Қызылқия ауылы округі әкімі аппаратының 2025 жылдың 12 айында атқарған жұмысы жайлы есебі

 

Қызылқия ауылы округі әкімі аппаратының 2025 жылдың 12 айында  атқарған жұмысы жайлы есебі

             Қызылқия ауылы округінде 6 елді мекенде 1922 отбасында 12896 халық қоныстанып атап айтқанда, Тұғыртас елді мекенінде 37 отбасы 256 халық тұрады, Айнатас елді мекенінде 377 отбасы 2685 халық, Қызылқия елді мекенінде 742 отбасы 5044 халық, Ынталы елді мекенінде  269 отбасы 1855 халық, Қызылсеңгір елді мекенінде 287 отбасы 1961 халық, Атажұрт елді мекенінде 210 отбасы 1095 халық  қоныстанған.  

           Салық түсімдері

Жер салығы (мың теңге)

 

Мүлік салығы ( мың теңге)

12 ай  жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

12 ай  жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

126,0

132,3

105,0

568,0

586,9

103,3

 

Біріңғай жер салығы

(мың теңге)

Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салығы ( мың теңге)

12 ай  жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

12 ай  жоспар

Нақты

 

  орын

далғаны

%

3747,0

3855,8

102,9

25661,0

29543,2

115,1

 

Ерікті алымдар (мың теңге)

Заңды тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық ( мың теңге)

12 ай  жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

12 ай  жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

630,0

    630,0

100

0

0

0

 

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы ( мың теңге)

12 ай  жоспар

Нақты  орын

далғаны

%

38623,0

38190,4

98,9

               

   

           2025 жылдың 12 айында қорытындысымен жалпы берешек 7 220 416 теңге, оның ішінде көлік салығынан - 3 027 195 теңге,  табыс салығы – 3 502 714 теңге, жеке тұлғалардың мүлік салығы – 81 151 теңге, жер салығы – 7 927 теңге, біріңғай жер салығы – 2 055 423 теңге.

       Жыл басынан берешек өндіру жұмыстарының нәтижесінде – 133 азаматтан 2 783 657 теңге өндірілді.

              2025 жылдың 12 айындағы қаржының игерілуі

  • 124001015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 65 865,0 мың теңге, 12 айда игерілгені 65 860,5 мың теңге.
  • 124009015 «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 7420,0 мың теңге, 12 айда игерілгені 7420,0 мың теңге
  • 124022015 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 0 мың теңге,  12 айда игерілгені 1502,2
  • 124051015 «Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы бойынша жылдық жоспар 14 375,0 мың теңге, 12 айда игерілгені 14 375,0 мың теңге.
  • Жалпы 12 айдағы жоспар 89 163,0 мың теңге, игерілгені 89 157,7 мың теңге, қаржы 100 % игерілді. Себебі 5,3 мың теңге үнемделген қаржы.

 

     Ауыл  шаруашылық  саласы:

           Ауыл шаруашылық маңызды салаларының бірі болып табылады. Қызылқия ауылы округінің ауылшаруашылық жерінің жалпы ауданы 19135 га құрайды, оның ішінде 9125 га егістік (47,6%),  оның ішінде 5206 га (57%) суармалы жер, 3919 га (42,9%) тәлімі егістік, 3945 га шабындық жер (20,6%), жайылым 6065 га. (31,6%) алып жатыр. Сондай-ақ ауыл округі көлемінде  520 шаруа қожалығы, 21 өндірістік кооператив, 25 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тіркеліп қарқынды жұмыстар атқарып келуде.

           Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы бөлімімен егістік жерлерді игеру тапсырмасы бойынша 3 жақты келісім шарт негізінде ауылымызға көктемгі егіс 8050 га жерді игеру тапсырмасы берілген. Тапсырманың бүгінгі таңда (100,1%) пайызға орындап яғни 8051 га жер игерілді.

Егілген егіс көлемі: 

Күздік бидай – 1224,4  га 

Жаздық бидай-195 га    

Жаздық арпа – 251,3 га        

Картоп –121,3 га

Мақсары –686,0  га

Күнбағыс – 62 га

Ескі жоңышқа – 4123,0 га

Жаңа жоңышқа – 933,5 га   

Көкөніс -275,3 га 

Бақша –19,8 га

Дәндік жүгері 159,5 га

  • 2025 жылы ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемі ағымдағы жылға тапсырма 5,5,0 млрд теңге, орындалуы 5,5,0 млрд 100% орындалды.
  • 2025 жылы ауыл шаруашылығы өндіріс көлеміне негізгі капиталға инвестиция тарту ағымдағы жылдың 12 айына тапсырма 1,6 млрд теңге болса, бүгінгі таңда 1,6 млрд теңге 100% орындалды.  
  • 2025 жылы «Қараша Агро» ЖШС 106 га, «Әзірет Сұлтан» шаруа қожалығы 20 га, «Береке» шаруа қожалығы 24 га жерге жаңбырлатып суғару технологияларын пайдалана отырып жұмыс жүргізілуде. 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға тапсырма 150 га құраса бүгінгі таңда 150 га яғни 100 % орындалды.
  • 2025 жылы тамшылатып суғару технологияларын енгізу бойынша тапсырма 100 га, орындалуы 100 га 100 % орындалды.
  • 2025 жылы Ауыл шаруашылығы техникаларын жаңалау бойынша 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға тапсырма 13 бірлік техника, орындалуы 12 бірлік техника 92,3% орындалды.
  • Қызылқия ауылы округі бойынша 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға 5 га жерге жылыжай құрылысы жоспарланып, қазіргі таңда 5 га жылыжай құрылысы жүргізіліп 100% орындалды.
  • Қарқынды бау шаруашылығы бойынша «Maximus Food» ЖШС 38 га, «Sirius» ШҚ 10 га, «Пасека бал» ШҚ 12 га жерге бау отырғызылды, тапсырма 60 га, орындалуы 100 % орындалды.

           Мал шаруашылығы

  • 2025 жылы Қызылқия ауылы округі бойынша шаруа қожалықтарындағы малдары мен ауыл тұрғындарының малдарын қосқанда, Ірі қара мал - 4751 бас, қой -33580 бас, жылқы -4442 бас, құс -3251 бас.  

         2025 жылы өндірілген мал шаруашылығы өнімдері

Қ/С

 

2025 жылы өндірілген мал шаруашылығы өнімдері

 

 

12 ай жоспар     тонна

Нақты орындалғаны

 

%

1.     

Ет

2515

2291

91

2.     

Сүт

1430

1616

113

  •  

          Асыл тұқымды мал басы

№

Тұқымы

Шаруашылық саны

Мал басы

О.і. аналық

1.     

Оңтүстік қазақ мериносы

7

9235

8136

2.     

Қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы

 

12

 

17840

14580

3.     

Ордабасы қойы

2

2756

2036

 

Ауыл округі бойынша

21

29831

24752

 

  Кәсіпкерлік  сала:

  •   Ауылда кәсіпкерлік нысандар тойхана 5, дәмхана 1, Дүкен 29, Дәріхана 4, Шаштараз 2, Монша 5, Жанармай құю бекеті 3, ТЖО (сто) 3, жалпы 52 нысан жұмыс жасауда.
  • Кәсіпкерлерді жаппай қолдау және нәтижелі жұмыспен қамту бойынша Қызылқия ауылы округі тұрғындары  «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы  аясында 2023-2024 жылдары несие алып 2025 жылы құйылған несиеден  «Ырыс»  МҚҰ   арқылы 2,5 % бен 2025 жылы 14  ауыл округі тұрғыны  нақты 144 млн  теңге жеңілдетілген несие алды.
  • Бюджеттік емес инвестиция тарту 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға 12 айлық жоспар 4,18 млрд теңге, 12 айда орындалуы 4,18 млрд теңге 100,% орындалды.
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға 12 айлық жоспар 916,8 млн теңге, 12 айда орындалуы 916,8 млн теңге, 100% орындалды.
  • Өнеркәсіп өнімінің көлемін арттыру 3 жақтама келісім бойынша ағымдағы жылға 12 айлық жоспар 17352,7 млн теңге, 12 айда орындалғаны 17352,7 млн теңге 100% орындалды.

          Ауыл округінен 2025 жылы ашылған жобалар:

  қ/с

Жоба атауы  БСН/ЖСН

Саласы

Құны

Млн.тг.

Жұмыс орны (саны)

Ашылу

мерзімі

Мекен жайы

1

ЖК Жанысбаева Зубайра Елемесовна

610518402749

 

Дүкен 

 

20,0

2

 

Іске қосылды

Қызылқия е/м  Д.Болыс көшесі  №74

2

ЖК Хусанова Райхан Жетписбаевна  620325401176

 

Дүкен

 

20,0

2

 

Іске қосылды

Айнатас е/м Жібек Жолы көшесі № б/н

 

3

ЖК Жанысбаева Зубайра Елемесовна

610518402749

 

Монша

 

20,0

2

 

Іске қосылды

Қызылқия е/м  Д.Болыс көшесі  № б/н

4

ЖК Курбанова Айгүл Пернебаевна 891119401602

 

Балабақша

 

550,0

30

 

Іске қосылды

Қызылсеңгір

 е/м № б/н

 

Жинағы

 

610,0

36

   

 

             Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы:

          2025 жылы 12 айда аз қамтамасыз етілген отбасыларға төленетін атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін Қызылқия ауыл округі бойынша жоспар 610 адам болатын нақты орындалғаны 377 адам яғни 233 адамға қысқарып 38,2% төмендеді.

 

 

Ашылған жұмыс орындары жайлы

 

Жұмыспен қамту бойынша

Жоспар 12 ай

Нақты 12 ай

Орындалу %

1

 Әлеуметтік жұмыс орындары

28

19

68

2

Жастар практикасы

 

 

57

45

79

3

Ақылы қоғамдық жұмысқа орналастыру

49

55

112

4

Күміс жас жобасы

18

20

111

5

Тұрақты және уақытша жұмыс

 

318

318

100

6

10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орындары

133

186

140

7

«Қуатты өңірлер Ел драйверінің» ұлттық жобасы бойынша

 

75

75

100

8

Мемлекеттік қайтарымсыз грант

10

16

160

 

Білім  саласы:

  • Ауыл округі бойынша  4  жалпы  орта  мектеп, 1  бастауыш   мектепте   жалпы  341 мұғалім   қызмет  етеді. 2777 оқушы  білім   алуда
  • Мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мекемесі  6, одан мемлекеттік 1, жалпы 915 бүлдіршін  тәрбиеленуде.

  Денсаулық сақтау саласы:

  • Ауыл округінде 1  Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы,  3 ФАП, 2  Медпункт  бар. Қызылқия  дәрігерлік  емханасында  6 дәрігер  47  меиірбике  халыққа  қызмет  көрсетуде. 2025 жылы  12- айда  12 млн 204 мың 601 теңгелік дәрі – дәрмек халыққа тегін берілген.

 

  Мәдениет саласы: 

       Мәдениет  үйі  жыл  бойына  атқаратын  жұмыстарына   іс -  шара  бекітіп, 2025 жыл бекітілген іс – шараға сәйкес мереке  күндері   сахналық     қойылымдар  мен   концерттер және «Біздің өлкенің қаһармандары» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу, Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің –Әз-Наурыз» мерекелік кеші,  Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына орай «Ұлы тұлға -Бауыржан» аймақтық жас сарбаздар байқауы,  «Нашақорлық қауіпті дерт» атты, «Заң, қоғам және жас өспірім» атты бірқатар өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, жалпы осы күнге дейін 31 іс-шара өткізілді.

       Кітапхана бойынша атқаратын жұмыстарына жыл көлемінде жоспар жасалып. Қазақстан Республикасы бойынша қолға алынған «Бір ел –бір кітап» акциясы аясында жазушы Тәкен Әлімқұловпен Жұмекен Нәжмеденовтың шығармаларын оқу, «Құқықтық сауаттылық заман талабы» аты дөңгелек үстел, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру баршаның парызы» атты іс-шаралар мен бірқатар жұмыстар атқарылды.  Кітапхана кітап қоры 9850, оқырман саны  799, кітап берілімі  18100, жыл бойына  47 іс шара өтті.

           Спорт саласы:

  Ауыл округімізде 8 спорт алаңша, 5 типтік спорт залымыз бар.

  Ынталы елді мекеніндегі «Ынталы» жалпы білім беретін мектебінің ауласына жеке кәсіпкер Қарсыбаев Сапаралы Кәрімбердіұлының демеушілігімен   кіші футбол алаңшасын салып толық бітіріп 2025 жылы халық игілігіне берілді.  

          22 – наурыз күні барлық елді мекендерде кіші футболдан жыл аралық жарыс өткізілді және 9 мамырда мектеп бітіргеніне 10-20 жыл болған түлектер футболдан жыл аралық жарыстардан   іс-шара өткізілді.

 

        Құқық бұзушылықтың алдын алу (қоғамдық-саяси ахуал)

          2025 жылдың басынан ауыл округі аумағында бірқатар құқық бұзушылықтың алдын алу үшін. Жасөспірімдердің түнгі уақытта ата-аналарының бақылауынсыз жүрген жыл басынан бері осындай 26 факті анықталып, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2025 жылдың он екі айында 15 кешкі рейд өткізіліп, жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. 2025 жылдың басынан бері ауыл округтегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Учаскелік полиция инспекторының ақпаратына сәйкес, жыл басынан отбасылық жанжалға байланысты 17 дерек бойынша әкімшілік шара қолданылды, сонымен қатар 17 азаматқа қорғау нұсқамасы берілді. Әкімдік тарапынан бұл жағдайлар ерекше бақылауға алынып, учаскелік полиция инспекторларымен тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Пробациялық есепте қазіргі таңда 8 азамат тіркеуде, оның ішінде 2 жасөспірім С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушылары. Аталған азаматтармен ұдайы түнгі тексеру жұмыстары және профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.

          Сонымен қатар ауыл округте әкімшілік құқықбұзушылықтың  505 бабы 1 тармағы бойынша (елді мекендерде абаттандыру қағидаларын бұзу) 4  хаттама толтырылды.

 

Инфрақұрылым бойынша 2025 жылы жүргізілген құрылыс жұмыстары  (ауыз су, электр, жол)

          Қызылқия ауылы округінде 6 елді мекенің 5 елді мекені ауыз сумен қамтылған, ауыз су тартылмаған Атажұрт елді мекеніне ауыз су құбырын тарту жұмыстарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ауыз су тарту құрылыс жұмыстары 2025 жылдың қазан айында аяқталып пайдалануға берілді. Қаралған қаржы 714 миллион 311 мың теңге, мердігер «ROYAL ИНЖИНИРИНГ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

          Айнатас және Тұғыртас елді мекендеріндегі ауыз су құбырын ағымдағы жөндеу және ауыз су ұңғымасын қосу жұмыстары жүргізілді. Қаралған қаржы 73 миллион 100 мың теңге «Глобал Инвест Строй»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

           Қызылқия және Ынталы елді мекендеріндегі ауыз су құбырын ағымдағы жөндеу және ауыз су ұңғымасын қосу жұмыстары жүргізілді. Қаралған қаржы 63 миллион 400 мың теңге «ААА Ақылбек»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

          Қызылқия ауылы округі Тұғыртас елді мекеніндегі «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і мекемесінің теңгеріміндегі электр желісінің, трансформатордың және электр бағаналарының тозығы жеткен болатын, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і мекемесінің инвестициялық жоспарына сәйкес 2025 жылы  жөндеу жұмыстары жүргізілді.

          Қызылқия ауылы округі Қызылсеңгір елді мекеніндегі Қазыбек би, Н.Машақұлы, Құрманғазы, ААуданов, Д.Қонаев, Н.Қалнияз,Қ.Құрымбайұлы және И.Тайманұлы ішкі көшелеріне  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қаралған қаржы 272 миллион 800 мың теңге, мердігер «Достық Спец Транс»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

 Абаттандыру және көгалдандыру

        2025 жылдың басынан бастап ауыл округінде «Таза Қазақстан» республикалық  экологиялық бағдарламасы аясында жалпы халықтық  сенбілік жұмыстары жүргізілуде.
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлері, белсенді азаматтар, ерікті жастар және ауыл тұрғындары атсалысуда. Сенбілік барысында жалпы ауыл округіндегі жол бойларымен иесіз қалдықтар тазаланып, әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына тал егіліп, талдарды әктеу, көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалауда. Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады.

           Көріктендіру  - көгалдандыру    іс-шарасына сәйкес,  959 түп Қарағаш, 652 түп Катальпа, 92 түп Сарытал, 115 түп Клён, 300 түп Қаратал көшетері егілді. Мектеп, фап және Айнатас  елді мекеніндегі жасыл аймаққа егілді. Қызылқия ауыл округі көлемінде жалпы көше бойларына арнайы жерлерге көктем мезгілінде 2118 түп көшет отырғызылды.         

         Қызылқия ауыл округі көлемінде жалпы көше бойларына арнайы жерлерге 2025 жылдың  күз мезгілінде 1640 түп көшет отырғызылды. Жалпы 2025 жылы 3758 түп көшет  отырғызылды.

        Қызылқия ауылы округіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды «Таза су» мекемесі кесте бойынша жинап, арнайы тастайтын орынға (полигон) жиналған қатты тұрмыстық қалдықтарды апарып тастауда.

 

Құрылыс саласы бойынша .

          Ауыл округінде құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылға жоспар 2600 шаршы метр бекітіліп, 12 айға жоспар 3300 шаршы метр болса 12 айда  орындалғаны 3300 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп 100% орындалды.

   

        Әскери сала:

     2025 жылы Қызылқия ауылы округі көлемінде 

  • жалпы әскери міндеттілер саны - 934,
  • шақырудағы әскери міндеттілер – 281,
  • запастағы офицерлер - 45

          Округ бойынша 2025 жылы  

2025 жылғы көктемгі әскер мерзімді қызметке шақыру бойынша:

Жоспар - 16,  орындалғаны - 14

2025 жылғы күзгі  әскери мерзімді қызметке шақыру бойынша:

Шекара қызметіне жоспар  -         2,  орындалғаны –          2

ҚР Қарулы Күштеріне жоспар     7, орындалғаны –           8

ҚР Ұлттық Ұланға жоспар –        7, орындалғаны –           4.

 

Қызылқия ауылдық округінде жастар бағыты бойынша 2025 жылдың басынан бері  атқарылып жатқан іс шаралар.

            Қызылқия ауылдық округінде  14-34 аралығындағы жастар саны 4510.      Оның ішінде 2210 - ер адам, 2300 - әйел адам тіркелген.

     Жалпы жыл басынан бері  Қызылқия ауылдық округіне қарасты  4 білім ошағында  жоғарғы сынып оқушыларына «Серпін-2050»бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

            «Қылмыссыз болашаққа бір қадам» атты  түнгі рейдтік іс-шара Қызылқия, Айнатас , Ынталы, Қызылсеңгір, Атажұрт елді мекендерінде  жыл басынан бері  6 рет  өткізілді.  Іс шараның мақсаты  кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге  түнгі сағат 23:00 мен 6:00 аралығында  жалғыз жүруге болмайтындығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

             10 мамыр 2025 жылы Қызылқия командасы кіші футболдан 2010 жылғы туған балалар арасында өткен Қазақстан Чемпионатынан күміс жүлдемен оралды. сонымен қатар Үндістанда өткен Азия чемпионаты  қол күресі турнирінде ауыл жастары Мамбеталиев Нурислам мен Түзелбай Бексұлтан ел намысын абыроймен қорғап 2 алтын 2 күміс иеленіп, ауылымызға абыроймен оралды.

           Қызылқия ауылы округі  жастар бағыты бойынша жыл басынан бері  18  іс – шара өтті.

 

        Орындаушылық тәртіп:

  1. 2025 жылдың 3 қаңтарынан бастап жыл басынан бері есептік кезеңде жеке тұлғалардан жалпы 22 өтініш оның ішінде 9 өтініш Е-лицензия ақпараттық жүйесінен түсті, Е-өтініш ақпараттық жүйесінде 13 өтініш түсіп, өтініш иелеріне толық жауап берілді.
  2. Жыл басынан ауыл әкімінің жеке қабылдауында 39 азамат болды.

Оның ішінде: 8 мәселе жұмысқа орналасу бойынша.

                        18 учаскелік жердің шешімінің мерзімін ұзарту бойынша

                        1 мүгедектік алу бойынша

                        3 жайылым жерді заңдастыру бойынша

9 тұрғын үй салып қосалқы шаруашылық жүргізу үшін           учаскелік жер бойынша

 Ауыл әкімінің жеке қабылдауында болған барлық 39 азаматқа жауап берілді. 

 

 

 

 

 

2026 жылы Қызылқия ауылы округінде атқарылатын жұмыстар мен қойылып отырған мақсаттарға тоқтала өтсем

 

  1. Ынталы елді мекеніндегі С.Серкебаев, Т.Жаңабаев және Ж.Тұрсынқұлов ішкі көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу.
  2. Айнатас елді мекеніндегі Мәдениет,Наурыз,Атақоныс және Несібе ішкі көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу.
  3. Айнатас елді мекенінде фельдшерлік акушерлік пункттің құрылыс жұмыстарын жүргізу.
  4. Атажұрт елді мекеніне табиғи газ құбырын тарту жұмыстарын жүргізу.
  5. Ауыл округіндегі елді мекендердегі ішкі көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.
  6. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ауылды көркейту және көшелерді санитарлық тазалау жұмыстарын одан әрі жалғастыру.
    7. Бірдейлендіру және ветеринарлық алдын-алу іс-шаралары жұмыстарының уақытысында орындалуын қамтамасыз ету.
    8. Малды асылдандыру, мал шаруашылығын дамыту жұмыстарын жалғастыру.

 

 

Қызылқия ауылы округі әкімінің аппараты.

 

 

 

 

 

 

 

                                    

Дата публикации
08 июня 2026