Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша

Соңғы аптада баға индексі 99,9% (ҚР-да 5 орын), жыл басынан бері 103,7%, (ҚР-да 3 орын) құрады.

Шағын өсім 1 позиция бойынша орын алды (күріш – 459 теңгеден 461 теңгеге дейін немесе 0,4%).

3 тауар бойынша баға төмендеді (жұмыртқа - 433 теңгеден                             427 теңгеге дейін, құмшекер - 458 теңгеден 455 теңгеге дейін).

Облыста инфляция деңгейін тұрақтандыру мақсатында тұрақты түрде тиісті шаралар қабылдануда.

2023 жылғы мамырда инфляция 15,3% құрады (ҚР бойынша  – 15,9%, инфляцияны тежеу бойынша республикада 2 орын), жыл басынан қарағанда 5,8%-ға төмендеді (2023 ж. басында 21,1% құрады)

ӘМАТ бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар.

Бірінші, тұрақтандыру қорында (форвард, айналым схемасы, склад) барлық әлеуметтік азық-түлік тауарлары бойынша 5 млрд. теңгеге 19 мың тонна қор жасақталған.

Екінші, келесі маусымаралық кезеңде 9 199 тонна көлемінде қажетті қор қалыптастырылды.

Үшінші, азық-түлік тауарлары бағаларын қолжетімді ету үшін 13 әлеуметтік дүкен қызмет етеді, қосымша заманауи форматтағы 37 дүкен іске қосылуда. Әлеуметтік дүкендерде ӘМАТ тауарлары нарықтан 15-25% төмен сатылады.  

Төртінші, бағаны негізсіз өсірмеу және сауда үстемесін асырмау үшін қала аумағындағы барлық негізгі супермаркеттермен меморандумдар түзілген. Супермаркеттермен міндеттемелердің орындалуы тұрақты мониторингтік бақылауда.

Бағаны негізсіз өсірмеу, сауда үстемесін асырмау, өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі баға тізбегін қарау үшін аптасына 2 рет Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия отырысы өткізіледі.

Жыл басынан комиссияның 60 отырысы өткізілді. Әлеуметтік азық-түлік тауарларын өндіретін 15 нарық субъектісіне қатысты бағаны көтеру және бәсекелестікке қарсы келісімдер анықталып, шаралар қабылданды. Нәтижесінде, кемшіліктер жойылып, бағалар қалыпқа келтірілді.

Бағаларды қадағалау және тұрақтандыру жұмыстары басты назарда.

Дата публикации
30 июня 2023
Дата обновления
30 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Пайдалы ақпарат
30 июня 2023
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша
Пайдалы ақпарат
29 июня 2023
Жер қойнауын пайдалану бөлімінің 2023 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

Социальные медиа

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы