Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

 

Түркістан қаласы                                                                        24.04.2024 ж.

 

Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2023 жылдың –  2024 жылғы мамыр аралығында атқарған жұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі – Ішкі талдау) жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге негіздеме:

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 18.11.2015ж. Заңының 8-бабының 5-тармағы;

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 19.10.2016ж «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығы;

ҚР Үкіметінің 31.05.2021ж. №358 қаулысымен бекітілген жобалық басқаруды жүзеге асыру қағидаларының 56-тармағына сәйкес, әрбір мемлекеттік органда мемлекеттік басқару жүйесін тұрақты жетілдіруге бағытталған үлгілік базалық бағыттың төртінші блогы - «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы іс-қимыл» (бұдан әрі – №4 ҮББ) іске асыру мақсатында Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге 13.03.2024ж. бекітілген кестесі.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты:

  1. Нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау (құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар айқындалады);
  2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

  1. Талдамалық анықтама: Түркістан облыстых мәслихатының 13.12.2022ж. «Түркістан облысының басқару схемасы туралы» №19/2ұ35-VII шешімі, Түркістан облысы әкімдігінің 15.12.2022 ж. «Түркістан облысының кейбір мемлекеттік мекемелерінің мәселелері туралы» №254 қаулысы негізінде, «Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» (бұдан әрі – Кәсіпкерлік басқармасы) және «Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы» бұдан әрі – Инвестиция басқармасы мемлекеттік мекемелерін біріктіру жолымен 09.03.2023 ж. Түркістан облысының Әділет департаментінде «Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып тіркелді (БСН 230340012665).

«Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мекемесінің Ережесі облыс әкімінің №29 қаулысымен 09.03.2023 ж. Әділет департаментінде тіркелді. Басқарма Ережесі ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 01.09.2021 ж. №590 қаулысына сәйкес типтік формасына сәйкестендіріп әзірленген.

19.04.2023 ж. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес Басқарма Ережесіне толықтырулар жұмыстары жүргізілуде (Кәсіпкерлік Кодексі және ҚР «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заңы)

Басқарма ережесіне сәйкес, облыстың әлеуметтік – экономикалық даму басымдықтарын қалыптастыруға және қол жеткізуге ықпал ететін, мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласында қызмет етеді.

Басқарманың қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінде және ережесінде сыбайлас жемқорлық және құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық (өзінің қалауы бойынша шешім қабылдайтын) өкілеттік пен нормалар анықталмады.

Басқарма бойынша 2023 жылдың қорытындысымен (жеке құрам бойынша – 259 бұйрық, негізгі құрам бойынша -105 бұйрық) 2024 жылдың қаңтар - мамыр аралығындағы жалпы бұйрықтары (жеке құрам бойынша – 107 бұйрық, негізгі құрам бойынша -18 бұйрық) заңнама талаптарына сәйкес әзірленген.

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан  айларында Басқармаға Жоғары тұрған органдардан (ҚР Президент әкімшілігі, ҚР Премьер-Министрі кеңсесі, Министрлктер мен комитеттер) - 504 Д-дирорд хаттар келіп түскен. Одан бөлек, Басқармаға келіп түскен кіріс хаттар саны-4 303, шығыс хаттар саны-              2 763 құраған. Сондай-ақ, «E-Otinish» АҚ жүйесі арқылы 311 жеке және заңды тұлғалардың өтініші қаралған.

2024 жылдың 1 тоқсанында Жоғары тұрған органдардан келіп түскен хаттар саны-482, кіріс хаттар саны-1 488, шығыс хаттар саны-791, «E-Otinish» АҚ жүйесі арқылы түскен өтініштер саны - 61 құрады. Өтініштер ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес жауап берілген. Аталған өтініштерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қозғалмаған. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мерзімі бұзылып орындалған өтініштер жоқ.

  1. Басқармада ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша атқарылған жұмыстар:

1) Басқарма «Түркістан облысының басқару схемасы туралы» Түркістан облыстых мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/2ұ35-VII шешіміне, Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №254 «Түркістан облысының кейбір мемлекеттік мекемелерінің мәселелері туралы» және Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы №43 «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат құрылымы туралы» қаулылары сәйкес, 29 бірліктен 6 бөлімнен құрылатын штаттық құрылымы бекітіліп, 2023 жылдың сәуір айында екі  басқарма (Инвестиция басқармасында – 3 бөлім және Кәсіпкерлік басқармасында – 3 бөлім) біріктірілді құрылған (электрондық коммерцияны, қызмет көрсету және сауда саласын дамыту бөлімі –  4 бірлік, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізу бөлімі – 3 бірлік, кәсіпкерлікті дамыту бөлімі - 4 бірлік, өнеркәсіпті дамыту бөлімі – 5 бірлік, экспорт және инвестиция бөлімі – 4 бірлік, жер қойнауын пайдалану бөлімі – 3 бірлік, басқарманың бас маманы (есепші) - 1 бірлік, басқарманың бас маманы (кеңсе) - 1 бірлік).

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 29.08.2023 ж. «Мемлекеттiк әкімшілік қызметшілердің  басшы және атқарушы құрамының арақатынасын айқындау қағидаларын бекіту туралы» №176 бұйрығы негізінде Түркістан облысы әкімдігінің 06.12.2023 ж. «Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат құрылымы туралы» №268 қаулысымен басқарма құрылымы басшылық лауазымы қысқартылып, бөлімдер құрылымы өзгертілді.

Басқарма 5 (бес) бөлімнен құрылды (сауда бөлімі – 5 бірлік, кәсіпкерлікті дамыту бөлімі - 6 бірлік, өнеркәсіпті дамыту бөлімі – 5 бірлік, экспорт және инвестиция бөлімі – 4 бірлік, жер қойнауын пайдалану бөлімі – 3 бірлік, басқарманың бас маманы (есепші) - 1 бірлік, басқарманың бас маманы (кеңсе) - 1 бірлік және 3 бірлік басқарма басшысының орынбасары).

Басқармада нақты 28 бірлік мемлекеттік қызметшілер (1 бірлік бос орын) және еңбек шарты негізінде 12 бірлік қызметші (техникалық персонал) жұмыстарын атқаруда.

Басқарма бойынша мемлекеттік қызметші жұмыстан шығар алдын «шығу сұхбатын» (анкета) міндетті түрде толтырады. 2023 жылдың қорытындысымен Басқарма бойынша 2 мемлекеттік қызметшші басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан өз еркілерімен жұмыстан босатылды.

Сонымен қатар, 2024 жылы 3 бірлік мемлекеттік қызметші жалпы конкурс бойынша жұмысқа қабылданды (1 бірлік – бөлім басшысы, 2 бірлік – бас маман).

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімде жыл сайынғы кіріс пен мүлік туралы декларациялары мерзімінде тапсырды. Сонымен қатар, заңға сәйкес тиісті шектеулер қабылданған.

Басқармада мемлекеттік қызметшілердің және басқармаға бағынысты мекеменің қызметшілері қызметіне кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағандар, сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандар және мемлекеттік қызметтен жағымсыз себептермен босатылғандар жоқ (ҚР Бас Прокуратурасы ҚСжАЕК «Ақпараттық қызмет» жүйесімен қалыптастырылған анықтамаларына сәйкес мәлімет).

Персоналға қатысты шығарылған бұйрықтар (қабылдау, ауысу тәртібі, еңбек демалысы, еңбек демалысынан кері шақырту, ақысыз демалысы, іссапар) Заң талаптарына сәйкес әзірленген, құқық бұзушылық белгілері анықталмады.

2) Мүдделер қақтығысын реттеу.

Басқармада қызметшілер арасында өзінің жеке мүддесі үшін қызмет бабын пайдаланып біреуге ықпал жасау әрекеттері анықталмады. Басқарма қызметшілері арасында бір-біріне туыстығы жоқ. Басқармада ерлі-зайыптылар мен жақын туысқандар ортақ бірге жұмыс атқару жағдайлары анықталмады.

Атқарылған жұмыстар барысында бөлімдердің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар, мүдделер қақтығысы анықталмады.

Басқарма қызметшілерінің арасында кәсіпкерлік қызметпен айналысатындар жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету.

Басқарма жалпы 6 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Атап айтқанда,  Басқарманың кәсіпкерлікті дамыту бөлімі - 6 бірліктен құрайтын бөлім 2 мемлекеттік қызмет  көрсетеді.

а) Біріңғай кешенді бағдарлама («Біріңғай кешенді бағдарлама») (бұдан әрі – Бағдарлама) бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу;

б) Бағдарлама шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру.

Түркістан облысы әкімі аппаратының «Ашық әкімдік» азаматтардың қоғамдық қабылдауы фронт-кеңсесінде жауапты маман бекітіліп, келген азаматтарға көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы №2023 жылғы 27 қарашада № 33681  жалпы министерліктердің біріккен бұйрығына сәйкес, Басқарма Бағдарламаның өңірлік үйлестіруші ретінде жұмыс органы болып табылады.

Конкурстық комиссия отырысын онлайн және офлайн форматында өткізу мүмкіндігі берілген. Комиссия отырысы офлайн форматта өткізілген жағдайда барлық комиссия мүшелері және грантқа үміткерлер бір орынға топтасады. Бұл жәйт, конкурстық комиссия мүшелерінің бір бірімен ымдасу, сыбырласу және басқа да белгілер арқылы бірлесіп ортақ шешім қабылдауы тәуекелін туғызуы мүмкін. Сонымен қатар, конкурстық комиссия отырысы барысында немесе оның соңында комиссия мүшелерінің отырыс барысында дәлізге шыққан уақытында немесе отырыстан кейін сырт жерде тосып, жеке кездесуі үшін кәсіпкерлерге мүмкіндік туғызады. Бірақ, қазіргі уақытқа дейін конкурсты толығымен онлайн форматқа өткізбеудің бірден бір себебі, облыс аумағындағы интернет сапасының төмендігі болып табылады. Яғни, алыс орналасқан ауылдық елді мекендерден қатысушы кәсіпкерлік субъектілерінің өз жобасын теңдей дәрежеде қорғауына мүмкіндігі болмауы қауіпі.

Бұдан бөлек, Қаулыға сәйкес, конкурстық комиссия отырысының қорытындысынан кейін комиссия мүшелері 5 жұмыс күні ішінде әр жоба бойынша балл қою уақыты беріледі. Бұл, ереже және веб-порталдағы дауыс беру механизмінің күрделігіне байланысты.

Ұсыным:

Осыған байланысты, конкурстық комиссия мүшелерінің веб-порталда дауыс беру механизмін жеңілдетуді аталған конкурстық комиссия мүшелігіне орталық немесе өңірлік деңгейдегі құқық қорғау органдарының (прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу және басқа да құзырлы органдар) қызметкерлері мүше болуын ережеге сәйкес міндетті ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында, Басқарма тарапынан 01.07.2023 ж. №31-05-02/1119 шығыс хатымен ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс ретінде хат жолданды. Алайда, бүгінгі таңда аталған мәселе шешімі табылмады. 

ҚР Премьер–Министрінің орынбасары – ҚР Қаржы министрі Е.Қ.Жамаубаевтың төрағалығымен өткен әлеуметтік кәсіпкерлік және агроөнеркәсіптік кешен мәселелерін қарау жөніндегі кеңестің 04.11.2022 ж.                      № 20-04 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, 31.12.2021 ж. облыс әкімінің                  №1-77ө-н/қ өкімімен дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) әлеуметік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне қосу мәселесі құжаттар қолма-қол қабылданады және тоқсанда бір рет өткізіледі. Осы ретте жаңа ержеге сәйкес қайтарымсыз мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін міндетті түрде әлеуметтік кәсіпкер мәртебесі болу міндетті.

Осыған орай, әлеуметік кәсіпкерлік субъектілерін анықтау барысындағы құжаттар қолма қол тапсырылуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі деп тануға болады.

Ұсыным:

Әлеуметік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өткізу үшін өтініш құжаттарды қолма-қол емес, Басқарма мамандарымен тікелей қатынаста болдырмау үшін, электронды нұсқаға толығымен өткізу мақсатында ҚР Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныс ретінде хат жолдау қажет. (конкурстық комиссия мүшелерінің веб-порталда дауыс беру механизмін жеңілдетуді және әр жобаға қорытынды баллдары кәсіпкердің көзінше қойылып, өтпей қалған жағдайда себебін сол жерде түсіндіріп, дәлелдеуді ұсыну.)

Сонымен қатар, аталған конкурстық комиссия мүшелігіне орталық немесе өңірлік деңгейдегі құқық қорғау органдырының (прокуратура, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеу және басқа да құзырлы органдар) қызметкерлері мүше болуын ережеге сәйкес міндетті ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға өте қатты ықпал жасайды деп санаймыз. ҚР Ұлттық экономикалық министрлігіне ұсыныс ретінде хат жолдау.

Басқарманың жер қойнауын пайдалану бөлімі 3 бірліктен құрайды.

Бөлімнің құзырына ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексінің» 65 бабына сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған, кен іздеушілікке арналған лицензиялар шарттарын сақтауына мониторинг жасау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге және кен іздеушілікке мемлекеттік бақылау жасайды.

Сонымен бірге, ҚР «Инвестициялар және даму министрінің» 2018 жылғы  24 мамырдағы №375 бұйрығына сәйкес жылына бір рет облыс аумағында орналасқан жер қойнауын пайдаланушылардың пайдалы қазбаларды өндіру аумақтарына мониторинг жұмыстарын жүргізеді.

Басқарманың жер қойнауын пайдалану бөлімі – 4 түрлі мемлекеттік қызметтер (Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы – 4 түрлі мемлекеттік қызмет) көрсетеді:

а) Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу;

б) Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қортынды беру;

в) Пайдалы қазбалар жатқан аумақтарға құрылыс салуға рұқсат беру;

д) Кен іздеушілікке арналған лицензия беру.

Мемлекеттік қызметтер ашық портал арқылы автоматтандырылған электронды нысан түрінде Түркістан облысы әкімдігі ғимаратында орналасқан «Ашық әкімдік» фронт-офисында көрсетіледі.

4) Рұқсат беру функцияларын іске асыру.

Басқарманың жер қойнауын пайдалану бөлімі рұқсат беру функциясын жүргізеді. Ол кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру функциясы. 2023-2024 жылдың сәуір айына дейін кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған 15 лицензия берілді. Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге арналған лицензия беру барысында, лицензия алуға өтініш беруші қолма-қол өтініш тапсырады. Сонымен қатар, лицензия беру кезінде қолма қол беріледі. 

Ұсыным:

Осыған сәйкес, кең таралған пайдалы қазбаларға лицензия беруді электронды форматқа ауыстыру үшін, 2023 жылдың 21 шілдесінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (әрі қарай-Министрлік), облыс әкімдігі тарапынан Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан босату және сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін болдырмау туралы ұсыныс хат жолданды.

Облыс әкімдігіне, Министрлік тарапынан 29.08.2023 ж. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы қарастырып, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне тиісті өзгерістер енгізілетіні туралы хаты келді. Қазіргі таңда, аталған Кодекске өзгеріс енгізілу күтілуде.

Басқарманың қалған бөлімдері бойынша ақпарат:

Басқарманың сауда бөлімі 5 бірліктен құрайтын мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына мониторинг жүргізеді. Статистиканың мәліметіне сәйкес аналитикалық ақпарат дайындайды.

Азық-түлік тауарларының бүкіл баға белгілеу тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның отырыстарына материалдар ұсынады, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдайды. Тиімсіз делдалдарды анықтау және алып тастау, сондай-ақ азық-түлік тауарларының барлық баға белгілеу тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізу жөнінде шаралар қабылдайды. Облыс халқын қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге бағытталған сату көрмелеріне, ұйымдар жәрмеңкелеріне қатысады, Тұрақтандыру қорымен бірлесіп өндірушілерде ӘМАТ қорларының болуына мониторингті жүзеге асырады. Сауда базарларын жаңғырту жөніндегі Жол картасын белгіленген мерзімде іске асыру бойынша қажетті шараларды қабылдайды, аудан, қалалардағы сауда базарларының жұмысын ұйымдастыру алгоритміне сәйкес жұмыс жүргізеді және шаралар қабылдайды.

Басқарманың өнеркәсіпті дамыту бөлімінің штат саны 5 бірлік болып бекітілген. Өнеркәсіпті дамыту бөлімі тарапынан нормативтік құқықтық актілер шығарылмайды.

Бірыңғай индустрияландыру картасы «Түркістан облысы аумағында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының Кәсіпкерлікті қолдау картасы» бағдарламасына ҚР Үкіметінің 20.06.2022 ж. №409 қаулысына сәйкес «Бірыңғай индустрияландыру картасы» болып өзгертулер енгізіліп, бағдарлама толықтай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі уәкілетті орган болып табылады. Аталған бағдарламаның енгізу қағидалары 22.08.2023ж. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. С.Оспановтың  №592 бұйрығымен бекітілген. Яғни, инвестор Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізілетін жобаны облыс әкімдігіне ресми хат арқылы қағидаға сәйкес қосымшаларды толтырып жолдайды. Облыс әкімдігі тарапынан тиісті министрлікке құжаттар жолданады.

Түпкілікті шешім Министрлік тарапынан қабылданады. Бірыңғай индустрияландыру картасына енгізу бойынша басқарма тарапынан мониторинг жүргізіліп, министрлікке ақпарат тоқсан сайын жолданы. Бақылау-тексеру жұмыстары жүргізілмеуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоқ.

Индустриялық аймақтарға жобаларды енгізу ҚР 03.04.2019 ж. «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» № 242-VІ ҚРЗ Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүргізіледі.

Аталған Заңның 45-бабына сәйкес, индустриялық аймақтардаң басқарушы компаниясы индустриялық аймақтың әлеуетті қатысушыларын тартады және құжаттары осы Заңға сәйкес бекітілген индустрияық аймақтардың даму стратегиясы тұжырымдамасның қосымшаларына сай келген жағдайда хатпен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына ұсынады. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының өнеркәсіпті дамыту бөлімі жобаны индустриялық аймақта орналастыру мақсатында қарастыру үшін «Түркістан Облысының Бизнесі» Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің хатшысына ұсынады. Индустриялық аймақтарға жобаларды енгізу бойынша түбегейлі шешімді Түркістан Облысының Бизнесі» Өңірлік Үйлестіру Кеңесі қабылдайды.

Түркістан облысы маслихатымен 13.12.2023 ж. №7/86-VІІІ шешімімен бекітілген Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму  жоспарындағы өнеркәсіп саласының нысаналы көрсеткіштерінің орындалуына мониторинг жүргізіледі.Даму жоспарында облыс өнеркәсібінің және өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі және нақты көлем индексі бойынша индикатор бектілген. Сонымен қатар, аудан, қалалар кесіндісінде аталған көрсеткіштер  декомпозицияланған.

Ай сайынғы негізде, статистикалық деректерге сүйене отырып, көрстекіштердің орындалу немесе орындалмау себептеріне талдау жүргізіліп, әрбір аудан, қала әкімдіктерімен және тиісті кәсіпорындармен жұмыстар жүргізіледі. Жинақталған мәлімет ай сайын облыс әкімі аппаратына және облыстық экономика және бюджетік жоспарлау басқармасына ұсынылады.

Мониторинг жұмыстары нақты статистикалық дереккөздерге сүйене отырып жүргізілуіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоқ.  

Басқарманың экспорт және инвестиция бөлімі 4 мемлекеттік қызметшіден құрайды. Бөлімнің негізгі функцияларына инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, экпортты мониторлигілеу, жергілікті қамыту үлесі, негізгі капиталға салынған инвестиция, тікелей шетелдік инвестиция, сыртқы байланыстар, қалыптастырылған пул жобаларды өзектендіру кіреді. Өз кезегінде бөлім мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің болмау, халық қабылдамауынан бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелі жоқ.

5) Басқармада және бақылау-тексеру функцияларын іске асыру.

Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бақылау-тексеру функциялары іске асырылмайды, құзіреттілігіне жатпайды.

6) Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.

Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бойынша 2023 жылға бөлінген қаржы толығымен игеріліп, жоспар 100% орындалды.

Басқарманың мемлекеттік қызметшілері және техникалық қызметкерлер жалақысы және салық төлемдері дер кезінде төлемдер жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алу портал арқылы басқармаға керекті кеңсе тауарлары және мемлекеттік гранттар kezekte.kz веб-порталы (2023 жылдан бастап қолданысқа енді) – қызметі арқылы жүзеге асырылды, қызметкерлердің біліктілігін артыру ақылы оқу курсы, 1С бағдарламасын сүйемелдеу жаңарту қызметтері қолданады. Түркістан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының 2023 жылы 3,8 млрд тг қаралып, 100% қаржы толығымен, уақытылы игерілді (мемлекеттік бағдарламаларды орындау, кеңсе заттары, іс сапар шығындары,мемлекеттік қызметшілер жалақысы, техникалық персоналдар жалақысы т.б).

7) Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.

2021-2025 жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде облыс аумағында жергілікті және Республикалық бюджеттен кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несиелер және мемлекеттік гранттар ұсынылуы негізде, заңды тұлғалармен кредиттік келісім шарттар жасалады.

Сонымен қатар, ұлттық жоба негізінде ұсынылатын мемлекеттік гранттар бойынша жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша келісім шарттар жасалады. Заң аясында жасалған келісім шарттарда құқық бұзушылық белгілері  анықталмады.

8) Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.

2021-2025 жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар Qoldau.kz веб  (kezekte.kz веб-порталы 2023 жылдан бастап қолданысқа енді) – порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

 

 

9) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы»                               №285 Жарлығына сәйкес, COVID–19 коронавирусы таралуының алдын алу мақсатында іс-шаралар тоқтатылуына байланысты басқарма тарапынан                      2020 жылдан бастап іс-шара өткізілмейді.

Басқарма бойынша қолданыстағы заңнама талаптарын сақтамау фактілері анықталмады.Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары бойынша жиналыстар тұрақты түрде өткізіледі.Басқармада мемлекеттік қызмет заңнамасының және әдеп нормаларының талаптары қатаң сақталған.

 

 

Ішкі талдау жүргізген жұмысшы топ мүшелері:

 

Басқарма басшысының орынбасары                                           К.Шонбасов

 

Басқарма басшысының орынбасары                                           С. Көшкінбай

 

Басқарма басшысының орынбасары                                            Н. Абдразакова

 

Өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы                                     Х.Раимбеков

 

Жер қойнауын пайдалану бөлімінің басшысы                            Ү. Сазанбай

 

Сауда бөлімінің басшысы                                                              А. Шенгелбаев

 

Экспорт және инвестиция бөлімінің басшысы                           С. Шамуратов

 

Кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы                                   Н. Абдулла

 

Басқарманың бас маманы (есепші)                                                  Д. Алиева

 

Басқарманың бас маманы (кеңсе)                                                Г. Абдикеримова

Хатшы                                                                                             Ө. Назарқасым

Дата публикации
19 июня 2024