Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және жастарды дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ауданға қарасты білім беру мекемелеріндегі мектеп оқушыларына және колледж студентеріне 37 кездесу, облысық «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог мамандардын қатысуымен түрлі сала өкілдерімен 7-рет семинарлар, ауыл тұрғындарымен 5-рет кездесу, мешіт имамдарына 3-рет дөңгелек үстелдер және мекеме қызметкерлерінің қатысуымен 14-рет ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жалпы қаңтар-мамыр айлары аралығында 61 ақпаратық-түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3760 адам қамтылды.
Қазығұрт ауданына қарасты 13 ауыл округі орталықтарында «Жастар діни экстремизмге қарсы» тақырыптарында 39 ақпараттық баннерлер орнатылды.
Сонымен қатар, қоғамның радикалдануын және терроризм мен экстремизмнің таралуын болдырмауға бағытында жергілікті БАҚ-на 43 мақалалар шығарылды.
Сондай-ақ, терроризм мен экстремизм белгілері бар саяси-қоғамдық тұрақсыздандыру фактілеріне жол бермеу мақсатында облыстық және аудандық дінтанушы-теолог мамандар тарапынан діни мазмұндағы 19 бейнероликтер өңделіп әлеуметтік желілерге жарияланды.