Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ
Конкурсты ұйымдастырушы: «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ;
Орналасқан жері: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, ғимарат 20
Пошталық мекенжайы: 161200, Түркістан қ. Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше
Электрондық портал арқылы : https://kezekte.kz/
Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-79; 8 771 869 99 19
Конкурс нысанасы: Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру.
Конкурс нысаны: ашық конкурс.
Конкурс өтетін орыны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, ғимарат 20, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының мәжіліс залы
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі: 2026 ж. «8» қазаннан бастап 2026 ж. «14» қазан аралығында, жұмыс күндері сағат 10:00-ден
17:00-ге дейін (жергілікті уақытпен).
Өтінімдерді беру басталатын күні мен уақыты: 2026 ж. «8» қазаннан сағат 10:00 (жергілікті уақытпен);
Өтінімдерді беру аяқталатын күні мен уақыты: 2026 ж. «14» қазан сағат 17-00 (жергілікті уақытпен);
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.
Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=kk сайтында танысуға болады
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жыл сайын әрбір өңірде бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында «бірыңғай есеп беру күні» іс-шарасы өткізіледі.
Облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайыпбектің төрағалығымен бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдындағы кезекті «бірыңғай есеп беру күні» өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің басшылық құрамы мен өңір кәсіпкерлері қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы кері байланысты нығайту, бизнесті реттеу мәселелерін ашық талқылап, бірлескен шешімдер қабылдау.
Жиында облыс экономикасының ағымдағы жылдың 8 айындағы оң көрсеткіштері мен атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Өңір экономикасына 1 135,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 134,4%-ға артқан. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 27,9%-ға ұлғайып, 1 189,7 млрд. теңгені құрады.
Алматы мен Астана қалаларынан кейін Түркістан облысы шағын және орта кәсіпкерліктің шоғырлануы бойынша көш бастап тұр. Бүгінгі таңда өңірде 200 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектісі қызмет етуде.
Сонымен қатар, Полиция департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Облыстық санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдау және қорғау жөнінде баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Басқосуда бизнес өкілдері өзекті мәселелерді ортаға салып, қордаланған мәселелерді шешу бойынша облыс әкімдігі мен құқық қорғау органдарымен бірлескен хаттама түзілді.
2026 жылдың 25 қыркүйегі - Бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні.
Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы іс-қимылды жақсарту мақсатында бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау және олар бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптары бұзушылықтарының жүйелі профилактикасын дамыту бойынша Бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.
Аталған іс-шараға аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, Түркістан облысының прокуратурасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, мемлекеттік кірістер, білім саласындағы бақылау, төтенше жағдайлар, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, техникалық реттеу және метрология, әділет, табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ішкі мемлекеттік аудит, экология, геология және табиғи ресурстар, полиция департаменттері, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы және басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатысады.
Өңіріміздің барша кәсіпкерлерін аталған іс-шараға қатысуға шақырамыз.
Өтетін орыны және күні: 2025 жылдың 25 қыркүйегі сағат 16:00, Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі «Ұлы Дала Елі» орталығы.
КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында азаматтар мен кәсіпкерлердің қатысуымен жеке қабылдау өткізілді.
Қабылдау барысында кәсіпкерлік саласына қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, тұрғындардың ұсыныс-тілектері тыңдалды. Сонымен қатар, бизнесті дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары және кәсіпкерлерге көрсетілетін қызметтер жөніндегі сауалдарға жауаптар берілді.
Жеке қабылдау барысында әрбір мәселе жеке қаралып, оларды шешу жолдары талқыланды. Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауапты мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалуы бақылауға алынды.
2026 жылғы 13 шілдеде Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының іскерлік жұмыс орнында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың алдын ала қорытындыларын талқылау бойынша ашық жиналыс өтті.
Жиналысқа бұйрықпен бекітілген жұмыс тобының мүшелері қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Түркістан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Ыдырыс Әзірет Талғатұлы және басқарманың мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың алдын ала нәтижелері ұсынылып, талқыланды. Қамтылған бағыттар бойынша анықталған кемшіліктер мен ұсыныстар таныстырылды.
Мәжіліске қатысушы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Ыдырыс Әзірет Талғатұлы анықтама жобасымен танысып шығып, анықталған тәуекелдерді жою және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында ашық әрі жария жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.
Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы С. Жуматаев анықтама жобасының негізгі мазмұнымен таныстырып, анықталған тәуекелдер мен оларды жою жөніндегі ұсыныстарға тоқталды.
Жиналыс барлық қатысушылардың белсенді қатысуымен конструктивті жағдайда өтті.
Құрметті әлеуметтік желі қолданушылар
Сыбайлас жемкорлық тауекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі карай - Ішкі талдау) жургізу туралы бекітілген кестесіне сайкес, облыстык, кәсіпкерлік және сауда басқармасында 2026 жылдын, 14 мамыр - 26 маусым аральнында ішкі талдау
жумыстары жүргізілуде.
Егер де, Сізде аталан сала кызметіне қатысты қандай да бір накты маліметтерініз бен арыз-шанымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлерініз болса, 2026 жылдын, 17 маусым күні 11:00-де Басқармалар үйі, 4-кабат, облыстык кәсіпкерлік және сауда баскармасынын мажіліс залында өтетін ішкі талдау
анықтамасынын, алдын ала нұскасын талқылау
жиынына шақырамыз.
Байланыс: 8-725-33-5-97-79, 8-7718699919
Эл.почта: gu.aitmurzaeva@ontustik.gov.kz
Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына арнаулы комиссияның қарауына https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.
Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес бекітілген (https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru көрсетілген), басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.
Өтінім берілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталығы, «Басқармалар үйі» ғимараты, 4-қабат, кабинет №438.
Электрондық пошта мекенжайы: dkb_uko@mail.ru;
Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-79;
Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2026 жылдың «1» маусымынан
«15» маусымына дейінгі жұмыс күндері сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін (жергілікті уақыт);
Осы хабарландырумен және құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru сайтта танысуға болады.
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының м.а Ә.Бектұрғановтың бекіткен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасында 2026 жылдың 14 мамырдан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз.
Ішкі талдау жұмыстары 14 мамыр мен 26 маусым аралығында жүргізіледі.
💬 Егер Сізде қандай да бір сала қызметіне қатысты нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекенжайларға жолдауыңызды сұраймыз.
🔊 Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажет.
☎️ Байланыс телефондары: 8 72533 59779, 8 771 869 9919
📧 Эл.почта: Gu.aitmurzaeva@ontustik.gov.kz
Түркістан облысына сапар: базардағы баға ашық болады
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі базарлардағы бағаның ашық қалыптасуын қамтамасыз ету және өнімсіз делдалдарды қысқарту жұмыстарын күшейтуде. Осы бағытта Сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барып, өңірлік базар иелерімен кеңес өткізді.
Кездесу барысында сауда тізбегін реттеу, делдалдарды азайту және сауда үдерістерін толық цифрландыру мәселелері талқыланды. Енді базарларда барлық келісімшарттар мен төлемдер міндетті түрде ақпараттық жүйелерде тіркелуі тиіс.
Жұмыс сапары аясында Түркістан қаласындағы «Қуаныш», «Алтын бұлақ», «Яссы» және «Эко базар» сауда орындарына барылып, олардың қызметі мен баға қалыптастыру тетіктері зерделенді. Сонымен қатар өңірдегі өндірістік парктерге арнайы визит жасалып, тауар жеткізу тізбегін дамыту және отандық өндірісті қолдау мүмкіндіктері қарастырылды.
Жалпы республика бойынша бақылау шаралары күшейтіліп, заң талаптарын сақтамаған субъектілерге қатысты қатаң шаралар қолданылуда. Жыл басынан бері 76 өнімсіз делдал сауда тізбегінен шығарылған.
Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – көлеңкелі экономиканы азайту, адал бәсекелестікті дамыту және халық үшін әділ бағаны қамтамасыз ету.