Алтынтөбе ауылы округі әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМА
2026 жылғы 31 мамырда Қазығұрт ауданындағы Алтынтөбе ауылы округі әкімінің сайлауы өтті.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылы округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:
Алтынтөбе ауылы округі әкімінің сайлауы бойынша сайлаушылар тізіміне 4293 азамат енгізілді, олардың 2559-ы дауыс берді.
Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Алдаберген Р.Е. – 137; Алибаев Д.Н. – 2141; Аханов А.С. – 259; «Барлығына қарсы» – 15.
1987 жылы туылған, Алтынтөбе ауылы округінің бұрынғы әкімі, Қазығұрт ауданы, Алтынтөбе ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған Алибаев Данабек Нурмаханович Алтынтөбе ауылы округінің әкімі болып сайланды.
Қазығұрт аудандық аумақтық сайлау комиссиясы