
Индустриялдық аймақта орналасқан «CG Foods Central Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Тез әзірленетін тағамдар» өндірісі 2019 жылдың 5 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Премьер Министрі Асқар Маминнің қатысуымен салтанатты түрде ашылды. Жалпы инвестиция көлемі 5,7 млрд. теңге, 2019 жылы 1,1 млрд. теңге инвестиция салынып өндірісті жаңғырту арқылы тез әзірленетін тағамдар шығаратын зауыт 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап тез әзірленетін 10 түрлі «Қазан» және «Wai-Wai» маркалы кеспе өнімін шығаруда. Бүгінгі таңда 80 адам жұмыспен қамтылып отыр. Кәсіпорынның даму жоспарына сәйкес алдағы жылдары жұмысшылар саны 300 жететін болады. Кәсіпорын жылына 1100,0 тонна өнім шығарып, өнімнің20% Қазақстан Республикасы аумағында, ал 80% Орта Азия елдеріне экспортталатын болады.