|
1 |
«Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ |
Кәсіпкерлік бастаманы қолдау, жұмыс істеп тұрған кәсіпті қолдау және кеңейту үшін қандай мемлекеттік жеңілдетілген қаржылай қолдау бағдарламалары бар? |
Кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Бірыңғай кешенді бағдарламасы» шеңберінде келесідей қолдау түрлері көзделген: - кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кепілдік беру; - мемлекеттік гранттар беру.
|
Кәсіпкерлік бастаманы қолдау, жұмыс істеп тұрған кәсіпті қолдау және кеңейтуді қаржылай қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» Министрліктердің бірлескен бұйрығы (кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Біріңғай кешенді бағдарламасы») шеңберінде келесідей қолдау түрлері көзделген: 1. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік үшін инвестициялық мақсаттарға Сонымен қатар, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі мөлшерде мемлекеттік кепілдендіруді пайдалана алады, кредиттің қалған сомасын кәсіпкердің өзі қамтамасыз етеді. 2. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлер төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Кәсіпкерлерге берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит сомасы 3. Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру. Кепілдік беру – кепілдік шартынан туындайтын, кәсіпкердің кепілдік сомасы шегінде кредит шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қаржы агенттігінің («Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры) банк/лизингтік компания алдында жауап беру міндеттемесі болып табылады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін: - кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы банктің кредиттері бойынша 360 млн теңгеден аспауы қажет; - кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, кредиттің қалған бөлігін кәсіпкер өз кепілімен қамтамасыз етуі қажет; - берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін: - кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит сомасы банктің кредиттері бойынша 1,5 млрд. теңгеден аспауы қажет; - кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан аспайды, кредиттің қалған бөлігін кәсіпкер өз кепілімен қамтамасыз етуі қажет; - берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды. 4. Мемлекеттік гранттар беру. Мемлекеттік гранттар алуға конкурстық іріктеудің қатысушысы болып әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері, «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары: 1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20%-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен); 2) жаңа жұмыс орындарын құру; 3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.; Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдаланады: 1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу; 2) материалдық емес активтерді сатып алу; 3) технологияны сатып алу; 4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу; 5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 млн. теңгеге дейін құрайды. Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс. Аталған мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану тәртібін толық түсіндіру, қажетті құжаттарды рәсімдеу, бизнес жоспар әзірлеу, бизнес жоспарды қаржыландыру деңгейіне дейін сүйемелдеу мақсатында «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» мекемесі (әрі қарай - Мекеме) кәсіпкерлерге ақысыз негізде қызмет көрсетеді. Мекеменің барлық аудан және қала аумағында филиалдары бар. |
«Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» Министрліктердің бірлескен бұйрығы.
«Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 754 қаулысы. |
|
2 |
«Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ |
Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін қалай алуға болады. |
Облыстық дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды |
Облыстық дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізу үшін Басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 140 бұйрығына (әрі қарай - Қағида) сәйкес тоқсан сайын арнаулы комиссияның отырыстары ұйымдастырылады. Қағидада, кәсіпкерлердің қоғамның әлеуметтік осал топ азаматтарына атқаратын қызметтерін 4 санатқа қарастырып өткен. Атап айтсақ: - қызметкерлерінің 50% әлеуметтік осал топ азаматтарынан болған кәсіпкерлік нысан; - әлеуметтік осал топ азаматтары өндіретін тауарларды, орындайтын жұмыстарды, көрсететін қызметтерді өткізуге ықпал ететін кәсіпкерлік нысан; - әлеуметтік осал топ азаматтарына тең мүмкіндіктер жасау мақсатында арналған тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік нысан; - ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер және қоғамда басқа да мәдени-ағартушылық, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау сынды қызметтерді жүзеге асыратын кәсіпкерлік нысандар. |
«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы |
|
3 |
«Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ |
Түркістан қаласындағы «Қуаныш» базарының аумағынан балалар киімі саудасымен айналысу үшін сауда орнын беруді сұрайды |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне: халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады |
«Қуаныш» базарының басшысына хат жолданып, нәтижесінде балалар киімін сатуға арналған орын жоқтығын хабарлауда. Сонымен қатар, қала аумағында Байсал-Керім сауда базары мен Эко базар аумағынан саудагерлерге орындар ұсынылып, жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңының 8-бабының талаптарына сәйкес, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының құзыретіне: халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативіне қол жеткізу жөнінде шаралар әзірлейді және іске асырады. |
Қазақстан Республикасының Сауда қызметін реттеу туралы заңы |
|
4 |
«Облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ |
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тұрақтандыру және оған жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды сұрайды |
Аудандық әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Азық-түлік тауарлары бағаларын қолжетімді ету үшін облыста 36 әлеуметтік дүкен қызмет етеді, қосымша 14 дүкен іске қосылуда. Әлеуметтік дүкендерде ӘМАТ тауарлары нарықтан 15-25% төмен сатылады. |
Аудандық әкімдіктер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізеді. Облыс көлемінде бағаны негізсіз өсірмеу, сауда үстемесін асырмау, өндірушіден сауда нүктесіне дейінгі баға тізбегін қарау бойынша, Делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Комиссия құрамына: Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті, Экономикалық тергеу департаменті кіреді. Азық-түлік тауарлары бағаларын қолжетімді ету үшін облыста 36 әлеуметтік дүкен қызмет етеді, қосымша 14 дүкен іске қосылуда. Әлеуметтік дүкендерде ӘМАТ тауарлары нарықтан 15-25% төмен сатылады. Облыста тауарлардың бағалары қатаң бақылауда. |
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі
|