Ауданда туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Туризмді дамыту арқылы экономикалық жағдайды жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Осы орайда ауданда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті.
Бұл салада ауданда бірқатар туристік нысандар бар.
Атап айтқанда:«Ақбура әулие», «Ысмайыл ата», «Ысқақ ата», «Көктен ата», «Есенаман қалпе», «Жылқышы ата», «Жақсығұл мерген» кесенелері және «Кеме қалған» монументі.
Туристік нысандарды жаңғырту мақсатында, Тұрбат ауыл округінде орналасқан «Ысмайыл ата» кесенесі аумағында орналасқан «Қошқар ата» кесенесін «Қазқайтажаңарту» РМҚ Түркістан филиалы арқылы 30,0 млн.теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді.
«Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Өгем филиалында экологиялық туризм саласы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумаққа шекаралас орналасқан елді мекендердің тұрғындары мен мектеп оқушылары арасында 11 рет туристік-экологиялық сауаттылық сабақтары мен түсіндірме әңгіме лекциялары және аудан тарихын насихаттау мақсатында аудандық музейге «Музей түні» экскурсиясы ұйымдастырылды.
«Жастар жылына» орай «Сайрам-Өгем» ұлттық мемлекеттік паркіне қарасты Өгем тауына саяхат ұйымдастырылды. Өгем тауының 2900 метр биіктікке орналасқан шыңға «Жастар шыңы» атауы берілді.