іске қосу жоспарлануда |
Сынтас е/м Е.Сарыпбеков көшесі №57А |
|
2 |
Акбаров Сабыржан Пернебаевич (680524302045) |
балабақша |
120 |
5 |
Іске қосылды |
Сынтас е/м Бәйдібек көшесі №35А |
|
3 |
Ергешова Күлсін (491117400461) |
дүкен |
25 |
1 |
Іске қосылды |
Жұмысшы е/м Т.Ержанов көшесі № 50 |
|
Жинағы |
225,0 |
7 |
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы:
2025 жылыдың 12 айда аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін Қарабау ауылы округі бойынша жоспар 160 адам болатын нақты орындалғаны 14 отбасыдан 100 адам яғни 60 адамға қысқарып 37,5% төмендеді.
Ашылған жұмыс орындары жайлы
|
|
|
Жоспар 12 ай |
Нақты 12 ай |
Орындалу % |
|
1 |
Әлеуметтік жұмыс орындары |
14 |
17 |
121 |
|
2 |
Жастар практикасы |
36 |
23 |
64 |
|
3 |
Мемлекеттік грант |
5 |
10 |
200 |
|
4 |
Тұрақты және уақытша жұмыс |
177 |
177 |
100 |
|
5 |
Ақылы қоғамдық жұмысқа орналастыру |
40 |
53 |
133 |
|
6 |
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша |
18 |
18 |
100 |
|
7 |
«Күміс жас» жобасы бойынша |
7 |
13 |
186 |
|
8 |
Enbek.kz платформасында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқыту |
14 |
15 |
107 |
|
9 |
Алғашқы жұмыс орны |
6 |
6 |
100 |
Білім саласы:
Денсаулық сақтау саласы:
Инфрақұрылым бойынша (ауыз су, табиғи газ, электр, жол)
Қарабау ауылы округінде 4 елді мекенің 4 елді мекені де ауыз сумен қамтылған. Сынтас, Қарабау елді мекенінің тұрғындары 24 сағат сумен қамтылған, алайда Үшбұлақ және Жұмысшы елді мекендеріндегі тұрғындар 7-8 сағат сумен қамтылуда.
Қарабау ауылы округінде 4 елді мекенің төртеуі де табиғи газбен қамтылған. Табиғи газ тартылмаған Сынтас елді мекеніндегі Бәйдібек көшесінде 61 отбасыға, 91 млн теңгеге табиғи газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.
Қарабау ауылы округі Қарабау елді мекеніндегі Абай және Т.Айнақұлов көшеслеріне 2 дана трансформатор, электр бағаналары және көше жарығы қойылды.
Қарабау ауыл округі бойынша 32 көшенің 30 көшесі асфальт жабындысымен қапталған, 2 көше топырақ жол. Атап айтқанда:
Қарабау ауылы округі Сынтас елді мекенінде 18 көшенің 14 көшесі асфальт төселген, 4 көшенің үшеуі Ә.Егемқұлов, Т.Құдайбергенов, А. Жүзбаева ішкі көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 2025 жылдың шілде тамыз айларында асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Бәйдібек көшесіне газ құбыры жүргізілгеннен соң асфальт төселінеді деп жоспарланған.
Жұмысшы елді мекеніндегі М.Құрымбаев көшесіне 2025 жылдың шілде тамыз айларында асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Жұмысшы елді мекенінің 3 көшесі толығымен асфальттанды.
Үшбұлақ елді мекеніндегі 7 көшенің 6 көшесіне асфальт төселінген. Қалған Ж.Сауытов көшесі топырақ жол болғандықтан 2026 жылы шағал төсеу жұмыстарына сметалық құжат жасалуда.
Биылғы жылы жалпы Қарабау ауыл округіндегі 4 көшеге 287 млн теңгеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру және көгалдандыру
2025 жылдың басынан бастап ауыл округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар, ерікті жастар және ауыл тұрғындары атсалысуда. Сенбілік барысында жалпы ауыл округіндегі жол бойларымен иесіз қалдықтар тазаланып, әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тал егіліп, талдарды әктеу, көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалауда. Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады.
Көріктендіру - көгалдандыру іс-шарасына сәйкес Қарабау ауыл округі көлемінде жалпы көше бойларына арнайы жерлерге көктем мезгілінде 2118 түп көшет отырғызылды. Сынтас елді мекеніне кіреберісіне демеушілер есебінен 250 түп шырша ағашы отырғызылып, қоршалды.
Үшбұлақ елді мекеніне ауыл тұрғындарының демеушілігімен 8,5 млн теңгеге Үшбұлақ аллеясы салынып 100 шыршы ішіне егілді.
Үшбұлақ елді мекенінде Өміралиев Әдіхан атамыздың бастауымен 1975 жылы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан ардагерлерге арнап ескерткіш орнатқан болатын, араға елу жылы салып Әдіхан атамыздың үлкен ұлы Өміралиев Ибрагим ағамыз заман талабына сай етіп ескерткішті және ауыл сахнасын жаңалады.
Қарабау ауылы округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды ЖК «Сынтас» мекемесі арқылы тазалануда. Қарабау ауылы округінде қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орын (полигон) қазіргі таңда жоқ болғандықтан, Жаңабазар ауылы округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын орынға (полигонға) тасымалдануда.
Құрылыс саласы бойынша .
Ауыл округінде құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылға жоспар 1200 шаршы метр бекітіліп, 12 айға жоспар 1100 шаршы метр болса 12 айда орындалғаны 1180 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп 107% орындалды.
Әскери сала:
2025 жылы Қарабау ауылы округі көлемінде
Қарабау ауылы округінде жастар бағыты бойынша 2025 жылдың басынан бері атқарылып жатқан іс шаралар.
Қарабау ауылы округінде 14-34 аралығындағы жастар саны 2494. Оның ішінде 1390 - ер адам, 1104 - әйел адам тіркелген.
Жалпы жыл басынан бері Қарабау ауылы округіне қарасты 5 білім ошағында жоғарғы сынып оқушыларына «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Қылмыссыз болашаққа бір қадам» атты түнгі рейдтік іс-шара Сынтас, Жұмысшы, Үшбұлақ, Қарабау елді мекендерінде жыл басынан бері 8 рет өткізілді. Іс шараның мақсаты кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 23:00 мен 6:00 аралығында жалғыз жүруге болмайтындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аудан аралық «Спорт бізді біріктіреді» атты волейболдан жастар арасында жарыс ұйымдастырылды. «Бақытты отбасы» тақырыбында аудандық жас отбасылар сайысы өткізілді.Сонымен қатар «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» атты марафон өткізілді.
Орындаушылық тәртіп:
Оның ішінде: 7 мәселе жұмысқа орналасу бойынша.
2 учаскелік жердің шешімінің мерзімін ұзарту бойынша
3 көшеге асфальт төсеу бойынша
2 АСП көмек алу бойынша
1 Спорт алаңын салу бойынша
2 Ішкі көшеге газ тарту бойынша
Ауыл әкімінің жеке қабылдауында болған барлық 17 азаматқа жауап берілді.