Меню

Страницы

Статья

Жер қойнауын пайдалану бөлімінің 2023 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

Түркістан облысының аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге және барлауға арналған 174 келісімшартпен лицензиялар бар (87 келісімшарт, 87 лицензия).

Оның ішінде 171 өндіруге, 1 барлауға, 2 қалдықтарды сақтауға арналған.

      Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан (ары қарай-Басқарма) 2019-2022 жылдар аралығы бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қаржылық міндеттеме бойынша облыстық бюджетке жалпы соммасы 7,6 млрд теңге (7 635 079 722) қаржы түсті (206114 шотына):

2019 жылы -  1 345 684, 551 млн тг.

2020 жылы – 1 260 871, 586 млн тг.

2021 жылы -  1 858 693, 966 млн тг.

2022 жылдың қорытындысы бойынша 2 931 728 983 млн теңге түсті.

(2022 жылғы түсім соммасының көп болу себебі - «ДП Орталық» ЖШС уран өндіруші компаниядан бір реттік ірі көлемде түсуі себебінен)

 

2023 жылдың 5 айының қорытындысымен 238,1 теңге түскен.

Оның ішінде:

Кең таралған пайдалы қазбаларды өндірушілерден (ОПИ) 27,9 млн.тг.;

Көмірсутекті пайдалы қазбаларды өндірушілерден (Уран) 183,5 млн.тг.;

Қатты пайдалы қазбаларды өндірушілерден (ТПИ) 26,7 млн.тг.

 

Сонымен қатар, 2022 жылдың қорытындысымен жер қойнауын пайдаланушылар өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына төлейтін міндеттеме бойынша 30 млн тг қаржы төленбеген болатын.

Басқарма тарапынан сотқа талап арыз беру арқылы 2023 жылдың басында аталған міндетемелер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан 22 млн тг өндірілді (206114 шотына).

Қалған 1 жер қойнауын пайдаланушыдан («Палинур» ЖШС) 8 млн тг өндірту үшін сотқа талап арыз жолданып, сот шешімімен сот орындаушыға атқару парағы өткізілді.

 

Сонымен қатар, Келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерді уақытылы орындау үшін 174  жер қойнауын пайдаланушыларға ескертпе хаттар жолданды (Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодекске сәйкес, аталған міндетемелерді уақытылы орындамаған жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттары мен лицензияларының қолдану мерзімі мерзімінен бұрын тоқтатылатын болады).

Маркшейдер маманымен зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша:

Маркшейдер маманы қызметін жалдау бойынша облыстық бюджеттен 13 млн тг бөлініп, бөлінген қаржы бойынша 40 жер қойнауын пайдаланушының өндіру аумақтарына ағымдағы жылдың шілде айынан бастап, зерделеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен кемшілік анықталған жер қойнауын пайдаланушыларға кемшілікті жою бойынша ескертпе хаттар жолданады.

Сотқа берілген істер бойынша:

        Басқарма тарапынан, Келісімшарттарының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған 6 жер қойнауын пайдаланушылардың пайдаланған жер учаскелерін қалыпқа келтіртуді міндеттеу бойынша мамандандырылған соттың шешімі шықты.

        3 жер қойнауының ісі бойынша мамандандырылған сотта қаралуда.

Сонымен қатар, Құзырлы мекеме өкілдерінен құралған комиссия тобымен 7 жер қойнауын пайдаланушының жер учаскесіне рекултивация жасалып, АКТ мен қабылданды.

Тоқтатылған келісімшарт пен лицензиялар бойынша:

2023 жылдың 5 айында 7 жер қойнауын пайдаланушының жұмысы заң аясында тоқтатылды:

Атап айтқанда:

        2 жер қойнауын пайдаланушылардың (Отырар қыш ЖШС, NurS ЖШС) Келісімшарттық міндеттемелерін толық орындамағаны үшін  (Өңірдің әлеуметтік дамуына төлем төлемеуіне орай) келісімшарттарының қолданысы мерзімінен бұрын Басқарманың бұйрығымен тоқтатылды

        3 жер қойнауын пайдаланушылардың (Теміртас ЖШС, ЖК Алиев, ЖК Избасаров). өндіру аумақтары су қорғау белдеуінде орналасуына орай, келісімшарттарының қолданысы мерзімінен бұрын Басқарманың бұйрығымен тоқтатылды.

         2 жер қойнауын пайдаланушы  «Ордабасы» ЖШС өз еркімен келісімшарттан және «Tauken Holding» ЖШС  лицензиясынан бас тартуына орай, келісімшарт пен лицензияның қолданысы мерзімінен бұрын Басқарманың бұйрығымен тоқтатылды.

Дата публикации
29 июня 2023
Дата обновления
29 июня 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Пайдалы ақпарат
30 июня 2023
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша
Пайдалы ақпарат
29 июня 2023
Жер қойнауын пайдалану бөлімінің 2023 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат

Социальные медиа

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы