Экономика және қаржы бөлімінің
2025 жылдың қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы
Анықтама
Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімінде қазіргі таңда 9 мемлекеттік қызметкер және келісім-шарт негізінде 13 қызметкер жұмыс жасайды, оның ішінде; 5 іс қағаз жүргізуші, 2 әдіскер, 1 хатшы, 3 мекеме күзетшісі жұмыс атқарады, 1 көлік жүргізушісі, 1 еден жуушы.
Бөлімде келісім шарт негізінде жұмыс істейтін қызметшілердің жеке іс қағаздары талаптарға сай жүргізіліп отыр.
Аудандық экономика және қаржы бөліміне келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:
2025 жылы жеке және заңды тұлғалардан 14 арыз-шағым тіркелген (оның ішінде 4 жеке қабылдау), түскен арыз-шағымдардың түріне қарай 6 – ұсыныс, 4 – өтініш, 4 – хабарлама келіп түскен.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу үшін арнайы журналдар арналған.
2025 жылы бөлімге 1 279 кіріс хаттары және 1 056 шығыс хаттары тіркелді, бөлімнің кіріс хаттары орындаушыларға уақытылы жіберіліп, дер кезінде жауаптар берілді. Қазіргі таңда мерзімі өтіп кеткен хаттар жоқ.
2025 жылы бөлім қызметкерлерімен 8 құқықтық оқу сабақтары өткізілді.
1) ҚР Бюджет кодексіндегі соңғы өзгерістер.
2) Қызметтік әдеп және мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі.
3) «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдіктері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» ҚР Ұлттық экономика министплігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығы.
4) «ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР-ның 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы
5) ҚР-ның 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексі
6) Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың қолданылу тәртібі.
7) Жекешелендіру объектілерін сату қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920қаулысы
8) Қаржылық бақылау және ішкі аудит негіздері.
Халық тарапынан сыртқы бақылауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде мақалалар әр тоқсанда бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау туралы кесте түзілген.
«Қазығұрт тынысы» қоғамдық-саяси газеті және «Киелі Қазығұрт» ақпараттық танымдық газетінде 12 мақала жарияланды.
1)«Аудандық экономика және қаржы бөлімі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау» кестесіне Хабарландыру,
2)«Дипломмен ауылға бағдарламасына кімдер қатыса алады және қалай?»,
3)«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу»,
4)«Қызметтік Әдеп нормаларын сақтау-мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті!»,
5)«Мемлекеттік рәміздер –Ұлттық мақтанышымыз!»,
6) «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесі үшін адал еңбек!»,
7) «Сыбайлас жемқорлықтың адын-алу!»,
8)«Конституция –ел тірегі!» тақырыбындағы мақалалар).
9) «Тіл – ұлттық құндылық!»
10) «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті!»
11) «Теңге – мемлекет келбеті!»
12) «Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік!»
Қазығұрт ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудан бюджеті 2024 жылдың 24 желтоқсанында аудандық мәслихаттың №22/134-VІІІ шешімімен 11 130 402,0 мың теңге болып бекітілді. Алайда, 2025-2027 жылдарға арналған ауданның бюджетіне республикалық және облыстық бюджеттен берілетін трансферттер, аудандық ішкі кірістеріне және бос қалдықтарды қайта жұмсауға байланысты аудандық мәслихаттың шешімімен 5 рет нақытылау және аудан әкімдігінің қаулысымен 12 рет түзету енгізіліп, аудан бюджеті 13 609 473,0 мың теңгені құрады.
Кіріс көздерін ұлғайту бойынша ағымдағы жылы жергілікті бюджетте 4 760 308,0 мың теңгеден 5 693 878,0 мың теңгеге немесе +1 153 756,0 мың теңгеге артты.
Аудан бойынша жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да түсімдердің 2025 жылға жылдық жоспары 5 914 064,0 мың теңге болса, нақты түсім 6 446 399,1 мың теңге немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 137,6 пайызға орындалды (+1 759 929,4 мың теңгеге артқан).
Аудан бюджетінің 2025 жылға жоспары 13 609 473,0 мың теңге, есепті кезең соңына игерілгені 13 607 758,3 мың теңге болып, 100%-ға орындалды.
Мемлекеттік қызмет көрсету; Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға,ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2025 жылы 130 маманға 51 116,0 мың теңге көтерме жәрдемақы, ал 56 маманға 489 534,0 мың теңге тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік несие берілді.