Аудан бюджетінің 5 айдың қорытындысымен игерілуі туралы

Аудан бюджетінің 5 айдың қорытындысымен  игерілуі туралы

Аудан бюджетінің 2026 жылға жоспары 11 578 083,0 мың теңге,   есепті кезеңге жоспар 5 080 483,0 мың теңге, есепті кезең соңына игерілгені 5 016 406,8 мың теңге болып 98,7%-ға орындалып тұр. Игерілмеген қаржы 64 076,2 мың теңге. Оның ішінде:

Облыстық бюджет есебінен барлығы 92,5 мың теңге: 

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 92,5 мың теңге Газ тасымалдау жүйесін дамыту бойынша ҚҚС соммасы игерілмеді.          

Аудандық бюджет есебінен барлығы 63 983,7 мың теңге:               Оның ішінде:

Аудан әкімінің аппараты 21,5 мың теңге, нақты шығындар есебінен үнемделген қаржы.

Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі барлығы 15 293,6 мың теңге, оның ішінде: 14 959,1 мың теңге санатория қаржысы мердігер мекеме ЭСФ дұрыс ілмеуінен игерілмеді 334,5 мың теңге нақты шығындар есебінен үнемделген қаржы.

Ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 168,0 мың теңге, оның ішінде: нақты шығындар есебінен үнемделген қаржы.

Ауданның ішкі саясат бөлімі барлығы 2 493,2 мың теңге, оның ішінде: 2 478,0 мың теңге басылым қызметі үшін МС рәсімдері аяқталмауынан игерілмеді, 15,2 мың теңге нақты шығындар есебінен үнемделген қаржы.

       Ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі 1 602,8 мың теңге, 1 375,1 мың теңге орталықтандырылған кітапхана, кітап сатып алу бойынша мердігер тауарды толық жеткізбеуінен игерілмеді, 227,7 мың теңге нақты шығындар есебінен үнемделген қаржы.

       Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі барлығы 44 340,6 мың теңге, оның ішінде: 10 332,0 мың теңге Қазығұрт ауданы, Тілектес е/м , Қ.Мамбетұлы е/м, Атбұлақ е/м, Ынталы е/м көшелерін орташа жөндеу және 9 929,0 мың теңге Қазығұрт ауданы, Қақпақ а/о Заңғар е/м көшелерін орташа жөндеу жұмыстарынан мердігер мекеме актілерін ұсынбауынан игерілмеді.  92,5 мың теңге Газ тасымалдау жүйесін дамыту бойынша ҚҚС соммасы, 7 500,9 мың теңге Жарық жол және саябақтары мекемесінен трансформаторларды қоршау жұмыстары, МС мердігер анықталмауынан игерілмеді, 5 700,0 мың теңге Гүл егу баптау қызметтері, МС мердігер анықталмауынан игерілмеді, 10 101,0 мың теңге Экология салығы игерілмеді, 685,2 мың теңге  нақты шығындар есебінен үнемделген қаржы.

Ауданның экономика және қаржы бөлімі 115,1 мың теңге, нақты шығындар есебінен үнемделген қаржы.

Аудандық маңызы бар ауылдық округ әкімінің аппараты               16 102,7 мың теңге, Қ.Абдалиев ауылдық окург – 14 990,0 мың теңге  Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары бойынша мердігер анықталмауынан игерілмеді, Қазығұрт ауылдық окург - 346,0 мың теңге пайдаланылған табиғи газ үшін QAZAQGAZ AIMAQ АҚ ЭСФ жібермегендіктен игерілмеді, 766,7 мың теңге нақты шығындар есебінен үнемделген қаржы.

 

 

Дата публикации
08 июня 2026